Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет11/27
Дата31.12.2021
өлшемі394 Kb.
#23524
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Уақыт бойынша - сыйақылық төлем кезінде жұмысшыға, оның жалақысына қосымша ретінде орнатылған үшін сыйақы төленеді.

Зиянды, қауіпті және ерекше еңбек жағдайларында жұмыс істейтін (цементті, шіріген күл –қоқысты, улы химикаттарды, аммиак пен қауіпті жүктерді және т.б. тасымалдайтын) арнайы және арнайы мамандандырылған автомобильдер жүргізушілері еңбек жалақысын тарифтік қойылымдардың үшінші, жоғарғы тобы бойынша алады.


Лекция №5. Жаңа техниканы өндіріске енгізу және ұйымдастырушылық–техникалық іс–шаралардың тиімділігін анықтау.
Өндірісті техникалық дамыту және ұйымдастыру жоспарын кәсіпорын мен саланы дамытудың келешектегі жоспарлары мен ғылыми – зерттеу және жобалық институттардың, конструкторлық бюролардың, зертханалардың жұмыстарының нәтижелері негізінде жасап шығару қажет. Жоспарларды жасап шығару кезінде отандық және шет елдік ғылым мен техниканың жетістіктерін, сондай-ақ еңбек және материалдық қорлардың ең төменгі шығындарына қол жеткізе отырып, ең қысқа мерзімде нәтижелерді алу үшін патенттер мен лицензияларды пайдалану мүмкіндігін ескеру қажет.

Өндірісті техникалық дамыту және ұйымдастыру жоспарынқұрастыру жөніндегі жұмыстарды кәсіпорынның бас инженері басқарады. Бұл жоспарды жасап шығаруға қызметкерлердің кең активін, өндіріс жаңашылдарын тарту қажет.

Қандай да бір көрсеткішке әсер ететін себепкерлердің анықтау үшін алдыңғы жылдардағы есептік мағлұматтардың жан – жақты сараптамасы, өндірістің техникалық дамыту және ұйымдастыру жоспарының алдын алады. Жоспардың негізгі еңбек өнімділігін жоғарылатуға, тасымалдаулардың өзіндік құнын төмендетуге, еңбек жағдайларын жақсарту кезіндегі тиімділіктің өсуіне бағытталған іс-шаралар болып табылады.

Автокөлік кәсіпорнының өндірісін техникалық дамыту жоспары, ереже бойынша, келесі тараулардан тұрады:



  1. Жаңа техниканы енгізу, яғни жылжымалы тізбектің, тіркемелер мен жартылай тіркемелердің, арнайы мамандандырылған жылжымалы тізбектің жаңа түрлерін енгізу, жоғарғы техникалық пайдалану қасиеттеріне және т.б. ие болатын жаңа станоктар мен жабдықтарды енгізу;

  2. Өндірісті механикаландыру мен автоматтандырудың прогресшіл технологиясын енгізу (жүктерді контейнерлерде, поддондар мен қаптамаларда тасымалдау, шаң-тозаң түріндегі жүктерді арнайы мамандандырылған жылжымалы тізбекпен тасымалдау);

  3. Еңбектің ғылыми ұйымдастырылуын енгізу, яғни жұмыс орындарының типтік жобаларын енгізу негізінде жұмыс орнын ұйымдастыру мен баптауды жетілдіру, еңбектің алдыңғы қатарлы тәсілдері мен баптауды жетілдіру, еңбектің алдыңғы қатарлы тәсілдері мен әдістерін, еңбекті ұйымдастырудың ұжымдық қалыптарын енгізу, кешендік бригадалар құру, жүргізушілердің, жөндеу жұмысшылары мен басқа да жұмыс істеушілердің еңбегін нормалауды жетілдіру, ғылыми ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар нәтижесінде еңбек жағдайларын жақсарту, жарықтандыруды жақсарту, жұмыс орнындағы шу мен газдылықты төмендету, жұмыс істеушілердің еңбек және демалыс тәртіптерінің физиологиялық тұрғыдан негізделген қалыптарын енгізу және т.б.

  4. Негізгі қорларды күрделі жөндеу және модернизациялау, яғни автокөлік құралдарын, жекеленген тораптар мен агрегаттарды, жабдықтарды күрделі жөндеу, негізгі қорларды модернизациялау;

  5. Ғылыми – зерттеу және тәжірибелік – конструкторлық жұмыстар, яғни ғылыми – зерттеу және тәжірибелік – конструкторлық жұмыстардың көлемі мен құны, жұмыстардың мақсаты, міндеттері мен тәртібі және өңдемелер нәтижелерін енгізу, олардың тиімділігі, шығындардың өзін-өзі ақтауы, жұмыстарды ұйымдастыру және олардың орындалу мерзімдері үшін жауапты тұлғалар.

Өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылатудың жалпылама көрсеткіштеріне тасымалдаулар көлемдерін арттыру қарқындары, негізгі өндірістік қорлар мен нормаланған айналым құралдарының салыстырмалы түрдегі үнемделуі, тасымалдаулардың тиімділігі мен өзіндік құны.

% -бен берілген тасымалдаулар көлемдерін арттыру қарқындарын, жоспарланған жылдағы тасымалдаулар көлемін Wп бір жылдағы тасымалдаулар көлеміне Wб болу арқылы анықтайды:



Негізгі өндірістік қорлардың салыстырмалы түрде үнемделуі:



Мұндағы: Фδ, Фп – негізгі өндірістік қорлардың сәйкесінше, негізгі және жоспарланған жылдардағы орташа жылдың құны, мың теңге.



Ид – жоспарланған жылдардағы табыстардың жалпы көлемінің негізгі жылдағы табыстардың жалпы көлемімен салыстырғандағы өсу көрсеткіші.

Нормаланған айналым қаражатының салыстырмалы түрде үнемделуі:



Мұндағы: ОСб және ОСп – нормаланған айналым қаражатының сәйкесінше, негізгі және жоспарланған жылдардағы орташа жылдың құны, мың теңге.

Өндірістің рентабельділігі:

Мұндағы: П – кәсіпорынның бір жылдағы өндірістік – шаруашылық

қызметінің нәтижелері бойынша алынған пайдасы, мың

теңге;


ПФ - өндірістік қорлардың орташа жылдық құны, мың теңге;

ОПФ – негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны, мың

теңге;


НОС – нормаланған айналым қаражатының орташа жылдық

құны,мың теңге.

Еңбекті пайдалану тиімділігін жоғарылатудың көрсеткіштеріне еңбек өнімділігінің өсу қарқындары, еңбек өнімділігін жоғарылату нәтижесінде өнім өсімінің үлесі, тірі еңбекті үнемдеу және т.б. жатады.

Еңбек өнімділігінің өсу қарқындары, жоспарланған жылдағы еңбек өнімділігі деңгейінің ПТб қатынасы ретінде пайыздарда жоспарланады:



ПТ=100ПТа/ПТб.

Еңбек өнімділігін жоғарылату нәтижесінде көлік өнімінің өсу үлесі:



Мұндағы: Wч – жұмыс істеушілер санының өсу қарқыны, % ;



W – көлік өнімінің өсу қарқыны, % .

Жаңа техниканың экономикалық тиімділігін жоғарылату көрсеткіштерін есептеу Халық шаруашылығында жаңа техниканы, өнертабыс пен рационализаторлық ұсыныстарды пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтау әдістемесінің негізінде жүргізіледі.

Жаңа техниканың экономикалық тиімділігін есептеу және негіздеу кезіндегі міндетті шарт шаруашылық тұрғыдан жуықтау болып табылады. Қандай да бір іс – шараға жұмсалатын капитал салымдарының бағыты туралы қабылданған шешімінің тек берілген кәсіпорын немесе сала үшін ғана емес,бүкіл шаруашылық үшін де ең тиімдісі болып табылуы қажет.

Әдістеме салыстырмалы экономикалық тиімділікті есептеу қағидаларына негізделген. Жаңа техниканы жасап шығару және енгізудің мақсатқа сайлылығы туралы шешім жылдың экономикалық тиімділікті анықтау негізінде қабылданады.

Тиімділікті есептеуді, өндірісті техникалық дамыту және ұйымдастыру жоспарына кіргізілетін ең тиімді нұсқаны таңдаудан бастаған жөн. Осы мақсатта бірдей техникалық шешімнің әртүрлі нұсқалары келтірілген шығындардың соммасы бойынша бағаланады.Келтірілген шығындардың ең төменгі мәнін қамтамасыз ететін нұсқа ең тиімді болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет