тұрақтылық және қауіпсіздік қамтамасыз етудегі маңызды рөлі оны
халыкаралық деңгейдегі беделді ұйымға айналуына септік етті.
Жоғарыда айтып кеткен фактілер Қазақстанның тәуелсіздік жылдар
ішінде сыртқы саясатын белсенді жүргізетін нығайған, сенімді мемлекетке
айналғандығын көрсетіп отыр. Бұл мемлекет басшылығының сыртқы саясатты
дұрыс және тиімді жүргізуіне байланысты мүмкін болып отырғанын атап кету
керек. Экономикалық жетістіктеріміз де осыны анғартады. Тәуелсіздік
жылдарында республикаға $50 млрд. көлемінде тікелей шетелдік инвестиция
құйылған. Мемлекеттің алтынвалюта қоры тұрақты көбеюде. 1995 жылдан 2005
жылға дейін алтын қорының көлемі 9 есеге көбейіп, ҚР Статистика жөніндегі
Агенттіктің мәліметі бойынша $15 085 млн. құраған. 2002 жылдың наурызында
АҚШ Қазақстанға «нарықты экономикалы мемлекет» деген дәрежені берді. Бұл
республика жүргізген нарықтық реформалар жемісінің белгісі. Бүкіләлемдік
экономикалық форум жария еткен 2006-2007 жж. әлемдік бәсекелестік
индексіне сәйкес Қазақстан Ресей, Түркия мемлекеттерін озып 56 орынды
иемденді. Бұл тізім бойынша ҚР Орталық-Азия мемлекеттері арасында
көшбасшы. Кеңейген экономикалық мүмкіндіктер республика алдында жаңа
сыртқы саясаты арнасында мақсаттар қойып отыр. Сарапшылар көз-қарасы
бойынша Қазақстанның қарқынды дамып жатқан экономикасы «тұрақтылық
экспортері» ретінде бүкіл аймақ экономикасының дамуының катализаторы
болуы мумкін. Бұл ретте қазақстандықтардың зияткерлік мүмккіндігі мен
мемлекеттің табиғи байлыктары негіз бола алады. Мұнай мен газдың мол қоры
бар республика болашақта қалыптасып келе жатқан галамдық энергетикалық
қауіпсіздік жүйесінде маңызды рөл атқаратын әлемдік нарыққа көмірсутегін
жеткізетін жетекші мемлекетке айналуы барша әлем қауымдастығына аян.
Достарыңызбен бөлісу: