Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК



бет40/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   150
Тақырып -11.
Міндеттемелер ұғымы және олардың пайда болу негіздері.

1. Міндеттеме түсінігі және түрлері.


2. Міндеттемеге қатысушылар. Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы.
3.Міндеттемені орындаудың түсінігі және принциптері.
4.Міндеттемені орындау нысанасы және тәсілі.
5.Міндеттемені орындау мерзімі және орны.
6.Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің түсінігі, белгілері және түрлері.
7.Кепілпұл. Кепілдік және кепіл болушылық.
8.Міндеттемені бұзғандығы үшін жауапкершілік түсінігі және нысандары.
9.Міндеттемені бұзғандығы үшін жауапкершілік шарттары.
10.Міндеттемені бұзғандығы үшін жауапкершіліктен босату негіздері.


1. Міндеттеме түсінігі және түрлері
Міндеттемелік құқық – бұл мүлікті берумен, жұмыс орындаумен, қызмет көрсетумен байланысты туындайтын міндеттемелік қатынастарды ретейтін азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы.
Міндетемелік құқық екі үлкен бөлімнен тұрады: 1)міндеттемелік құқықтың жалпы бөлімі. 2)міндеттемелік құқықтың ерекше бөлімі.
АК 268-бабында міндеттеме құқықтық қатынас мағынасында берілді: міндеттемеге сәйкес бір тұлға (борышқор) басқа тұлғаның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және тағы басқа сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті.
Міндеттеменің тараптары: борышқор мен несие беруші болады. Міндеттеменің мазмұнын оның тараптарының құқықтары мен міндеттері құрайды. Құқылы тарапқа тиесілі субъективті құқық талап ету құқығы деп аталады, ал міндетті жақта жатқан міндетті – борыш деп атау қабылданған.
Міндеттемелердің түрлері:
1. Міндеттемелерді олардың негіздері бойынша шарттық және шарттан тыс міндеттемелер деп топтастырылады.
2. Құқықтар мен міндеттердің арақатынасы бойынша: біржақты және екі жақты немесе өзара болып бөлінеді.
3. Орындау нысанасының анықтылығы тұрғысынан міндеттемелер: 1)белгілі бір мазмұндағы міндеттемелер; 2)балама міндеттемелер; 3)факультативтік міндеттемелер болып бөлінеді.
4. Бір бірінің өзара байланысның сипатына қарай міндеттемелер: басты және қосымша немесе акцессорлық болып бөлінеді.
5. Міндеттеме нысанасының сипатына қарай олар бөлінетін (бөліп орындауға болатын – заем, тауар жеткізілімі) және бөлінбейтін (бөліп орындауға болмайды , мыс., үй құрылысы, сурет салу т.б.) деп бөлінеді.
4. Тараптардың жеке басымен байланысы бойынша жеке сипаттағы міндеттеме ажыратылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет