1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері. «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша магистратурада білім алуға қажетті емтихан тапсырушының аналитикалық қабілеттілігін анықтау, ой-өрісінің мүмкіндігін саралау, білім, дағды және біліктілік дәрежелерін бағалау болып табылады, таңдап алынған ғылым бағыты мен педагогикалық қызмет бағдарына сай магистрлер даярлаудың жеке тәжірибелік және теориялық білімдерін тереңдету.
Емтиханды қабылдау түрі жазбаша ауызша аралас. Емтиханды тапсырушы емтихан билетінің сұрақтарына өз жауаптарын қағазға жазбаша жазып, сосын емтихан қабылдаушы комиссияға ауызша жауап береді. Аппиляция берілген жағдайында жауап қағазындағы жазылған жауап негіз болады.
2. Магистратураға түсуші тұлғалардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар.Үміткерлер халықаралық қатынастар мамандығы бойынша магистратурада оқуға қажетті білімге ие болуы міндетті.
- халықаралық қатынастар дамуының қазіргі кездегі ерекшеліктері жетік білуге міндетті;
- халықаралық қатынастарды зерттеудің жүйелі түрін меңгерген болуы міндетті;
- аталмыш саладағы шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерімен таныс болуы қажет;
- аймақтық және ғаламдық дамудың өзекті мәселелерімен таныс болуы қажет;
- дипломатиялық протокол мен кәсіби этиканың негізгі ұстанымдарымен таныс болуы міндет;
должны уметь:
- жан жақты сараптама жасауға, халықаралық қатынастардың жаңа қиын үрдістерін салыстырып бағалай білуіге қабілетті болуы қажет.
3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері – Халықаралық қатынастар тарихы
– Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
– ҚР дипломатиясы
– Дипломатиялық және консулдық қызмет
– Халықаралық ұйымдар
– Әлемдік интеграция үрдістері
– Көпжақты дипломатия
– Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар жүйесі
– Халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелері
– Дипломатиялық құжаттар