Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық униврситеті әлеуметтік-гуманитарлық факультеті



бет3/30
Дата15.03.2023
өлшемі134,33 Kb.
#74467
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Дәріс институт

Отбасы

Мемлекет

Бизнес

Білім беру

Дін

1. Ұстанымдар мен мінез-құқық үлгілері

Бауыр басу­шы­лық.
Түзу ниет. Жауапкершілік.
Құрмет

Құлақ асу.
Түзу ниет.
Субординация.

Өнімділік. Үнемділік.
Табыс алу.

Білімге деген құштарлық.
Сабаққа қатысу.

Қоше­мет­теу­ші­лік.
Түзу ниет.
Табыну.

2. Нышандық мәдени белгілер

Неке жүзігі.
Некелік жоралғы.

Ту.
Мөр.
Герб.
Ұлттық гимн.

Фабрика маркасы.
Патент белгісі

Мектеп эмблемасы. Мектеп әндері.

Крест.
Икондар.
Әулиелер.
Гимн.

3. Утилитарлық мәдени белгілер

Үй.
Пәтер.
Жиһаз.

Қоғамдық ғимараттар. Қоғамдық жұмыстар.
Бланктер мен нысан­дар

Дүкен. Фабрика. Жабдық.
Бланктер мен нысандар

Сыныптар. Кітапхана­лар. Стадиондар.

Шіркеу ғимарат-тары.
Шіркеу реквизиті. Әдебиет.

4. Ауызша және жазбаша кодекс

Отбасылық тыйымдар мен рұқсаттар

Конститу­ция.
Заңдар

Келісім-шарттар.
Лицензиялар.

Оқушылар ережелері.

Сенім.
Шіркеу тыйым-дары.

5. Идеология

Романтикалық махаббат. Сыйысу-шылық.. Даралық.

Мемлекет­тік құқық.
Демокра­тия. Ұлтшыл­дық.

Монополия-лар.
Еркін сауда.
Еңбек ету құқығы.

Академиялық бостан­дық. Прогрессив-тік білім беру.
Оқытудағы теңдік.

Православие. Баптизм.
Протестантизм.

Осылайша әлеуметтік институттар маңызды қоғамдық құндылықтар мен әлеуметтік байланыстардың орнықты нысандары арқылы әлеуметтік құрылымдар мен қоғамдағы тәртіпті ұстап тұрады. Оларды әлеуметтік құндылықтар, нормалар және мінез-құлық үлгілері міндеттейтін өздерінің әлеуметтік рөлдері қоғам мүшелерінің орындауы негізінде мақсатқа бірлесе қол жеткізуді қамтамасыз ететін, белгілі бір әлеуметтік маңызды функцияларды орындайтын адамдардың ұйымдасқан бірлестіктері ретінде алып қарауға болады [41].


Әр түрлі бағыттағы әлеуметтанушылар қоғамдағы әлеуметтік институттардың реттелген жүйесін беруге тырысқан.
Әлеуметтанудағы институционалдық мектеп өкілдері (С.Липсет, Д.Ландберг және т.б.) берген институттардың жіктелуі назар аударарлық. Олардың пікірінше, әлеуметтік институттар төрт негізгі функцияны орындайды: қоғам мүшелерінің өсіп-өркендеуі; әлеуметтендіру; өндіріс пен бөлініс; басқару мен бақылау.
Экономикалық институттар (меншік, алмасу, ақша, банктер, шаруашылық ұйымдар) қоғамдық байлық өндірісін және бөлінісін қамтамасыз етеді, экономикалық өмірді басқа әлеуметтік салалармен біріктіреді. Саяси институттар (мемлекет, партия, қоғамдық ұйымдар, кәсіподақтар) саяси биліктің белгілі бір нысандарын орнатуға және ұстап тұруға бағытталған. Әлеуметтік мәдени және тәрбие институттары мәдени және әлеуметтік құндылықтарды ұдайы өндіруді, жеке адамдардың әлеуметтік мәдени стандарттарды меңгеруін қамтамасыз етеді. Нормативтік-бағдарлаушы институттар жеке адамдардың мінез-құлқын моральдық нормативтер негізінде реттейді. Нормативтік-санкциялаушы институттар жеке адамдар мен топтардың белгілі бір мінез-құлқын заң актілерінде бекітілген нормалар, ережелер мен санкциялар негізінде алдын ала ұйғарып отырады. Рәсімдік-символикалық және жағдайлық-конвенционалдық инсти­туттар топтық және топаралық мінез-құлықтың әр алуан актілерін реттейтін күнделікті ұзақ байланысулар барысында жасалған нормалар мен ұйғарымдарды қамтиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет