Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Педагогикалық процестің бөліктері



бет21/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#16877
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66
Педагогикалық процестің бөліктері.

Педагогикалық процестің жеке дара бөліктері туралы оның теориясын жасаудан біраз бұрын практикада жеткілікті дәрежеде жақсы белгілі болған. Олардың бір бөліктері (мақсат, міндет, мазмұны) өзгеру барысындағы қоғамдық өмірге мектептің әлеуметтік тапсырма ерекшеліктеріне байланысты қайта-қайта жаңадан қаралып жетілдіре түседі.

Педагогикалық процестің заңдылықтары дегеніміз «ұстаздар-оқушылар» жүйе байланысын көрсету болады: жүйенің өзінің ішіндегі кейбір жеке қосымша жүйелердің және сыртқы басқа одан жоғары сатыдағы жүйелер. Көрсетілген себеп бойынша педагогикалық процестің қызмет істеуінің ерекшелігі қатынас көрсететін процестің қасиеті мен оның сапасын, заңдылықтарын анықтайды.

Сондықтан да педагогикалық процестің негізгі мынадай заңдылықтары болады:



  • оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттілігіне сай болады;

  • педагогикалық процестің мақсатқа бағыттылығы қоғамның мақсатын көрсетеді, ол әлеуметтік тапсырыс ретіндегі білім беру заңдары арқылы талап етіледі;

  • педагогикалық процесс екі жақты процесс, ол ұстаздармен оқушылардың өзара тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің әрекетімен байланысты, міндетті түрдегі екі жақты іс-әрекет;

  • оқушылардың творчестволық белсенділігі мұғалімнің мұқият ойластырған және ұйымдастырылған іс-әрекетінің нәтижесі;

  • педагогикалық процестің қызметі оның жасалуымен ұйымдастырудың оқушылар ұжымы, сонымен қатар жеке оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейлеріне сай келуіне байланысты;

  • педагогикалық процесс бөліктерінің мағынасы маңыздылығы әртүрлі, олардың бір-біріне бағыныштылығы мен бір-біріне әсері бар;

  • педагогикалық процесс бір қас қағым сәттік емес, ұзақ мерзімге уақытқа бағытталған;

  • педагогикалық процестің ішіндегі қосымша жүйелердщің ортасы мен өзара қиылысқан бағыттарының әсері көптеген факторларды тудырады, соның ықпалы негізінде ең ақырғы нәтиже қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет