Екіншіден, тәуелсіздік таңында шын мәнінде бізде нендей жағдайлар
болған өзі деп, жан-жағына жіті қарауы арқылы елде қалыптасқан ахуалға
терең талдау жасау қажеттігі қазақ ортасында қалыптасқан әлеуметтік-
экономикалық және саяси ахуал туралы шынайылық деңгейі жоғары мәлімет
беретін дерек көзіне айналдырып отыр.
Елдегі ең жоғарғы деңгейдегі билік өкілдерінің бірі ретінде
Н.Назарбаевтың ХХ ғасырдың 80-ші жылдардың соңы мен 90-шы жылдарының
басында, яғни КСРО-ның күйреуі қарсаңында елде қалыптасқан ахуалды өзінің
бұқаралық ақпарат құралдарында жария болған еңбектерінде, көпшілік алдында
сөйлеген сөздерінде талай рет айтқан. Қызмет жағдайына орай осы жылдардың
барлығында да әрдайым оқиғалардың қалың ортасында жүріп, оларды талдауға
және салыстыруға, қорытындылар жасауға, шешімдер қабылдауға тура
келгендіктен де, ол жеке пікірін батыл айтқан. Демек, үлкен бір республиканың
бірінші басшысы ретінде, қалыптасқан шындық жағдайды объективті
бейнелеудегі мақсат - ақиқатқа көз жеткізу арқылы дұрыс шешім, дұрыс бағыт-
бағдар қабылдау болатын. Сондықтан оған қоғамның қай саласында болмасын
қалыптасқан жағдайды әдейі жақсартып көрсетудің де немесе әдейі төмендетіп
көрсетудің де қажеті болған жоқ.
Ең алдымен, КСРО және Қазақстанда 70 жыл бойы ХХ ғасырдың ең
басты прогрессивті оқиғасы деп айтып келген Ұлы Қазан социалистік
революциясы мен орнатқан “социалистік теорияның” «Барлығы да адам үшін”
деген ұранды халық құлағына еселеп құюмен болды, ал шын мәнінде сол саяси
төңкерістің көздеген мақсаты қатардағы адам емес, жалпылама ұғымдағы
социализм болып шықты. Егер ол шын мәнінде ең озық мемлекеттік құрылыс
болса, соғыстан кейін шамамен алғанда бірдей жағдайда бола тұрып, өзімізден
жеңілген елдерден көш кейін қалып қоюы қалай. Қорытынды біреу-ақ:
халықаралық нарығында, бәсекелесе отырып өркендеу бағытында қоғамдық
меншікке (мемлекеттік) негізделген кеңестік экономика жүйесі өзінің әлсіз
екенін көрсетіп, түпкілігінде күйреуге ұшырады.
Сол “социализм” әлі өмір сүріп тұрған кезінде талай пікір сайыстарда
айтылып келген бұл пікірдің дұрыстығын еш қиындықсыз-ақ ондаған, жүздеген
фактілер арқылы оңай дәлелдеуге болады. Адамның құны бір қап цемент емес,
бір уыс бидайдан да арзан болып, қазақтардың сол “социализм” арқасында
шыбындай қырылғанын айтсақ та жетіп жатыр.
Қай қиырға салсақ та, өміріміздің бұдан былайғы жолдары туралы айтыс-
тартыстар барысында ең басты сауалға - саяси дағдарыстың, ұлтаралық
қатынастар саласындағы күйзелуі және өзге де бірталай ауыр әлеуметтік
құбылыстардың салдарынан одан әрі шиеленіске түскен экономикалық
дағдарыстан елді қалай алып шығуға болады? – деген сұраққа әлі бірде бір
теорияда, саясаткер де ақылға қонымды жауап бере алған жоқ, қоғамның
барлық саласының дағдарысқа ұшырағандығын жәнеде, ең бастысы, ол
дағдарыстан шығудың жолдарын ешкімнің көрсете алмағандығы да ақиқат.
Демек, КСРО-ның күйреуіне алып келген ұлтаралық қатынастар
саласындағы дағдарыстың және өзге де бірталай ауыр әлеуметтік
құбылыстардың салдары, яғни әлеуметтік себептер болған. Әлем тәжірибесі
аясында көпұлтты мемлекеттер үшін аса маңызды мәселе болып табылатын,
дәл осы “ұлтаралық қатынастар” мәселесіне ерекше көңіл бөліп, бұрынғы
КСРО-да оның дағдарысқа ұшырау себептеріне талдау жасаған жөн. Жәнеде, ең
бастысы, өмір тәуелсіз Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте бұрын
жіберілген оралымсыздық пен ақаулықтарды үнемі ескеріп қажеттігін көрсетіп
отыр.
Үлкен мемлекеттің құлауына технологиялық, стратегиялық мешеулік,
бәсекелестік қабілетіміздің шеңбері тым шектеулі болуы қоса, ұлт мәселесі де
аз себепші болған жоқ. Кейбір саясатшылардың пікірлерінше, ең басты, ең
шешуші себеп те осы сияқты, ұлт мәселесінің соншалықты асқындауы әуелі
теориялық дәрменсіздіктен етек алды. Басшылықта да, ғылыми орталарда да
бұл мәселемен шындап шұғылданғысы келген ешкім болмапты деген
қорытынды да кездеседі. Көп ұлтты мемлекеттер тәжірибесін зерттеулер
аясында түбегейлі теориялық тұғырнамасыз, қалыптасқан ахуалды теориялық
түрғыдан жан-жақты пайымдамайынша, салиқалы ұлт саясатын түзіп шығу
мүмкін емес.
Ұлт мәселесін шешудің бірден бір дұрыс жолы ретінде ұзақ жылдар бойы
дәріптелініп келген марксизмнің осал тұстарына талдау жасау арқылы бұрынғы
Кеңестер Одағында ұлттық мәселелерді түсіндіру мен реттеуде ұлттық
қозғалыстардың әр алуан түрін бір-бірімен шатастырып алу орын алды. Ұлттық
қозғалыстардың әр түрлі табиғи сипатқа ие болуы мүмкін екендігіне жете мән
берілмеді деген қорытындыларда баршылық. Ал ұлттық мәселеде теориялық
негіздің болмауы ұлтаралық қайшылықтар тартысқа, тартыс қантөгісті
кикілжіңдерге ұласқан тұста, теориялық базаның жоқтығынан, ахуалға шындап
түсінбеген ел басшылары, сексенінші жылдар аяғында ұлт мәселесін күш
қолданып шешеміз деп, қоғамды тығырыққа апарып тіреді.
Оның айқын дәлелі 1986 жылғы Алматыдағы “Желтоқсан” көтерілісі. Ол
туралы “Азия асқарлары” атты кітаптың “Империяның ыдырауы” деген
тарауында: “1986 жылдың 17-18 желтоқсанында Алматы қаласында тарихтың
тапжылмайтындай көрінетін ағымын түбегейлі өзгертіп жіберген оқиға болды.
Желтоқсанның сол бір аязды күндерінде қазақ жастары ашық түрде көшеге
шығып, өздерінің ел тағдырына ықпал етуге құқылы екендіктерін ашық және
батыл мәлімдеді. Кеңестік жүйедегі мемлекет жағдайында мұның өзі саяси
жарылысқа тең болатын: іс жүзінде ондаған жылдар бойы қалыптасқан жүйеге
ашықтан-ашық атой салды. Сол екі күн кеңестік болмыс дүниесін дүр
сілкіндірді.
Ол оқиғаға партия тәжірибесіндегі кәдуілгі шешім – Орталықтың
республика жетекшісі қызметіне Қазақстанға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын
адамды – ешбір саяси-ұйымдастырушылық, дүниетанымдық қабілетімен өзін
ортаға таныта білмеген облыстық деңгейдегі басшы Г. Колбинді тағайындауы
субъективті себеп болды. “Желтоқсан” көтерілісінің маңызы мен оның неден
басталғандығы туралы айтатын болсақ Алматыдағы қазақ жастарының бейбіт
демократиялық сипаттағы ереуілді Кремль әмірлігімен аяусыз қатыгездікпен
басып-жаншыды. Бұл есте сақтасын, тәубесіне түссін деп жасалынған ашық
жаушылық еді. Бейкүна адамдарды сапер әскери құралармен сұлатып түсіріп,
итке талатты, аязды күнде мұздай сумен қатырды. Халықтың тәнін жазалап
біткен соң енді жанын жаралауға көшті. Бүкіл халық “қазақ ұлтшылдығы” үшін
айыпталды, жазалау әрекеттері сатылап жүргізілді. Алайда мұның өзі жүйенің
іріп-шіруін тоқтата алмайтын еді: күш көрсету биліктің әрдайым әлсіздігін
танытып, қадірін кетіреді.
Ал ондай сорақылық іс нәтижесі Кеңес билігі мен оның жасанды
жүйесіне өлімші соққы берді, сол соққыдан ол есін жия алмай-ақ кетті. Алматы
жарылысы пілте сияқты болып КСРО-ның басқа аймақтарында өршіп
жалғасты: Балтық бойында, Грузияда, Әзірбайжанда, Арменияда, Өзбекстанда,
Қырғызстанда, Латвияда, Эстонияда, Ресейдің өзінде де демократиялық
күштердің тоталитарлық диктатураға қарсы ашық көтерілуі бірінен соң бірі
жалғаса берді. Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізер жолы осылай
басталғаны нағыз ақиқат. 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының
ұлттық санасының әлемдік өркениеттегі дәрежесін анықтап берді. Бірнеше
ғасыр бойы халықты ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған өктемдік
үрдістің алдындағы қорқыныш алғаш рет еңсерілді. Жастар айдай әлемнің
алдында кез келген ұлтқа тән ұлттық намыс бұдан былай ешқандай баса
көктеуге мойын ұсынбайтынын паш етіп берді.
Қазақ тарихы ондай әрі тауқымет, әрі асқақ сәттер мен сағаттарды, күндер
мен кезеңдерді талай бастан кешкен-ді. Жаңа тарихымыздың жалын биіктеткен
сондай бір жалынды кезең – 1986 жылғы желтоқсандағы үміт пен үрей
құшағында өткен үш күнге созылған оқиғасының маңызы қазақ болашағының
сара жолын пішіп берді десек ақиқаттан алыс болмаспыз.
Осылай, КСРО-ның құлауының басты әлеуметтік себептерінің бірі –
көпұлтты мемлекеттегі ұлтаралық қатынастардан туындаған мәселелердің
ғылыми негізде және дер кезінде шешілмеуі екендігін анық көреміз. Шамадан
тыс саясаттандырылып, шамадан тыс идеологияландырудан аулақ, шынайы
ұлттық сана жоқ жерде өзге үлттар мен өзге үлттық мәдениетті шынайы
құрметтеу де мүмкін емес нәрсе. Қазақстандықтар мен оның жанашырлары көзі
анық жеткен бір нәрсе: өзгелердің ұлттық мәдениетіне тиісті құрметтеу жоқ
жерде шынайы азаматтық татулық та болмайды. Қазақтар КСРО басқа ұлттары
мәдениетін жете меңгерді. Ендеше қазақ әдебиеті де Қазақстанда тұратын басқа
ұлт адамдары үшін жеті қат жер астындағы нәрседей алыс құбылыс болмаса
керек қой. Баяндалған көрініс өзі тәуелсіз Қазақстан халықтары үшін маңызды
үлгі болуы ешбір күмән келтірмеуі керек.
КСРО-ның күйреуінің басты себептерінің бірі, дәл сол ұлтаралық
шиеленістер болғандығы және оларды шешуде билік басындағылардың
қауқарсыздық танытқандығы. Бұл орайдағы өткір мәселе – елде ұлтаралық
шиеленіс бұрын соңды болмаған жағдайға жетті. КСРО құрамындағы
Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекеттің осыншамалықты дос күйініп, дұшпан
күлгендей ауыр қалге жетіп, аяғы аспаннан келгендей жағдайға жетуіне сол
кездегі елдің бірінші басшысы және оның жанындағылар барынша қатысы
болар. Сол кездегі билік басындағылардың ұлтаралық проблемаларды
шешудегі жалғыз тәсілі – бұл мәселелерді сырт айналып өтіп, көрсе де
көрмегендей отыра беру деп бағалаған кейбір зерттеушілер.
Сонымен қатар елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуалдың
соншалықты шиеленісу себебін қазақ халқы талай рет басынан кешкен және әлі
де кез болып жүрген көптеген қырсық атаулының бәрі мынадан өрбіп жатқан
сияқты көрінеді: біз өзімізде не бар, не жоғын, одан нені қалдырып, неден бас
тартуымыз керек екенін тым бұлыңғыр түсінетін сияқтымыз. КСРО-ның
ыдырауының экономикалық себептерінің бірі социалистік қоғамның негізгі
өзегін құрайтын, оның капитал билеген дүниеден негізгі “артықшылығы”
ретінде ондаған жылдар бойы дәріптеліп келген “жоспарлы экономика” екеніне
тек тәуелсіздік алған тұста түсінген сияқтымыз. Бұл мәселеге кеңестік
әлеуметтік ғылым ілім тұрғысынан талдау берсек КСРО жүйесінің шамамен
соңғы отыз жылында ешқандай жоспарлы экономика да, немесе жоспарлы
шаруашылық та болған жоқ. Егер бірдеңе болды десек, оның өзі – жағдайға
бейімделгіш жағымпаз қоғамтанушы – ғалымдар мен экономистердің ойдан
шығарған термин сөздері ғана деп тұжырымдаған болатын.
Міне, мұндай нәрселер, істің шын мәнінде, ашық саясат дәрежесіне дейін
көтерілген болатын” - деп анық баяндаған. Жәнеде ондай “саясаттың”,
жазылмаған заңға айналған “дәстүрдің” неге әкеліп соқтырғаны туралы ойға
келсек шектен шыға орталықтандырылған әміршілдік-әкімшілдік жүйенің
өктемдігі басшыларды имандылық жағынан азғындатқанын байқатады. Қаласаң
да, қаламасаң да – бәрі бір жазылмаған сол бір заңға бағынатынсың: құрдай
жорғалап сый-сияпат жаса, құлдық ет, көңілін тап, ішкіз, жегіз. Әйтпесе өзіңді
емес, бүкіл республиканы, белгілі бір саланы, кәсіпорынды тақырға
отырғызасын. Ал бұған ақшаны қайдан аласың? Қулық жасау керек, есебін табу
қажет. Міне, іріп-шірудің, парақорлықтың дүниеге сатылудың түп-тамыры
осында жатыр.
Одан әрі “жоспарлы” қоғамда, сол жоспардың қалай қабылданып, қалай
іске асатындығы туралы да, істің бүге-шігесіне дейін жетік білетін адам
тұрғысынан қарайтын болсақ көз алдымызға хикая тәріздес көріністер келе
бермек. Мысалы, КСРО Мемлекеттік жоспарлау комитеті мен Мемлекеттік
жабдықтау комитетінің жоспарды қағаз жүзінде қалай “іске асыруға” тырысып
жатқанын мынадайдан көруге болады. Жоспарлар қажетті ресурстармен бар
болғаны 70-80 пайызға қана қамтамасыз етілетінін алдын ала бәрі де көріп-біліп
отырса да, бекіте беретін. Осыдан барып бүкіл елімізде баланс бұзылатын.
Сорымыз да, сор болғанда жоспарланған сорымыз да осыдан туындап жататын.
Мемлекеттік жоспарларды орындаудың тағдыры кейде 31 желтоқсанда – Жаңа
жылдың басталуына бірнеше минут қалғанда тағы да сол баяғы телефон
арқылы шешіле салатын. Ол үшін Орталық Комитеттің бөлімімен, министрмен
бірге Статистика жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасын көндіру керек
болатын.
КСРО дағы социалитік қоғамның басты ерекшелігі, оның бытыс (стихия)
арнасындағы билеген нарықтық, демек капиталистік қоғамнан басты
“артықшылығы” ретінде саналып келген кеңестік экономиканы жоспарлы түрде
дамытудың іс жүзінде қалай “жоспарланатындығы” туралы айтқандарының
өмір шындығымен толық сай келетіндігін мойындай отырып амалсыз өзіңе
мынадай сұрақ қоясың: неліктен елдің экономикалық бас штабында мұндай
аста-төк ішіп-жеумен болатын “ойын-күлкі” өткізу мүмкін болды? Сонда,
немене, басшылық, саяси бюро мүшелерін қоса алғанда, бұл туралы білген жоқ
па?- деген өткір сауал мазалайды.
Осы тақарыппен айналысқан авторлар өз еңбектерінде жоспарлау ісіндегі
мұндай бассыздықтың себеп-салдары туралы егер тереңірек қарасақ, онда бұл –
экономикалық теорияны теріс айналу және ең алдымен объективті
экономикалық заңдылықтарды бұзу деп тұжырымдаған. Қысқаша айтқанда, іс
жүзінде өндіріс үшін өндіріс қағидатымен жұмыс істеу. Оны іске асыру
нәтижесінде кеңестік билік өкілдері бара бара жалған жоғары қарқын алған
және ақшаға шаққанда өндіріс көлемін тіпті сол заманға келмейтін биіктікке
көтеріп келген. Бірақ әрбір сомға шаққанда нақты тұтыну құны азайғанның
үстіне шектеле берген деп, оған нақты дәлелдер келтіреді.
Мұндай мемлекеттің билік буындарында етек алған жаппай бірін-бірі
алдаушылық, көзбояушылық, жалған ақпарат беру, жоспар міндеттерін
қымқыру немесе орындалу нәтижесіне қосып жазу тек жоғарғы мемлекеттік
деңгейде ғана емес, ел экономикасының негізін құрайтын жергілікті жерлерде
де, оның ішінде Қазақстанда да кең орын алған. Мысалы, Семей облысында
есептегі мал басы мен оның шынайы саны айырмашылығы 330 мыңды құрап,
яғни осындай бас мал жетіспейтін болған. Республикалық Халықтық бақылау
комитеті қатысуымен жүргізген құпия тексеру нәтижесінде талай
сорақылықтың беті ашылған. Мысалы, Қызылордаға таяу бір жерде бір табын
сиыр бар, оны бағатын кәдімгі бақташы және оның көмекшісі бар деп есептеліп
келген. Анықтай келгенде бақташы мен оның көмекшісінің бар екені, әйтеуір
жалақы жөніндегі құжатқа жүйелі түрде қол қойып, айлық алатыны рас болып
шықты. Бірақ әлгі табын тіпті атымен жоқ екен.
Бүгінгі күні тәуелсіз еліміздің жағдайы туралы мәлімет жеткізіп отырған
дерек
көзі
міндетін
атқарушы
бұл
құжатта:
өнеркәсіпте,
ауыл
шаруашылығында, ғылымда, әлеуметтік салада, тұтыну кооперациясында
қалыптасқан жағдай нақты мәліметтер келтірілу арқылы баяндалған. Мысалы,
Қазақстанның негізгі экономикалық саласы болып табылатын ауыл
шаруашылығы туралы баяндамада төсілген ережеге қайшы мен талан-таражға
салудың салдарынан республика кеңшарларында 5 жылдың ішінде 120 мыңға
жуық ірі қара, 1,7 миллион қой, 42 мыңдай жылқы мен шошқа кем болғаны
анық көрсетілген. Ал ең алдымен кеңес органдарының қасиетті міндетіне
жататын мәселе, негізгі әлеуметтік саланы құрайтын пәтер бөлу кезіндегі
әлеуметтік әділетсіздік ашу-ыза туғызатын фактілері жылдан жылға арта
түскен. Тұрғын үй заңдарын өрескел бұзғаны үшін Көкшетау, Қызылорда
қалалық партия комитеттерінің бірінші хатшылары мен қалалық атқару
комитеттерінің төрағалары, Жамбыл қалалық атқару комитетінің төрағасы және
басқа бірқатар лауазымды адамдар қызметтен босатылған.
Әсіресе Алматыда шексіз еркінсушілік пен жолсыздықтарға жол
ашылған. Тексеру көрсеткеніндей, тек 2,5 жылдың ішінде қаланың аудандық
атқару комитеттері кезекте тұрғандарды қамтамасыз ету үшін Алматы
қаласында пайдалануға берілген тұрғын үйлердің тек бір пайызын ғана бөлген.
Осындай нақты мысалдар өмірдің басқа салаларында да көптеп кездеседі.
Сол кездегі Қазақстан Үкіметі жетекшісі осы мәселелердің бұлай батыл
қойылуы арқылы республика бірінші басшысына көмектесетін шығармын,
әбден енжар болып алған басшылардың тобын әлдебір серпілдіре алармын,
Орталық Комитеттің бірінші хатшысын да ертелі-кеш біржола жұтып
тынбайтын ми батпақтан сақтандырармын деген үмітте болғанын байқауға
болады. Бірақ, іс жүзінде басқаша болып шықты. Бар күш-жігер баяндамада
айтылған және де ешкім жоққа шығармаған, демек өмірде орын алғаны рас
кемшіліктерді жоюға емес, баяндамашының өзін жоюға бағытталған. Сол
күннен бастап шешеннің ізін аңду, шын мәніндегі қуғындау етек алды. Алайда,
Қазақстан Компартиясының ХҮІ съезі мен СОКП ХХҮІІ съезінің аралығында
өткен үш аптаның ішінде жоғары орындарға ондаған арыз-шағым
ұйымдастырылған. Олардың бәрін де неше түрлі комиссиялар мұқият
тексерген.
КСРО мен Қазақстанда қалыптасып сіресіп қалған әлеуметтік-
экономикалық жағдайды сауықтыруда шешімді және әділеттік бағыттағы жеке
тұлғалардың ұмтылыстары, ұсыныстары мен нақты шаралары өз нәтижесін
берген. Ондай жаңашыл және байыпты істерді мынадай ретпен талдаған жөн
болар:
Достарыңызбен бөлісу: |