Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының


Жаңа сабақты бекіту (сұрақ жауап)



бет41/122
Дата07.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#17125
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   122
Жаңа сабақты бекіту (сұрақ жауап)

1. Электр тоғының адам организміне әсері қандай?


2. Жарақаттанудың  неше түры бар?
3. Күйык неше  дәрежеде сипаталады?
4. Организмнің жарақаттану ауырлығы?
5. Тоқ өту жолдары?
6. Электрлік жарақатының себептері?
7. Электр тоқпен зақымдануынан қорғайтын құралдары?
8. Алғашқы көмек көрсету қандай?
11 –Дәріс. Мақсаты: Электр тоғына түскен адамдарға алғашқы көмек көрсету жолдарын таныстыру.
Электрмен жарақаттанудың негізгі түрлері. Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек түрлері.

Электр тогымен зақымданған жағдайда зардап шегушіні токтың әсерінен тезірек босатылады, өйткені оның ұзақтығынан электрлік жарақаттың ауырлығы байқалады.

Қысыммен жұмыс істейтін ток бөлу бөліктеріне жанасу көп жағдайда бұлшық еттердің еріксіз тартылуына және жалпы қозуына әкеледі, бұл тыныс алу органдары мен қан айналу қызметінің бұзылуына және тіпті толығымен тоқтауына әкелуі мүмкін. Егер зардап шегуші қолында сымды саусақтарымен қатты ұстап тұрған болса, оның қолынан сымды босату мүмкін болмайды. Сондықтан ең алдымен зардап шегушіге алғашқы көмек ретінде электр қондырғының зардап шегуші ұстаған бөлігін дереу сөндір. Сөндіру ажыратқыш немесе басқа да жабдық арқылы, сондай-ақ сақтандырғыштарды (тығындарды) алу немесе айналдыру, штепсельдік қосқыштарды алу-салу арқылы жүргізіледі.

Егер зардап шегуші жоғарыда болатын болса, қондырғыны ажырату және оны токтан босату оның құлауына әкеледі. Бұл жағдайда зардап шегушінің құлауынан алдын алу немесе оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қолданылады.

Электр қондырғысын ажыратқан жағдайда электр жарығын да бірге өшіреді. Осыған байланысы күндізгі жарық болмаған жағдайда электр қондырғысын өшіруді және зардап шегушіге көмек көрсетуді кешіктірмей бөлменің жарылыс, өрт шығу қауіптілігін ескере отырып, басқа көзден жарық беруді қарастырады (авариялық жарық беруді, аккумуляторлық шамды қосу).

Егер қондырғыны дереу өшіру мүмкін болмаған жағдайда зардап шегушіні тоқтан босатудың басқа да шараларын қолданады. Барлық жағдайларда көмек көрсетуші өмірге қауіпті болғандықтан, сақтандыру шараларын қолданбай, зардап шегушіге жанаспайды. Ол тоқ бөлу бөлігімен байланыста болмау және кернеуде қалмау қадағаланады.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет