ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет371/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   382
ғылым философиясы
– 1) өзінің негізгі мәселесі ретінде ғылымды 
эпистемологиялық (танымдық) және әлеуметтік-мәдени құбылыс 
ретінде таңдайтын философиялық бағыт; 2) нысанасы ғылым болып 
табылатын арнаулы философиялық пән (бұл термин алғаш рет неміс 
философы және экономисі Евгений Дюрингтің 1878 жылы шыққан 
«Ғылым логикасы және философиясы» деген еңбегінде пайда болған).
Дедуктивизм
– соған сәйкес ғылыми білімді және оның дұрыс 
көрсетілуін дәлелдеудің жалғыз әдісі дедукция болып табылатын 
әдістемелік тұжырымдама; оның түсінілуі: 1) жалпыдан жалқыға 
көшу деп; 2) немесе ойдың іргелі және қарапайым ұғымдарынан 
туынды және күрделірек түрлеріне қарай құрылымдық қозғалыс 
ретінде (құрылымдық-генетикалық әдіс); 3) немесе бастапқы (жалпы-
лама, дерексіз), нысанды біржақты көрсететін қарама-қайшылықтан 
нақты (жан-жақты немесе көпжақты) қарама-қайшылыққа оның 
жетілген күйінің бейнесі сияқты диалектикалық «өту» (Гегельдің 
диалектикалық дедукциясы); 4) немесе салдарларға (сондай-ақ 
ортақтық пен мазмұнның кез келген дәрежесіне) жолдаудан шығатын 
кез келген қажетті қисынды қорытынды.
Джастификационизм
– растау, бекіту, негіздеу. Эмпириялық 
тәжірибені ғылыми білімнің бастауы, негізі және белгісі деп санайтын 
логикалық эмпиризм (позитивизм) философиясы нұсқаларының бірі.


417
Диахрондық талдау
– зерттелетін нысананың (нысанның) даму 
үдерісін бір-бірін ауыстыратын бірқатар кезеңдерге бөлшектеуден 
және кейіннен оларды белгілі бір белгілері бойынша салыстырудан 
тұратын таным әдісі.
Дискурс
– ауызша сөйлесуден, ауызша тілдік ойыннан, сондай-
ақ түйсікпен ойлаудан айырмашылығы – кез келген жазбаша мәтінді 
(тілдік білімді) білдіретін лингвистика және тіл білімі түсінігі. 
Нақ осы дискурс, қазіргі заманның бірқатар философтарының 
(структуралистердің, постструктуралистердің, постмодернистердің) 
пікірі бойынша, жалпы, философияның, оның ішінде ғылым 
философиясының (ғылыми дискурс) тікелей және басты нысанасы бо-
лып табылады.
евгеника
– ізгілікті (шығу тегі бойынша), асыл тұқымды. Адамның 
генетикалық табиғатын жақсарту туралы ғылым немесе адамның 
тұқымқуалаушылық саулығын жақсартуды мақсат еткен әлеуметтік 
қозғалыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет