Қазақстан республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылғАН



Pdf көрінісі
бет26/69
Дата31.12.2021
өлшемі4,89 Mb.
#22064
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   69
5.3.2. ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР 

Интернет-сауалнама  аясында  КТМАС  судьялары-

нан  олардың  КТМАС-тарында  қаралатын  істердің 

тыңдауларына 

әлеуметтік 

қызметкерлердің 

қаншалықты жиі қатысатыны туралы сұрақ қойылды. 

Олардың жауаптары  Кесте 14 –те көрсетілген.  

Психологтармен болған жағдайлар сияқты әлеуметтік 

қызметкерлердің  сот  тыңдауларына  қатысуы  бір 

КТМАС-тан  екіншісіне  қарай  өзгеріп  отырады. 

Қатысу  деңгейі  әсіресе  әкімшілік  істерде  аз  бо-

лып  табылады

167


.  Дәл  осындай  нәтижелер  соттағы 

бақылаулардың  негізінде  алынған  еді:  әкімшілік 

құқық бұзушылықтар туралы тыңдауларға жүргізілген 

бақылаулардың  барлығында  бірде  бір  әлеуметтік 

қызметкер  қатыспады.  Алайда  әкімшілік  құқық 

бұзушылық  істерінде  кәмелетке  толмағандардың 

істері  жөніндегі  инспекторлар  ерекше  рөл  ойнайды. 

Әлеуметтік  қызметкердің  осындай  рөлдерінің  бірі 

–  олар  соттың  назарына  балаға  қатысты  жалпы  си-

паттама береді және баланың әлеуметтік ортасы мен 

оның өмір сүру шарттарын жеткізеді

168


Әлеуметтік  қызметкерлердің  әкімшілік  құқық 

бұзушылық 

туралы 


істердің 

тыңдауларына 

қатысу  деңгейі  көңіл  толтырмайды.  4.2  бөлімде 

көрсетілгендей мұндағы көп жағдайлар өз баласының 

мінез-құлқымен  жұмыс  жасай  алмаған  ата-аналарға 

қатысты  немесе  өз  балаларына  қамқорлық  көрсете 

алмаған  ата-аналарға  да  қатысты  болып  табыла-

ды.  Бұл  жағдайларда  әлеуметтік  қызметкердің  есебі 

және оның пікірлері/комментарийлері судьялар үшін 

өте пайдалы болушы еді. Өйткені бұл аталмыш істерге 

164

 Қараңыз,  мысалы,  психолог  1,  Өскемен  қ.  КТМАС,  17  қыркүйек 



2014 ж.; прокурор 2, Қызылорда қ. КТМАС [мерзімі көрсетілмеген]; 

қорғаушы 3, Қызылорда қ. КТМАС [мерзімі көрсетілмеген].

165

 Өкіл 1, білім беру органдары, Қызылорда қ., 11 қыркүйек 2014 ж.; 



өкіл 2, білім беру органдары, Қызылорда қ., 9 қыркүйек 2014 ж. 

166


 Білім беру органдарының өкілі, Ақтау қ., 23 қыркүйек 2014 ж.

167


 Жауап берушілердің 71%-ы әлеуметтік қызметкерлердің сирек 

немесе мүлдем қатыспайтынын айтады.

168

 Ата-ана  2,  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  іс,  Алматы  қ. 



КТМАС, 14 тамыз 2014 ж.


40

Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы

қатысқан  ата-аналардың  берген  жауаптарында  ай-

тылды.  

Төмендегі  мысалда  ата-ана  қорғаушының  оның 

жағдайына қалай көмек беруіне болатынын әңгімелеп 

берді.  Алайда  бұл  қызмет  негізінен  әлеуметтік 

қызметкердің қызметіне кіреді. 

«Қалай ойлайсыз, егер сіздің қорғаушыңыз болғанда 

нәтиже басқаша болар ма еді? 

Әрине,  қорғаушы  менің  әлеуметтік  және  қаржылық 

жағдайым  туралы  сотқа  толығырақ  мәлімет  бе-

рер еді. Ол күмәнсіз менің толық емес отбасым бар 

екенін  және  баламды  туылғаннан  бастап  күйеусіз, 

жалғыз  асырап  отырғанымды,  сонымен  қатар  түрлі 

қиыншылықтарымның бар екенін айтар еді. Мен қазір 

қомақты айыппұл төлеуге мәжбүрмін» 

169

.

Қазақстанның  заңнамасына  сәйкес  КТМАС-та 



қаралатын  істерге  кәсіби  әлеуметтік  қызметкердің 

қатысуы  талап  етілмеген.  Ол  олардың  КТМАС 

тыңдауларына қатысу деңгейінің төмендігін көрсетеді. 

Қазақстанның  заңнамасы  10  жастағы  немесе  одан 

үлкен баланың пікірі оның мүдделеріне қатысты кез 

келген отбасылық істерде немесе кез келген сот неме-

се әкімшілік қарауларда, егер бұл оның мүдделеріне 

қарсы  болса  немесе  мұндай  пікір  қамқоршылық 

пен  қорғаншылық  қызметін  атқаратын  орган  та-

рапынан  жүзеге  асырылатын  жағдайлардан  басқа 

болса, назарға алынуын талап етеді

170


. Алайда заңда 

қамқоршылық пен қорғаншылық органдары өкілінің 

кәсіби  әлеуметтік  қызметкер  болуы  тиіс  екені  және 

кәмелетке  толмағандардың  істерімен  жұмыс  жасау 

үшін оларды арнайы оқыту туралы айтылмаған. 

Таңдалып  алынған  КТМАС-тарда  азаматтық  істерге 

жүргізілген 

бақылауларға 

сәйкес, 

азаматтық 

істерді  тыңдауда  қамқоршылық  пен  қорғаншылық 

органдарының немесе бала құқығын қорғау жөніндегі 

ұйым  өкілінің  азаматтық  істер  тыңдауларына 

қатысуына  қарамастан

171

,  олардың,  шынымен  де, 



кәсіби  әлеуметтік  қызметкерлер  екені  белгісіз. 

Бұдан  басқа,  олар  психологтардың  атқаратын 

қызметтеріне  ұқсас  жұмыс  жасайды,  оның  үстіне 

олардың  КТМАС  тыңдауларындағы  рөлі  нақты 

емес.  Олардың  жұмыстарына  қатысты  пікірлер 

кәмелетке  толмағандардың  істерімен  жұмыс  жа-

сауда  тәжірибелерінің  ылғи  бола  бермейтінін,  сол 

сияқты  тыңдауларға  әрқашан  жақсы  дайындала 

бермейтіндерін көрсетті

172


169


 Жекелеген  сұхбат,  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  іске 

қатысушы ата-ана [КТМАСтың мекен-жайы туралы ақпарат алы-

нып тасталды], тамыз 2014 ж.

170


 Заң бұл пікірдің ата-ананың немесе заңды өкілдің қатысуымен 

баланың тұрғылықты жерінде қабылдануы тиіс екенін ескерген 

жөн.

171


 Таңдалып  алынған  КТМАС-тағы  азаматтық  іс  тыңдауларын 

бақылау  нәтижелеріне  сәйкес.  Ата-ана  құқығынан  айыруға 

қатысты  азаматтық  сияқты  істердің  кейбір  категорияларына 

қамқоршылық  және  қорғаншылық  органдары  өкілінің  қатысуы 

міндетті  болып  табылатынын  ескерген  жөн.  (Неке  (ерлі-

зайыптылық) және отбасы кодексі, 79(4) бабы.

172

 Азаматтық істер бойынша қорғаушы 1, Алматы қ. КТМАС, 1 қазан 



2014 ж.; ата-ана 3, азаматтық іс, Алматы қ. КТМАС, 18 тамыз 2014 

ж.

Бұл  олардың  жетіспеушілігінен  туындаған  мәселе 



екені  белгілі

173


.  Қатысушылардың  кейбіреулері 

қамқоршылық  пен  қорғаншылық  органдарынан 

ешқандай  пайда  көрмегендерін  және  оларға  сенім 

артпағандары туралы пікірлерін білдірді

174



КТМАС судьялары арасында жүргізілген интернет-са-



уалнамада әлеуметтік қызметкерлер психологтармен 

салыстырғанда пайдасы аздау мамандық иелері бо-

лып  келеді.  Бұл  оларға  арнайы  дайындықтың  қажет 

екенін  білдірсе  керек  және  олардың  өз  рөлдерін 

жақсы атқару үшін тәжірибелерінің жеткіліксіздігімен 

байланысты.  Әйтсе де қолдаудың дәл осы формасы 

зерттеу  нәтижесіне  сәйес  сот  тарапынан  пайдалы 

екені дәлелденді. Төмендегі Кесте 15 –те толығырақ 

ақпарат берілген.  

173


 Азаматтық істер бойынша қорғаушы 1, Алматы қ. КТМАС, 1 қазан 

2014 ж.


174

 Ата-ана 6, азаматтық іс, Алматы қ. КТМАС, 27 тамыз 2014 ж.  




Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы

41



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет