Республикасы Премьер-Министрі К.Мәсімовтің Тәжікстанға жұмыс сапары
өтті.
Сауда-экономикалық
ынтымақтастық.
2012
жылғы
Қазақстан
Республикасының Тәжікстан Республикасымен сыртқы сауда айналымы 705,9
млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 604,3 млн.АҚШ долл.; импорт – 101,6
млн.АҚШ долл.). 2013 жылғы екіжақты тауар айналымы 564,4 млн. АҚШ долл.
құрап (экспорт - 492,5 млн.долл., импорт – 72,9 млн.долл.), 2012 жылғы
көрсеткішімен салыстырғанда 20,1 пайызға төмендеді (705,9 млн. АҚШ долл.).
2014 жылғы қаңтар-ақпан айларында сауда айналымы 91,9 млн. АҚШ долларын
құрады (экспорт – 73,1 млн. АҚШ долл., импорт – 18,8 млн. АҚШ долл.). 2013
жылғы 19-20 желтоқсан аралығында Астана қаласында Қазақстан-Тәжікстан
сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының
11-ші отырысы өтті.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық. Шығармашылық ұжымдар,
мәдениет және өнер өкілдерінің өзара сапарлары тұрақты түрде өткізілуде.
Душанбе қаласында «Бәйтерек» Қазақ ұлттық орталығы жұмыс істейді. 2009
жылғы 20-22 сәуір аралығында Душанбе қаласында Орталық Азия, Иран және
Ауғанстан елдеріндегі қазақтардың кіші Құрылтайы өтті. Білім саласында
ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Жыл сайын ҚР Жоғары Оқу
Орындарында Тәжікстан азаматтарына 100 мемлекеттік оқу гранттар бөлінеді.
Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы дипломатиялық
қатынастар 1992 жылдың 5 қазанында орнатылды. Қазақстанның
Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі 2012 жылғы желтоқсаннан
бастап, ал Түрікменстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі 2010
жылғы ақпаннан бастап қызмет атқаруда.
Cаяси саладағы ынтымақтастық. Екіжақты ынтымақтастықтың
шарттық-құқықтық негізін 52 құжат құрайды, соның ішінде 1993 жылғы 19
мамырдағы Достық қатынастар және ынтымақтастық туралы шарт және 1997
жылғы 27 ақпандағы Ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы декларация
негізгі құжат болып табылады. 2007 жылғы 11-12 қыркүйек аралығында ҚР
Президенті Н.Назарбаевтың Түрікменстанға мемлекеттік сапары өтті.
Түрікменстан Президенті Г.Бердімұхамедов Астананың 10-жылдығын тойлауға
(2008 жылғы 6 шілде), Алматыда ХАҚҚ құрылтайшы мемлекеттер басшылары
саммитіне (2009 жылғы 28 сәуір), Қазақстан, Ресей, Әзербайжан және
Түрікменстан мемлекет басшыларының бейресми саммитіне (2009 жылғы 11
қыркүйек) және ЕҚЫҰ саммитіне (2010 жылғы 1-2 желтоқсан) қатысты. 2009
жылғы 13-14 желтоқсан аралығында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың
Түрікменстанға жұмыс сапары өтті. 2012 жылғы 5 желтоқсанда ҚР Президенті
Н.Назарбаев өзінің ТМД мемлекет басшылары Кеңесінің кезекті отырысына
қатысуы аясында Ашхабадқа жұмыс сапар шекті. 2013 жылғы 10-11 мамырда
Түрікменстан Президенті Г.Бердімұхамедовтің Қазақстанға мемлекеттік сапары
өтті.
Достарыңызбен бөлісу: