ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет362/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   382
экология мәселесі.
Кез келген қоғам дамуға, өсуге қабілетті, құрылысы күрделі жүйе 
болып табылады. Ал қоғамның «атомы» – ол тәнімен бірге жаны бар, 
қарама-қайшылықтарға, қуаныш пен мазасыздықтарға, сүйіспеншілік 
пен мұңға, шабыт пен күйзеліске толы адам болып табылады. Әр 
адам өзінің алдына нақты мақсаттар қойып, соларды жүзеге асыруға 
ұмтылады. Адамды алғашқы жаратылған күйіндегідей табиғат енді 
қанағаттандыра алмайды. Міне, сондықтан да мыңдаған қалалар, ги-
дроэлектр станциялары, жасанды теңіздер және т.б. пайда болды. Адам 
өзін қоршаған табиғатпен өзара әрекетке түседі.
Табиғат түсінігі ұғымы үш мағынада қолданылады. Өте кең 
мағынасында әлемде табиғаттан басқа ештеңе жоқ – ол тұтас ғарыш. 
Тар мағынасында бұл термин мән санатымен бірігіп кетеді. Біз: «Бұл 
заттың табиғаты неде?» – деп сұрасақ, ол оның мәнін анықтауға па-
рапар болып шығады. Үшінші мағынасында біз табиғат түсінігін осы 
кітапта: «Ол – бізді қоршаған орта, яғни қоғаммен өзара әрекеттесуге 
түсетін орта», – деп қараймыз.
Миллиардтаған жылдарғы дамуы барысында өмірдің барлық 
формаларының бір-бірлерімен бірігіп кеткені соншалықты, «Үлкен 
жүйе» деп аталатын жүйе құруға жетті. Ол үлкен үш құрамдас бөліктен 
тұрады: а) өсімдіктер әлемі; ә) жануарлар әлемі; б) микроорганизмдер 
әлемі.


406
өсімдіктер әлемін 
бейнелі түрде Күн энергиясының алып аккуму-
ляторымен салыстыруға болады. Өсімдік жапырақтарын Күнге қарай 
бұрып және жерден әртүрлі минералды тұздарды тарта отырып, фото-
синтез арқылы оларды өз денесіне айналдырады.
Жануарлар минералды тұздар жинақталған өсімдіктермен 
қоректене отырып, энергияны да өз денесіне сіңіріп, оны қозғалысқа, 
кеңістікте орын ауыстыруға, қозғалып жүруге жұмсайды.
микроорганизмдер әлеміне
келсек, көзге көрінбегенмен, оларсыз 
өмірдің жоғарыда аталған формалары өмір сүре алмаған болар еді. 
Күзде жапырақтар сарғаяды және шіриді. Бұл – микроорганизмдердің 
ісі, олар табиғатқа өсімдіктердің қалдықтарын минералды тұздар мен 
элементтер түрінде кері қайтарады. Микроорганизмдер болмаса, жа-
нуарлар ас қорыта алмас еді.
Сонымен, өмірдің осы үш формасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет