ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет361/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   382
нақты ажалсыздық
туралы армандайды және барлық үміттерін 
қазіргі заманғы ғылымға бағыттайды. Әсіресе жылдам қарқынмен 
дамып келе жатқан генетика адамға оның өмірін белгісіз уақытқа 
ұзартуға уәде береді.
Айтылғандарды қорыта келе, нақты ажалсыздықтың әлемнің 
миллиардтаған жылдар бойғы дамуы барысында қалыптасқан іргелі 
де маңызды заңдарына қайшы келетінін растауымызға болады. Бізге 
берілген 
баға жетпес сый – өмір
жайында және оның кеңістік және 
уақытпен шектелген аясында осы өмірде ізін қалдыратын жақсылық 
жасаудың бақытты мүмкіндіктері туралы айтқанымыз дұрыс болар. 
ал оны өлім жоя алмайды.
4.5. адамзаттың ғаламдық мәселелері және 
 оларды шешу жолдары
Пайда болғаннан-ақ 
бірінші
орында 
ядролық соғыс 
мүмкіндігі 
және адамзаттың өзін-өзі құртуы мәселесі тұрады. Бір жағынан
ядролық қару ары қарай жетілдіріліп жатса, екінші жағынан, бүкіл 
әлемге таралу үстінде. Ядролық қаруы бар айқын бес мемлекет-
ке Үндістан мен Пәкістан, Оңтүстік Африка және Исраил қосылды, 
бірқатар елдер (Иран, Солтүстік Корея) ядролық технологияны 
қарқынды игеріп жатыр. Мәселенің қиындығы ядролық клубтың 
жаңа мүшелерінің халықаралық жағдай ушығып тұрған аймақтарда 


405
орналасқанында болып тұр. Үндістан мен Пәкістан арасында 2001 
жылғы қақтығыста екі тараптан да ядролық қаруды қолдану мүмкіндігі 
туралы жантүршігерлік мәлімдемелер жасалғанына куә болғанымызды 
айтқан жөн. Ирак соғысы қарсаңында Дж.Буш тактикалық ядролық 
қару қолданылуы мүмкіндігін жасырмаған.
Мәселені шешудің негізгі жолы – халықаралық бақылау арқылы 
ешбір елге дара мүмкіндік берместен, 
ядролық қарудың
қорларын 
қысқарту
, ал содан кейін толық 
жою
болуға тиіс. Атом энергиясы АЭС 
салу арқылы бейбіт мақсаттарға ғана жұмсалуы керек. Алайда ядролық 
қару иеленуші алып мемлекеттердің «өзімшіл мүдделері» бүгінгі күні 
аталған мәселені түбегейлі шешуге мүмкіндік бермей отыр. «Соғыс 
шоқпарын» сүйреткен ядролық қарудың «жайылуын» тоқтату саяса-
ты әлемді әлсіздендіріп, ядролық қаруы бар мемлекеттерге біржақты 
артықшылық тудырады. Бұл мәселе түбегейлі шешілгенше, төніп 
тұрған қауіп адамзаттың үстінде төнген күйінде қала бермек.
Екінші үлкен мәселе – табиғат ресурстарын осы кездегі қарқынмен 
жалмай берсе, адамзатты орасан зор апатқа апарып соқтыруы мүмкін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет