Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет76/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   105
Байланысты:
abdullaev na kazakstannyn kazirgi zamangy tarikhy

Сауда-экономикалық  байланыс.  Кедендік  бақылау  комитетінің  ақпараты 
бойынша, Қазақстан мен Молдова арасындағы екі жақты тауар айналымы 2011 
жылы  70,8  млн.  АҚШ  долларын  құрап,  2010  жылмен  салыстырғанда  22,3 
пайызға  артқан.  Екі  жақты  тауар  айналымының  ішінде  қазақстандық  экспорт 
38,5  млн.  АҚШ  долларын  құрап,  2010  жылмен  салыстырғанда  35,3  пайызға 
артқан.  Молдовадан  тауар  айналымының  импорты  –  32,3  млн.  АҚШ  доллары 
көлемінде, 2010 жылмен салыстырғанда 9,8 пайызға артқан. 
Экономикалық байланысты арттыру мақсатында екі жақты экономикалық 
ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия құрылып, сол комиссияның 
төртінші отырысы 2011 жылғы 28-29 сәуірде Астана қаласында өткен. Отырыс 
барысында  екі  жақты  ынтымақтастықтың  инвестициялық  және  кәсіпкерлік 
саладағы, агроөнеркәсіптік кешендердегі ақпараттандыру, өнеркәсіптік, сондай-
ақ шарапшылық салалардағы мәселелер талқыланды.  
Мәдени-гуманитарлық  ынтымақтастық.  2008  жылғы  9  мамырда 
Кишинеу  қаласынан  120-130  шақырым  жерде  орналасқан  Анений  Ной 
ауданының  Гура-Быкулуй  ауылындағы  Теоретикалық  лицейінің  ғимаратында 
1944  жылғы  сәуірде  Молдованы  неміс–фашист  басқыншыларынан  азат  етуде 
қаза  тапқан  қазақстандық  жауынгер,  Кеңес  Одағының  Батыры  Қанаш 
Қамзиннің  құрметіне  мемориалдық  ескерткіш  тас  қойылды.  Бұдан  ертерек 
Қазақстан Елшілігінің күшімен жоғарыда аталған елді мекендегі Теоретикалық 
лицей  орналасқан  көшеге  қазақстандық  қаһарманның  аты  берілген  болатын. 
2010 жылдың шілде айында толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Молдова 
аумағында  қалыптасқан  төтенше  жағдайға  байланысты  Елбасының  ұйғарымы 
бойынша  Қазақстан  Үкіметі  Молдоваға  100  миллион  теңгеден  астам  сомаға 
азық-түлік өнімдері мен басқа да қажетті тауарлар түрінде гуманитарлық көмек 
көрсетті. 
Қазақ  елі  мен  Өзбекстан  Республикасы  арасындағы  дипломатиялық 
қатынастар  1992  жылғы  23  қарашада  орнатылды.  Біздің  мемлекет  Өзбекстан 
Республикасындағы  Төтенше  және  Өкілетті  Елшісі  және  Өзбекстан 
Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі 2012 жылдың 
қыркүйек айынан бастап тағайындалды. 
Саяси  саладағы  өзара  әрекеттестік.  Қазақстан  мен  Өзбекстан 
арасындағы  ынтымақтастықтың  барлық  салаларын  қамтитын  107  құжат 
құрамындағы  кең  шарт-құқықтық  база  құрылды.  Негіз  қалаушы  құжаттар: 
Мәңгілік  достық  туралы  шарт  (31.10.1998ж.)  және  Стратегиялық  әріптестік 


туралы шарт (14.06.2013 ж.). 2010 жылғы 16-17 наурыз аралығында Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың  осы  елге  ресми  сапары  өтті. 
2012  жылғы  6-7  қыркүйекте  Өзбекстан  Республикасының  Президенті 
И.Кәрімовтің  Қазақстанға  ресми  сапары  өтті.  2012  жылғы  21-22  желтоқсанда 
Қазақстан  Республикасының  Премьер-Министрі  С.Ахметовтің  Өзбекстанға 
ресми  сапары  өтті.  2013  жылғы  27  наурызда  Қазақстан  Республикасының 
Сыртқы  істер  министрі  Өзбекстанға  жұмыс  сапары  өтті.  2013  жылғы  13-14 
маусымда 
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н.Назарбаевтың 
Өзбекстанға ресми сапары өтті. 
Сауда-экономикалық  ынтымақтастық.  ҚР  Статистика  агенттігінің 
мәліметіне  сәйкес,  2013  жылы  Қазақстан  мен  Өзбекстан  арасындағы  тауар 
айналымының  көлемі  2,09  млрд.  АҚШ  долл.  құрап  (экспорт  –  1,12  млрд., 
импорт  –  962  млн.),  2012  жылмен  салыстырғанда  5,5%-ға  артты.  2014  жылғы 
қаңтар-ақпан  айларында  сауда  айналымы  266,9  млн.  АҚШ  долларын  құрады 
(экспорт – 175,7 млн.АҚШ долл., импорт – 91,2 млн. АҚШ долл.). Өзбекстанға 
шығарылатын  (экспорттың)  құрамындағы  ең  ірі  бөлігі  мұнай  және  оның 
өнімдері,  ұн  тарту  –  жарма  өндірістің  өнімі,  дәнді  дақылдар,  қара  және  түсті 
металлдар,  бейорганика  химия  өнімдері  азық-түлік  және  т.б.  Жыл  сайын 
Өзбекстанға  1  млн.  тоннадан  астам  жоғары  қазақстандық  сапалы  ұн,  500  мың 
тоннаға  жуық  мұнай  өнімдері  жеткізіледі.  Өзбекстаннан  Қазақстанға  қуат 
көздері  (газ),  мақта,  химиялық  өнімдер  және  пластмасса,  тыңайтқыштар  және 
жеміс-көкөніс өнімдері импортталады. Өзбекстанда біздің ел инвестициясының 
қатысуымен  178  кәсіпорын,  соның  ішінде  143  бірлескен  кәсіпорын  мен  100% 
қазақстандық  капитал  бар  35  кәсіпорын  жұмыс  істеуде.  Өзбекстанда 
«Қазақстанның  даму  банкі»  АҚ,  «Қазақстан  темір  жолы»  ҰК»  АҚ, 
«Казинформ»  ҰК»  АҚ  және  «Air  Astana»  әуе  компаниясының  өкілдіктері 
тіркелген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет