Қазақстан республикасының атынан үкім



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата17.11.2022
өлшемі1,43 Mb.
#50920
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
7513-22-00-
1_249_0509202292435_mix.mp3_m)
Басты сот талқылауында жəбірленуші А.Абилпеисова сотқа дейінгі
тергеп-тексеру кезінде берген жауаптарын қолдап, Л.Əсетілла туралы
Ш.Бурабайдан естіп. БАƏ Дубай қаласындағы «Sevem Tiles International»
құрылыс компаниясының жобасына ақша қаражатын салып, екі есе ақша табуға
болады деген соң 1 150 000 теңге салғандын. Л.Əсетілланың өзі жоба бар деп
айтып, видео ролик көрсетіп сендіргендігін. Ақшаларды Оразбекова Рысай


арқылы беріп отырғандарын. Қəзіргі кезде талап арызын қолдайтындығын
айтты. (файл 2022-22-08 10.11.07) 
7513-22-00-
1_249_0509 202292435_
mix.mp3_m)
Басты сот талқылауында жəбірленуші Г.Темірханқызы сотқа дейінгі
тергеп-тексеру кезінде берген жауаптарын қолдап, Л.Əсетілламен танысы
А.Атыгаева арқылы кафеде танысып, БАƏ Дубай қаласындағы «Sevem Tiles
International» құрылыс компаниясының жобасына ақша қаражатын салып, екі
есе ақша табуға болады деген соң 2000 000 теңге салғандын. Қолмақол 1000
000 теңге бергендігін, кейін Р.Оразбекова арқылы 1000 000 теңге салғандығын.
Қəзіргі кезде талап арызын қолдайтындығын айтты. (файл 2022-22-08 
10.11.07)
7513-22-00-
1_249_0509202292435_mix.mp3_m)
Басты сот талқылауында жəбірленуші М.Нургожаева сотқа дейінгі тергеп-
тексеру кезінде берген жауаптарын қолдап, Л.Əсетілла туралы таныстары
арқылы естіп танысып, БАƏ Дубай қаласындағы «Sevem Tiles International»
құрылыс компаниясының жобасына ақша қаражатын салып, екі есе ақша табуға
болады деген соң 1 200 000 теңге кредит алып салғандын. Бірақ бұл ақшалар
қайтпай, кейін алданғандығын біліп арыз жазғандығын. Кредиттің 2 айын
128 000 теңге төленгендігін. Қəзіргі кезде талап арызын қолдайтындығын
айтты. 
(файл 
2022-22-08 
 
10.11.07) 
7513-22-00-
1_249_0509
202292435_mix.mp3_m)
Сот пікірінше жəбірленушілердің сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде
жəне сот отырысында берген жауаптары істің фактілік мəн-жайларына толық
сəйкес келеді жəне де сотталушының адамдар тобының алдын ала сөз
байласуымен, аса ірі мөлшерде, бірнеше рет, алаяқтық жасағандығын
айқындайтын дəлелдемелердің бірі деп санайды.
Сонымен қатар, сот,іс материалдарын жəне мəн-жайларын зерделеп,
дəлелдемелерге баға бере отырып, айыптау үкімінің сипаттамалы бөлігінде
көрсетілген мəн-жайларда сотталушының қылмысты жасауы, жан жақты, толық
жəне объективті түрде дəлелденген деп қорытынды жасайды.
Жəбірленушілердің сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде жəне сот
отырысында берген жауаптары бойынша,сотталушы Л.Əсетілла БАƏ, Дубай
қаласындағы 
болып 
жатқан 
«Sevem 
Tiles 
International» 
құрылыс
компаниясының жобасына ақша қаражатыңды салып, құрылыс жұмыстары
аяқталған соң, құрылыс жұмысына жұмсаған ақша қаражатыңды екі еселеп
қайтарып беремін деп айтып, олардың сенімдеріне кіріп, жəбірленушілердің
ақшаларын 
алаяқтық 
жолмен
жымқырған.
Сондай-ақ 
сотталушы
Л.Əсетілла бұл құрылыс жобасы туралы интернет желісі арқы жарнамалап,
адамдарды тартып қызықтырып, Алматы жəне Шымкент қалаларында кештер
өткізіп, ұялы телефон «Whаts App» интернет желісі арқылы жəбірленушілермен
қарым-қатынаста болып.Жəбірленушілер Ж.Ахаева, Г.Қожай, А.Магулбекова,
Ш.Байымбетова, Қ.Байымбетованы Дубай қаласына, басқа салымшылардың
жобаға салған қаражаттарына апарып, сол жерде жобаға қатысы жоқ құрылыс
нысандарын көрсетіп, олардың сенімдеріне кіріп, қылмыстық құқық
бұзушылық 
іс-əрекетін 
жалғастырып
отырған.
Сонымен қатар, сотталушы
Л.Əсетілланыңкінəсі сот тергеуінде зерттелген, жəбірленушілермен беттестіру 
хаттамалармен, айғақты заттарды алу хаттамалармен, оларды заттай
дəлелдемелер ретінде тану қаулыларымен, жəбірленушілердің сотталушымен
«Whаts App» интернет желісі арқылы сөйлескен SMS хабарламаларымен.
сондай-ақ жəбірленушілердің сотталушы Л.Əсетілланың айтуы бойынша
«Kaspi Gold» есеп шотына аударылған ақшалар туралы банктерден алынған
мəліметтермен. Жəбірленушілердің іске тіркеген ақшаны аудару туралы скрин
шот тұбіртектерімен. Сотталушы Л.Əсетілланың жəбірленушілірге өзі жазып
берген 
қолхаттарымен
дəлелденеді.
Осыған
орай, сотталушы Л.Əсетілла жəбірленушілердің сенімдеріне кіріп ақшаларын
алаяқтық жолмен жымқырғандығы кумəн тудырмайды.
Сонымен


қатар, сот, жəбірленушілердің жəне қорғаушының, Л.Əсетілла басқа да
қылмысқа 
қатыстылығы 
бойынша 
оның 
іс-əрекетін 
217-бабымен
дəрежеленіп,қылмыстық іс прокурорға қайтарылу қажет деген уəждарын
негізсіз деп санайды.
Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан əрі-
ҚПК) 340-бабының талаптары бойынша басты сот талқылауының шегi, осы
баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, басты сот талқылауы
тек сотталушыға қатысты жəне оның сотқа берілген айыптау шектерінде ғана
жүргiзiледi.
Сот талқылауы
барысында мемлекеттік айыптаушы айыпты өзгерту туралы өтініш
келтірмеді.
Жоғарғы соттың «Қылмыстық істер бойынша дəлелдемелерді бағалаудың
кейбір мəселелері туралы» Нормативтік қаулысында көрсетілгендей, сот
қылмыстық істі қараған кезде, əрбір дəлелдемені қатыстылығы, жарамдылығы,
нанымдылығы, ал барлық жиналған дəлелдемелер жиынтығын қылмыстық істі
шешу үшін жеткіліктілігі тұрғысынан бағалауға тиіс деген қағиданы
басшылыққа алады. 
Сот, дəлелдемелермен салыстырып, оларға
заңды баға бере отырып, сотталушының кінəсі толық дəлелденді деген
тұжырымға келеді.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 29
маусымдағы "Алаяқтық туралы істер бойынша сот практикасы туралы " № 6
қаулысы бойынша, соттардың назары алаяқтықтың міндетті белгісі кінəлі
адамның пайдакүнемдік мақсатының болуы, яғни бөтен мүлікті өзінің
меншігіне не оған құқықты өзінің пайдасына не басқа адамдардың пайдасына
құқыққа қарсы өтеусіз айналдыруға ұмтылуы болып табылатынына
аударылсын. Алаяқтық алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен
жасалады, олардың ықпалымен меншік иесі немесе мүліктің өзге иесі мүлікті
немесе 
оған 
құқықты 
басқа 
адамдарға 
өз 
еркімен
береді.
Алдау бөтен мүлікті жымқыру немесе бөтен
мүлікке құқықты иемдену мақсатында алаяқтық жасау тəсілі болып табылады.
Алдау меншік иесінде немесе өзге адамда мүліктің кінəлі адамға жəне (немесе)
басқа адамдарға берілуінің заңға сəйкестігі туралы қате түсінік туындататын
кінəлінің меншік иесіне немесе мүліктің өзге иесіне шындыққа жанаспайтын
көрінеу жалған мəліметтерді хабарлаудан не меншік иесіне не мүлік иесіне
хабарлануға 
тиіс 
шынайы 
фактілерді 
жасырудан 
құрылуы
мүмкін.
Алдау 
нəтижесінде
жаңылыстырылған меншік иесі немесе мүліктің өзге иесі өзінің мүддесі үшін
жасаған əрекетттерінің негізділігіне сенімді бола отырып, кінəлі адамға мүлкін
өз еркімен береді.
Алаяқтықтың тəсілі
ретінде сенімді теріс пайдалану кінəлі адамның өзінің жəне меншік иесінің
немесе иелігінде мүлкі бар өзге адамның арасында туындаған сенімді қарым-
қатынастарды пайдакүнемдік пиғылмен бөтен мүлікті немесе оған құқықты
заңсыз 
алу 
мақсатында 
пайдалануына
негізделеді.
Мүлік иесінің немесе өзге адамның алаяққа сенім артуы əртүрлі мəн-
жайларға негізделуі мүмкін: жеке таныстығы, туыстарының жəне өзге
адамдардың ұсынымы бойынша, кінəлінің қызметтік жағдайы жəне
т.б.
Алаяқтық кезінде алдау ауызша, сонымен қатар жазбаша
нысанда болуы мүмкін.
Сотта анықталғандай, сотталушы Л.Əсетілла жəбірленушілердің
сенімдеріне кіру үшін шындыққа жанаспайтын көрінеу жалған мəліметтерді
таратып, яғни БАƏ Дубай қаласындағы «Sevem Tiles International» құрылыс
компаниясының жобасына ақша қаражатын салып, екі есе ақша табуға болады
деп алдап, оларды жобаға қатысы жоқ Дубай қаласындағы құрылыс
нысандарына апарып, сенімдері кіріп, жəбірленушілердің ірі мөлшердегі
ақшаларын алаяқтық жолмен жымқырған.
Осыған орай, сотталушы Л.Əсетіллақылмыстық іс-əрекеті тергеушімен
ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен алаяқтық яғни, бірнеше рет, аса ірі


мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау жəне сенімді теріс пайдалану
жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену деп дұрыс дəрежеленген.
Сотталушыға жаза түрін анықтау кезінде сотпен, ҚК-нің 52-бабының
негізінде жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дəрежесін,
айыптының кім екендігі, соның ішінде оның қылмысқа дейінгі жəне одан
кеиінгі мінез-құлқы, жауаптылықты жəне жазаны жеңілдететін жəне
ауырлататын мəн-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған
адамның түзелуіне жəне жаңа қылмыстырдың алдын алу үшін қажетті жəне
жеткілікті жаза тағайындау туралы қағиданы басшылыққа ала отырып
ескеріледі. 
ҚК-тің 53-бабында көзделген қылмыстық жауапкершілік пен жазаны
жеңілдететін мəн-жайлар ретінде кінəсін толық мойындау, шын жүректен
өкінуін, бұрын сотты болмағандығын, жағымды мінездемесін.
ҚК-тің 54-бабында көзделген қылмыстық жауапкершілік пен жазаны
ауырлататын мəн-жайлар анықталған жоқ.
Аталған мəн-жайларды, жеке басының деректерін ескеріп, қылмыстық іс-
əрекеті дəрежеленген баптың санкциясында көзделген мөлшерде, бас
бостандығынан айыру жазасын белгілеген дұрыс деп табады.
Себебі, сотталушы осы күнге дейін жəбірленушілерге келтірген мүліктік
залалдың орнын толығымен толтырмаған.
Жазаны өтеу қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде
белгіленуді.
ҚК-нің 62-бабының 3-бөлігіне сəйкес Л.М.Əсетілланің күзетпен ұстау
уақыты үкiм заңды күшiне енгенге дейiн, орташа қауіпсіз мекемесінде жазаны
өтеудің бір жарым күн есебімен жаза мерзіміне есепке жатқызылуы
тиіс.
Сондай-ақ осы баптың санкциясындағы мүлкін тəркілеу қосымша жазасы,
қылмыстық қудалау органымен, сотталушыдан қылмыстық жолмен табылған,
не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүліктері
анықталмағандықтан қолданылмайды.
ҚПК-нің 166-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық процесте жеке
тұлғалардың тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрiлген мүлiктiк
өтеу туралы азаматтық талап қоюлары қаралады.
Сот 
отырысында, 
сотталушының 
қылмыстық 
іс-əрекетінен
жəбірленушілерге материалдық залал келтірілгендігі дəлелденіп, оның кінəсі
анықталғандықтан, жəбірленушілердің азаматтық талап-арыздары толығымен
қанағаттандыруға жатады.
Сондай-ақ сот, сотталушы
Л.М.Əсетілланің, жəбірленушілердің жобаға
салу үшін банктен несие түрінде алған ақшаларының ай сайынғы пайыздық
мөлшерін банкке төлеп отырдым. Сондықтан талап арыздың мөлшері төмендеу
қажет деген уəжін орынсыз деп санайды.
Себебі,
Л.М.Əсетілла алаяқтық жасау тəсілі ретінде, жəбірленушілердің ақшаларын
олардың сенімдеріне кіріп жымқыру мақсатында жəне жəбірленушілердің
алдында сенімін жоғалтпай, жəбірленушілердің өздерінен түскен ақшадан ай
сайынғы пайыздық мөлшерін банке төлеп отырып, өзінің қылмыстық ниетін
жасырып, қылмысын жалғастырып отырған.
Сондықтан
сот, жəбірленушілердің Л.М.Əсетілланің оларға қатысты жасаған алаяқтық
қылмысынан банктерге берешек болып, осы уақытқа дейін ай сайын пайыздық
мөлшерін төлеп отырмыз деген уəждерін орынды деп санайды. Өйткені бұл
ақшалар жəбірленушілердің пайдасына емес, банктің пайдасына түсіп, осы
күнге дейін банк алдындағы қарыздары жабылмаған.
Қазақстан Республикасының «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 610-бабына сай, сотталушыдан
мемлекет 
пайдасына 
баж 
салығы 
өндірілуге 
жатады.
ҚПК-тің 170-бабы 2-бөлігіне сай, азаматтық талап қою
толық немесе ішінара қанағаттандырылғанда, сот үкімде азаматтық талап қою
бөлігінде 
ерікті 
түрде 
орындау 
үшін 
мерзім 
белгілейді 
жəне
көрсетеді.
Азаматтық талапты ерікті түрде орындау үшін


Л.М.Əсетіллаға 2 ай белгіленсін
Сотталған 
Л.М.Əсетілладан 
Қазақстан 
Республикасының
Жəбірленушілерге өтемақы қорына 20 АЕК теңге мəжбүрлі төлем өндірілуі
қажет.
Заттай дəлелдердің тағдыры ҚПК-тің 118-бабының ережесіне сəйкес шешілуі 
тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет