ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет368/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   382
антиинтеракционализм
– соған сәйкес философия мен ғылымның 
мақсаттары бойынша әртүрлі болатыны соншалықты, олардың ара-
сында ешқандай ішкі байланыс бола алмайтын философия мен 
ғылымның арақатынасы тұжырымдамасы (экзистенциализмнің, 
мәдениет философиясының, құндылықтар философиясының, өмір 
философиясының өкілдері және т.б.).


414
антиципация
– болашақ оқиғалар субъектісін, «саңырауқұлақтың» 
ішкі және сыртқы жай-күйін күнібұрын біліп отыру; бірдеңе туралы 
алдын ала кесіп-пішіп қойған пікір.
антроптық ұстаным
– қазіргі заманғы космологияның 
(әлемнің құрылымы мен дамуының жалпы заңдылықтары туралы 
ілім және астрономияның осы ілімге арналған саласының) негізгі 
тұжырымдарының бірі. Соған сәйкес Ғаламның онда адамның өмір 
сүруіне қарай ғажап бейімделуі орын алады.
антропологизм
– 1) Адам теориясының, оның мәнінің, өмір сүру 
тәсілдері мен мағынасының жалпы теориясы ретіндегі философия 
нысанасының тұжырымдамасы; 2) барлық нысаналарды гуманитарлық 
танып білуге, олардың адами өлшемдегі мағынасы мен маңызын 
іздеуге деген ұстаным.
апостериорлық білім
– таным нысанасын сезімдік және эмпирия-
лық зерттеу нәтижесінде алынған білім.
апперцепция
– кез келген әрекеттің нақты бір субъектінің 
алдыңғы жинақтаған өмірлік тәжірибесіне немесе/және оның өмір 
сүруі мүмкіндігінің априорлық шарттарына тәуелділігі.
ар-ождан
– моральдық сана мен этика санаты ұғымы. В.Даль 
бойынша, «адамның ішкі адамгершілік қадір-қасиеті, қажыр-қайрат, 
адалдық, жанның ізгілігі, таза ар-ұят». Ар-ожданды адамның қоғамдық 
танымдағы табиғи қажеттіліктері салдарының көрінісі сияқты 
атаққұмарлықтан ажырата білу керек. Атаққұмарлық ізгіліктен бас-
тап көргенсіздікке (теріс қасиет деп бағаланатын менмендікке) дейін 
әртүрлі деңгейде көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет