ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет367/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   382
ҚОРытынДы
Міне, біз оқу құралымыздың соңғы бетін де жаптық. Өкінішке 
қарай, кітап көлемінің баспа белгілеген қатаң шектері оған әлі де 
айтқымыз келетін мәселелердің көпшілігін енгізуге мүмкіндік бермеді.
Өне бойы өзімізді шектеуге тура келгеніне сенуіңізге болады.
Мүмкін, ойлаған мақсаттарымыздың барлығына бірдей жете 
алмаған шығармыз.
Бірақ сіздердің – болашақ ғалымдардың, жоғары оқу орындарының 
оқытушыларының, ең жоғары білікті мамандардың жан-жүректерінде 
ғылым тарихы мен философиясына деген қызығушылық ұшқынын 
жарқ еткізе алғанымызға сенгіміз келеді. Ал сіздер таным жолында
тоқтап қалмайсыздар.
Осыған қатысты француз астрономы, математик және физик Пьер 
Симон Лапластың айтқаны естеріңізде ме? Жоқ? Онда есіңізге сала-
мыз. Ол: «Біздің білетініміз – шектеулі ғана нәрсе, ал білмейтініміз – 
шексіз», – деген.
Сөздің толық мағынасында білімді болу үшін, Н.Г.Чернышевскийдің 
сөзі бойынша, көп нәрсе керек те емес, керегі: «Үш қасиет – жан-
жақты білім, ойлай білу дағдысы және сезімдердің ізгілігі». Егер 
сіздер, оқырмандар, өздеріңіз үшін маңызды ғылыми зерттеулерге 
бағыттайтын адам өркениетінің қандай да бір жаңа қабаттарын аша 
алсаңыздар, біз, өз тарапымыздан, терең қанағаттану сезіміне бөленер 
едік. 
«Мен қолымнан келгенін істедім, кімнің қолынан келсе, енді сол 
жақсырақ істесін», – деген латын тіліндегі нақыл ізденушілер мен 
өнертапқыштарға, адамзат игілігі үшін техниканың дамуына үлес 
қосқан адамдарға тағайындалған медальдарға ойылып жазылған. 
Уақыт өте келе, сол жоғары марапаттың біздің Отанымыздың 
гүлдене өркендеуі жолындағы сіздің де сіңірген еңбегіңізді көрсетіп, 
жарқырауына шын жүректен тілектеспіз.


413
глОссаРиЙ
(түсініктемелер)
абстракция
– 1) заттардың және олардың арасындағы қаты-
настардың бірқатар қасиеттерінен ойша алшақтау; 2) дерексіз ұғым
3) таным нысанын ойша бөлшектеудің нәтижесі; соған орай ғылымда 
солардың арасында ойша сұлбалар мен байланыстар (түсініктер, 
пікірлер және т.б.) құрылады.
аксиомалық әдіс
– мәні белгілі бір заттай сала туралы жүйелі 
пікірлердің көп саны ішінен қисынды түрде басқа шынайы пікірлер 
шығатын сондай тұжырымды (теоремалар және жеке-дара шынайы 
пікірлер) бөліп алу болып табылатын ғылыми (әсіресе теориялық) 
білімді ұйымдастыру тәсілі.
актуализм
– тарихи өзгеріп отыратын нысандарды ғылыми зерт-
теу әдісі барысында олардың шынайы ахуалы олардың өткенін түсіну 
кілті болатын әдіс.
алыпсатарлық
– метафизика негізінде жатқан, өмір сүретін, 
бар нәрсенің шекті негіздемелерін ұғынуға бағытталған арнайы 
философиялық пән сияқты білімдер тұрпаты. Ойлау және рефлек-
сия көмегімен жүзеге асырылатын теориялық білім нысаны ретінде 
алыпсатарлық білімдер саласы тікелей тәжірибе саласынан жоғары 
тұрады. Жалпы мағынасында алыпсатарлық практикаға қарсы тұратын 
теорияны, яғни таным мен түсіндіруден басқа нысаны жоқ ойды 
білдіреді және тәжірибеге бағытталған іс-әрекеттер құралы сияқты 
ойға қарсы жорамалданады. Алыпсатарлық ахуалға – рефлексиямен 
бақылаушының сырттай белсенді бақылауына да, үдеріске – өз-өзін 
рефлексиялық қабылдауға да жатқызылады.
анализ (талдау)
– зерттеу нысанасын бөлшектеуден тұратын 
ғылыми танымның маңызды әдістерінің бірі. Ол қашанда мазмұн 
деңгейінде әлдебір тұтастық ретінде белгілі бір құрамдас бөлшектерге, 
элементтерге, аспектілерге, қосымша жүйелерге беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет