Мен жастарға сенемін



Дата10.12.2023
өлшемі16,86 Kb.
#135570
Байланысты:
Мағжан Жұмабайұлы эссе


Мен жастарға сенемін
Мағжан Жұмабаев-белгілі қазақ ақыны, прозашы және қоғам қайраткері. Ол 1949 жылы 11 ақпанда Байтұрсын ауылында дүниеге келген. Жұмабаев өз шығармаларында махаббат, Отан, тарих және халық даналығы тақырыптарын көп қозғаған. Мағжан Жұмабаев Қазақстанның қоғамдық және саяси өміріне де белсене қатысты. Ол қазақ Жазушылар одағының мүшесі болды және үкіметте түрлі қызметтер атқарды. Мағжан туралы академик Әлкей Марғұлан: «Қазақ халқы үшін Мағжан Жұмабаевтың маңыздылығы ағылшындар үшін – Шекспирдің, орыстар үшін – Пушкиннің маңыздылығынан кем емес» деп баға берген. Мағжан Жұмабаев ел мүддесін ойлаған ірі тұлғалардың бірі. Болашақтың жарқын болатынына, болашақ жастардың қолында екеніне кәміл сенген. Оған дәлел мына бір өлең шумақтары :
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!
Кез келген адамның ойына осы бір сөз қонған кезде онымен қоса Мағжан Жұмабаевтың өлеңі де еске түседі. Ақын өлеңдерін жәйдан жәй жазған жоқ. Болашақ ұрпақтың көзі ашық көкірегі ояу боларына сенгендіктен жазды. Одан бөлек Міржақып Дулатұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ахмет Байтұрсвнов секілді ақын жазушыларымызда келешектен үлкен үміт күткен. Қазақ даласындағы қиындықтар мен әділетсіздіктің басты себептері ұлтымызда оқығандар саны шектеулі болып, қарапайым халық билікке бағына бастады. Елді ұлтты рухтандыру үшін ақындардың еңбегі зор болды. Сауатсыздықты жою үшін барынша мектептер ашып, қазақ балаларының сауатын ашты. Не де болса болашақтан үміт зор еді. Өз тәуелсіздігімізді алып, жеке мемлекет болып қалыптасарымызға сенді.
Қараңғы тұманды сейілтіп, тұман артынан күн шықты. Қазіргі заманда әр адам сауатын ашып білімге ұмтыла алады. Түрлі жоғарғы оқуларды оқып мемлекет басқару дәрежесіне дейін көтеріле алады. Жастардың білімі жыл өткен сайын дамып келеді. Бұл дамуға ерекше үлес қосып жатқан Қазақстан Республикасының білім-ғылым министрлігі. Жастарға сенім артуымыздың себебі неде? Себебі жалындаған жастық шақта адам іске икемді, ойы тың идеяларға толы болады.
Ата бабамыздың бізге жасаған ең үлкен жақсылығы сенімінде деп ойлаймын. Әрине әркім өздігінше түсінсе де , сауатсыздықтан арылған, саналы ұрпақ болып қалыптасатынымызға қалтқысыз сенгені ішкі рухымды оятпай қоймады. Қараңғы түнектен арылып еркіндікте қырандай самғаған қазақ жастарына артылған үміт зор екенін түсініп жүрміз бе?
Өлеңнің құдіретін түсіне білген әрбір адамның рухы оянып , өзіне артылған жауапкершілікті толығымен сезінуге тырысады. Бұл өлеңнің астарына үңілсек қаншама үміт, намыс, сенімнің бар екенін көреміз. Заман талабына сай өзге елдермен терезесі тең, ынтамақтастығы мығым, бірлігі мен ауызбіршілігі мол ұлт болып қалыптасу жастардың қолында. Мен жастарға сенемін, өйткені олар әлемді жақсы жаққа өзгерте алады. Олар қоғамның болашағы және біз оларға өз әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беруіміз керек. Жастарды қолдай отырып, біз өзіміздің және еліміздің болашағына инвестиция саламыз. Жастар-біздің қоғамның болашағы. Ол прогресс пен инновацияның қозғаушы күші. Дамушы күш. Жастардың энергиясы, шығармашылық ойлары жүйрік келеді. Жалындап тұрған жастық шақта, қоғамды ғана емес әлемге жаңалық енгізуге болады. Сонымен қатар аяқталмаған бірқатар идеяларды жүзеге асыруда жастарға артылған үмітте зор. »Ақыр түбінде қара бұлт ашылып, қазақ жастарының да әлеуметтік теңдікке жететініне, өз елін бақытқа бастар азамат боларына, бүкіл қазақ қауымының қапастан құтыларына сенімім бар» деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, қара бұлтты сейілту біздің қолымызда. Жалқаулықтан арылып ,бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, саяси идеяларды біріктіре отырып әрекет етуіміз керек. Әр қазақ жастарының бойында патриоттық сезімі отансүйгіштік болуы қажет.Әрқашан бойындағы жігер қайратпен өз елін,отанын қорғап, намыспен рухты теңдей ұстап алар асуларына нық сеніммен ұмтылуы тиіс. Қазіргі жастардың бойында жаңа дүниеге ұмтылыс бар. Жаңа техникалар мен жабдықтарға қызығып, кез келген саланы дамытып, білікті маман бола алады.
«Жастық шақ ол адамзаттың көктемі. Міне осы көктем нәрлі болмаса қалған үш мезгілден үмітіңді үз ». Жазушымыздың жеткізбек ойы да осыда деп білемін.Елдің ертеңі жастардың қолында.Әр қайсымыздың бойымызда бір елді бағындыратындай мықты қасиеттер тулап жатыр. Тек сол қасетті халықтың игілігіне дұрыс пайдалана білу қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет