ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет364/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   382
жақын ұлттық 
мүдделерінің
бүкіл 
адамзаттың стратегиялық мүдделеріне
қарама-
қайшы келетініне назар аударған жөн. Мысалы, Бразилия экваторлық 
ылғалды орман ағаштарын кесіп, босаған алаңдарға кофе плантация-
ларын кең жайып отыр. Бұл оның ұлттық мүдделері талаптарына сай 
жүргізілген. Бірақ экватордағы ылғалды орман, Сібір тайгасы сияқты, 
оттегінің әлеуетті генераторы болып табылады. Бүгінгі күні Каспийдің 
мұнай қорлары игеріліп жатыр, оның биологиялық байлығы 500 млрд. 
долларға бағаланады. Саясаткерлердің жұбатпа сөздеріне қарамастан, 
итбалықтардың жаппай қырылып жатқанынан, балықтардың құнды 
түрлерінің күрт азаюынан-ақ көп нәрсені аңғаруға болады. 
Соңғы онжылдықтар барысында бірқатар дүниежүзілік конферен-
циялар (Рио-де-Жанейро, Киото, Буенос-Айрес) өтіп, осы мәселелер 
талқыланды, ақылға қонымды шешімдер қабылданды, бірақ кейбір 
мемлекеттердің мүдделеріне қайшы келгендіктен, ол шешімдер толық 
көлемде орындалмай отыр.
Адамзаттың экологиялық мәселелерін шешудің жолдары қандай? 
Сциентизм мен антисциентизм ұсынатын шаралар біржақты болып та-
былады. Шындық ортада тұрып қалғандай. Қазіргі заманғы дамыған 
елдердің тәжірибесі тығырықтан шығаратын жол – ол осы замандағы 
энергия үнемдеуші және экологиялық таза технологиялар екенін 
көрсетіп отыр. Бірақ біз олардың «дамушы елдерге көмек» жалауымен 
сол елдерде өндірістің лас салаларын орналастырып жатқанын және 
бүкіл адамзаттың сау өмір сүруі үшін, қалған әлемдік қауымдастықпен 
өздерінің жетілген технологияларын бөліспейтінін ұмытпауға тиіспіз. 


408
Неге? Онда олар жоғары технологиялардың негізінде өндіріліп жатқан 
сапалы тауарларынан түсетін шексіз пайдаларынан айырылып қалады.
Батыс елдерінің азғындыққа апарып соқтыратын ықпалы туралы 
да ерекше атап айтқан жөн. Олар бұқаралық мәдениет, тәндік-сезімдік 
бағдар арқылы дамушы елдерді жайлап барады. Қатаң бәсекелестік 
жағдайында, әлемнің азайып бара жатқан байлықтарын бөлу үшін 
күрес жолында ғаламдық мәселелерді шешу мүмкін емес. Керісінше, 
олар тереңдеп барады. Ол мәселелерді рухани-адамгершілік жаңару 
арқылы ғана шешуге болады.
Бұл тұрғыда қазақ халқының қалған әлемдік қауымдастықпен 
бөлісе алатын тәжірибесі бар. Қазақтардың санасында қанағат, яғни 
аз нәрсені қанағат тұту, сондай-ақ жалаң ие болу емес, «осы өмірде 
болудың өзі» сияқты өмірлік бағдар үлкен орын алады. Рухани-
адамгершілік құндылықтарға негізделген жаңа өмірлік бағдарға 
көшу – адамзатты экологиялық апат болуы мүмкіндігінен құтқарады. 
Бұл адамның басты қажеттіліктері қанағаттандырылуға тиіс дегенді 
білдіреді. Негізгі қажеттіліктер – таза суға, толыққанды тамақтануға, 
ласталмаған топырақ пен ауаға, жақсы білім мен денсаулық сақтауға, 
мәдениет пен спортқа деген және т.б. қажеттіліктер. Ал қоғамның 
қалған байлығы тым қымбат көліктерге, «жаңа адамдардың» («жаңа 
орыстар» (нувориш), «жаңа қазақтар» деген сияқты) әртүрлі сәнді 
қажеттіліктеріне емес, қоршаған ортаны қорғауға, оны игілікке 
жаратуға бағытталуға тиіс.
Адамзаттың рухани-адамгершілік тұрғыда пісіп-жетілуі – ұзақ 
үдеріс, бұл жолда адамзат әлі күнге дейін қабілеті төмен оқушы бо-
лып қалып отыр. Сондықтан сапалы түрде әзірленген экологиялық 
заңдар қажет. Табиғатты аялайтын да, бүлдіретін де – адам. Адамның 
жоғары экологиялық санасы болуы керек. Жаңа, экологиялық таза 
технологиялардың жасалуына сіздің де күш-жігер жұмсайтыныңызға, 
табиғатқа рақымсыз қарамайтыныңызға сенгіміз келеді.
Үшінші ғаламдық мәселе – ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет