Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК


Міндеттемеге қатысушылар. Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы



бет41/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   150
2. Міндеттемеге қатысушылар. Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы.
Міндеттеменің қатысушылары болып тараптар, яғни борышқор мен несие беруші және үшінші жақ саналады (АК 270-б. 1-т.).
АК 269-б. 2-т белгіленгендей несие беруші немесе борышқор ретінде бір мезгілде бірнеше тұлға қатысқан ретте міндеттемедегі тұлғалардың көптігі болады. Оның белсенді көптік, пәс көптік және аралас көптік түрлері бар.
Тұлқалардың көптігі кезінде міндеттеменің түрлері: 1)үлесті, 2)ортақтасқан, 3)субсидиялы міндеттеме. Жалпы ереже бойынша үлесті міндет пен үлесті талап белгіленеді, ол теңдей үлес принципінен шығады.
Егер заңдармен немесе міндеттеме шарттарынан өзгеше белгіленбесе, тұлғалардың көптігі кезіндегі кез келген міндеттеме үлесті беп саналады. Үлесті міндеттемеде несие берушілердің әрқайсысы міндеттемені орындауды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы оған түсетін үлесте міндеттемені орындауға міндетті. Егер өзгеше белгіленбесе үлестер тең деп есептелінеді (АК 266-бап).
Шартпен немесе заңдармен, соның ішінде міндеттеме нысанасының бөлінбеуіне орай ортақтасқан міндеттер немесе талаптар белгіленуі мүмкін.
Борышқорлардың ортақтасқан міндеттері жағдайында несие беруші:

  • борышқорлардың барлығынан бірлесіп міндеттемені орындауды;

  • жеке-жеке алғанда олардың кез келгенінен борышты толығымен де, бөлшектеп орындауды;

  • борышқорлардың бірінен алынбағанды ортақтас борышқорлардың қалғандарынан өтеуді талап етуге құқылы.

Ортақтасқан міндетті борышқорлардың бірімен толық орындауы қалған борышқорларды несие беруші үшін орындаудан босатады. Ортақтасқан міндетті орындаған борышқор қалған борышқорлардың әрқайсысына оның өзінетиесілі үлесін шегеріп, тең үлеспен рекрестік талап қоюға құқылы.
Несие берушілердің ортақтасқан талаптарының ерекше белгілері:

  • кез келген несие беруші борышқорға толық көлемде талап қоюға құқылы;

  • мұндай талап қойылғанға дейін борышқор өзінің қалауы бойынша несие берушілердің кез келгеніне міндеттемені орындауға құқылы;

  • ортақтас несие берушілердің біреуіне міндеттемені толық орындау борышқорды оны өзге несие берушілерге орындаудан босатады;

  • борышқордың орындағанын қабылдаған ортақтас несие беруші басқа несие берушілерге, егер олардың арасындағы қатынастардан өзгеше туындамаса, оларға тиесілі үлестерін өтеуге міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет