3 ВИТАМИНДЕР ЖӘНЕ ТАҒАМ ҚОСПАЛАРЫН АНЫҚТАУ
3.1 Витаминдердің тірі организмдердегі рөлі
Витаминдер – құрылысы және физика-химиялық қасиеттері жағынан алуан түрлі, кез келген организмнің тіршілік қызметі үшін міндетті түрде қажет және онда тікелей немесе неғұрлым күрделі қосылыстардың құрамында бола отырып, катализдік және реттеушілік қызмет атқаратын кіші молекулалы органикалық қосылыстар. Витаминдер энергетикалық және құрылыс материалы ретіндегі функцияларды атқармайды. Олар адам және жануар организмінде синтезделмейді, тек өсімдіктерде ғана синтезделеді. Қазіргі кезде 30-дан астам витамин белгілі. Егер адам тәулігіне 600 г негізгі қоректік заттарды (құрғақ затқа шаққанда) пайдаланатын болса, онда осы мөлшерге витаминдерден 0,1-0,2 г ғана қажет болады. Витаминдерді 1880 жылы Н.И. Лунин ашқан. Ол жануарларды тек көмірсулар, белоктар, майлар және минералдық заттармен ғана қоректендірсе, оларда патологиялық құбылыстар дамитынын дәлелдеген. Поляк зерттеушісі К. Функ бұрын белгісіз болған организмге қажетті заттарды витаминдер (тіршілік аминдері) деп атауды ұсынды. Мак-Коллум витаминдерді ашылу ретіне қарай латын әріптерімен біртіндеп таңбалауды ұсынды (А,В,С және т.с.с.).
Витаминдер майда еритін және суда еритін деп екі топқа бөлінеді.
Кесте 10 – Витаминдердің жіктелуі және номенклатурасы
Таң- ба-
сы
|
Химиялық
(халықаралық) атауы
|
Физиологиялық (адамға қатысты) атауы
|
Адам үшін тәуліктік қажеттілігі, мг
|
Майда еритін витаминдер
|
А
|
Ретинол
|
Антиксерофтальмиялық
|
2,5
|
D
|
Кальциферол
|
Антирахиттік
|
0,0025
|
Е
|
Токотриенол
|
Антистерильді (токоферол)
|
15
|
К
|
Филлохинон
|
Антигеморрагиялық
|
0,25
|
Q
|
Убихинон
|
-
|
-
|
F
|
Қанықпаған май қышқылдары-ның комплексі (линоль, линолен және арахидон қ-лдары)
|
-
|
1000
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |