қазаннан бастап Қазақстан Республикасында Армения Республикасының
Елшілігі ашылып екі ел мүддесіне жұмыс істей бастаған. 2007 жылғы 1
наурыздан бастап Армения Республикасында Қазақстан Республикасының
Елшілігі ашылған. 2006 жылғы 20 қазаннан бастап Қазақстан Республикасының
Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ашылған. 2013
жылғы 22 қазаннан бастап Армения Республикасының Қазақстан
Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызмет атқарады.
Саяси қатынастар. Қазақстан және Армения тәуелсіздік алғалы бері
екіжақты қарым-қатынас әріптестік және өзара тиімді ынтымақтастық рухында
дамып келеді. Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы
қатынастардың негіздері туралы шарт (1993 жылғы 19 қаңтар) және Қазақстан
Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы достық және
ынтымақтастық туралы шарт екіжақты қарым-қатынастарды реттейтін негізгі
құжаттар болып табылады, соңғы құжатқа Армения Республикасының
Президенті Қазақстан Республикасына ресми сапары (1999 жылғы 1-2
қыркүйек) барысында қол қойылды.
Қазақстан мен Армения арасында барлық деңгейлерде сенім білдірілетін
диалог орнатылған. Өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты
ұлғайтуға қатысты екіжақты ұмтылыс Президент Н.Назарбаевтың 2001 жылғы
23-24 мамырда Армения Республикасына жасаған ресми сапары барысында
және Армения Республикасының Президенті 2006 жылғы 6-7 қарашада болған
Қазақстан Республикасына ресми сапарлары барысында толық айқындалған.
2010 жылғы 20-21 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми
саммитіне қатысу үшін Арменияға іссапармен келді. 2010 жылғы 5-6 шілдеде
Армения Президенті Астанада ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің 27-ші
отырысының жұмысына қатысты. 2011 жылғы 12 тамызда Армения
Республикасының Президенті Бурабайда өткен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер
басшыларының бейресми саммитіне қатысты.
Сауда-экономикалық қатынастар. 2013 жылғы Қазақстан мен Армения
арасындағы өзара сауда айналымының көлемі 7,68 млн. АҚШ долл. құрап
(экспорт - 0,81 млн., импорт – 6,87 млн. АҚШ долл.), 2012 жылдың
көрсеткіштерімен (3,71 млн. АҚШ долл.) салыстырғанда 2,07 есе артты. 2014
жылғы қаңтар-ақпан айларында сауда айналымы 0,8 млн. АҚШ дол. құрады
(экспорт – 0,1 млн.АҚШ долл., импорт – 0,7 млн. АҚШ долл.). Қазақстаннан
Арменияға экспортқа шығарылатын негізгі өнімдер металл өнімдері (56,4%), әр
түрлі құрал-жабдықтар (24,8%), конденсаторлар, панельдер, баспа өнімдері
және т.б. болып табылады. Қазақстанға әкелінетін армян экспортының
құрамында – 24,3% зергерлік бұйымдар, 23,4% - құрал-жабдықтар, 15% -
каучук
және фактис, 13,9% - этил спирті және т.б.
2013 жылғы 24-25 қазанда Ереванда сауда-экономикалық ынтымақтастық
жөніндегі қазақстандық-армяндық үкіметаралық комиссияның (ҮАК) 5-ші
отырысы болып өтті. Отырыс барысында екіжақты сауда-экономикалық қарым-
қатынастың жәй-күйі мен келешегі, сондай-ақ кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы,
көлік, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, қала құрылысы, мәдениет,
туризм және ғылым салаларындағы ынтымақтастық бағыттары және Қазақстан
мен Армения арасындағы шарттық-құқықтық базаны одан әрі дамыту
мәселелері талқыланып бекітілді. Кездесу барысында тараптар арасында
Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын 2014 жылы Астана қаласында
өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткен.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық. Қазақстан және Армения
арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәдениет саласында
ынтымақтастық туралы келісіммен (2006 жылғы қараша, Астана қ.) бекітілген.
Қазақстан мен Армения арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың
орнатылуының 20-жылдығын мерекелеу шеңберінде 2012 жылғы 27-31 тамыз
кезеңінде Ереванда «Қазақфильм» делегациясының қатысуымен Қазақстанның
Армениядағы кино күндері өтті. Армян көрерменіне қазақстандық
режиссерлердің 5 үздік фильмдері ұсынылды. Лорий облысы Одзун селосында
(Армения) 2012 жылдың 5-19 қазан кезеңінде өткен кескіндеме өнерінің 5-ші
халақаралық симпозиумына Қазақстанның суретшілер Одағының 5-мүшелері
қатысты. Сондай-ақ, 2013 жылғы 9 қыркүйекте Ереван қаласында қазақстандық
суретшіліердің туындыларынан ұйымдастырылған «Армения бояулары»
атаулы көрме өтті.
Достарыңызбен бөлісу: