Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының



бет49/122
Дата07.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#17125
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   122
Дірілдің екпінін анықтау

Амплитудасы, мм

Жиілігі, Гц

Жылдамдығы, мм/с

Дц

1,300

2

11,2

107

0,300

4

5

100

0,050

8

2

92

0,030

16

2

92

0,010

31,5

2

92

0,006

63

2

92

2.Шудан, дірілден сақтану жолдары.

 

Діріл және шуылдың пайда болуына әкеп соқтыратын: бұрғылау сораптары, зертхана қондырғылары, дозаторлық құрылғылар, дірілді алаңдар, құрылыс машиналары,


компрессорлар және бульдозерлер және т.б.

Мұндай жердегі жұмыстарға жасы 18-ге толмаған және жүкті әйелдерді пайдалануға болмайды. Жұмыс істейтіндердің тағамдарының құрамында В витаминдері болуы керек. Дірілді жерде смена уақытының 2/3 бөлігінде ғана жұмыс істеуге болады және әр сағат сайын 10-15 минут демалыс жасалуы тиіс. Мұндай жұмыстарды бір сменадан артық қалып жасауға болмайды.

Еңбек режимін жасаған кезде дірілдің әсер етуі және онымен байланыссыз басқа жұмыстар орындау ұзақтығының қатынасы 1:2 қатынасынан кем болмау жағын қарастыру керек. Мысалы, қол машинасының санитарлық діріл нормасы 9 Дб-ға дейін артқанда машинананы жұмыс тәртібін 10 минуттан соң басқа жұмыстармен ауық ауық алмастыру пайдалы (10+20+10+20+10+20+10=100 мин). Жұмыстың басқа уақытында (480-100= 380м) дірілмен байланыссыз жұмыс істеу қажет.

Бұл жұмыстарда жұмыс істеу үшін қосымша арнайы киімдер, мәселен, дірілден қорғайтын аяқ киім, қолғап, резеңке төсегіштер т.с. қолданылады (көкірекше, белдік, арнайы костюмдер).дірілден қорғану қолғаптары жұмысқа ыңғайлы болуы шарт. Оның мықты материалы теріні тітіркенуден және ылғалдан сақтайды. Дірілден сақтану киімдерін таза теріден тігеді. Ол 11 Гц жоғары жиілікті өткізеді. Дірілден қорғану киімдері 16;31; 5; 63 Гц және 7..10 дБ жиіліктермен өтеді.

Дірілдің зиянын азайту әдістерін екі топқа бөледі. Бірінші –дірілді күшейтетін әдісті азайтып, оны болдырмау, екінші –дірілді әлсірететін жолдарды қарастырып, машинамен байланысын және құрылыс конструкциясын қарастыру.

Машина шуларын және дірілін азайту үшін бөлшектерді ауыстыру керек. Бөлшектердің дірілін серіппемен немесе басқа да заттарды қолдану арқылы бәсеңдетуге болады.

Егер бөлшек сыртында шуыл көп болса, онда қаптаманы пайдалану керек.Соғылысатын бөлшектер тұтқыр сұйықтарымен майланады, ал дірілдейтін және шуылы бар бөлшектерді май ваннаға салады.

Егер шуылды қалыпты жағдайға дейін азайту мүмкін болмаса, онда машина конструкциясына шуыл көзін оқшаулайтын немесе шуыл жұмысын жұтатын құрылғылар енгізіледі. Ол үшін шуыл тудыратын жабдықты тұтастай дыбыс оқшаулайтын қаптамаға салады және оның басқару жұмысын автоматтандырады: дыбыс оқшаулайтын қаптамада қажет тесіктердің ішін дыбыс жұтатын материалдармен қапталған каналдар түрінде орындайды.

Діріл және шуылдың ауа жүргіш және құбырмен таралуын бәсеңдету үшін оларды резеңкеден жасалған түтік арқылы желдеткіштерге және сораптарға қосады. Шығатын шуылды азайту үшін ғимараттар ішінде төбесін және қабырғаларын дыбыс жұтқыш материалдармен қаптайды. Жұмыс орнында дірілді азайту үшін амортизаторлы жұмсақ орындықтар қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет