Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың әдістері



бет43/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#16877
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66
4.Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың әдістері. Әдет, мінез-құлықтың белгілі бір түрі-оқушылар тәрбиесінің нәтижесі. Жеке тұлғаның тәрбиелілігі оның түсініктері мен сенімдерінен басқа нақты істері мен әрекеттері арқылы көрінеді. Сондықтан іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық

тәжірибесін қалыптастыру тәрбиелік процестің өзегі болып есептеледі.

Іс-әрекеттер арқылы әдеттер қалыптасып, жағымды мотивтер дамиды. Әдістер арқылы оқушылар өмірін мінез-құлық, қарым-қатынастар тәжірибесін біртіндеп жинала бастайтындай етіп ұйымдастыруға болады. Оқушылардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру пайдалы істер арқылы жүзеге асады, ол істер барысында оқушылар басқа адамдармен жан-жақты қатнасқа түседі.

Басты әдістердің бірі – жаттығу, жаттығудың мәні белгілі бір әрекетті автоматты түрге айналғанға дейін қайта-қайта орындау, соның нәтижесінде оқушының жеке тұлғалық қасиетінің өзегі болатын дағдылар мен әдеттер қалыптасады. Адамның әдеттерді қалыптастыруға қабілеті болмаса, дамуында жылжу болмайды.

Жаттығуларды орындауда талап ету әдісі қолданылады. Бұл әдіс оқушының белгілі бір іс-әрекетіне дем беріп немесе тежеп, жекелік қасиеттерді қалыптастырады. Талап түріне қарй тура немесе жанма болып бөлінеді. Тура талап етуге бұйрық ету, анықтық, нақтылық тән. Жанама талаптар ақыл-кеңес, өтініш, мақұлдау сияқты түрлері арқылы беріледі.

Жаттығу түрлерінің бірі- үйрету, дағдыландыру әдісі. Бұл интенсивті орындалатын жаттығулар. Белгілі бір әдетті тез және жоғарғы деңгейде қалыптастыру үшін үйретуді қолданады.

Жаттығу әдісі тапсырма беру әдісінің негізін құрайды. Тапсырманың орындалуын тапсырма берген адам бақылайды.

Жаттығу мен үйретудің бір түрі – тәрбиелік жағдайлар әдісі. Тәрбие жүйесі педагогикалық жағдайлардан тұрады, ал олар нәтижелі болу үшін мұғалім арнайы жағдайлар құрастырады. Ондайда жағдай шындыққа ұқсас болу қажет. Жағдайдың кез-келген түрінде оқушы шешім қабылдай алуы керек. Көбіне жоықтар, экскурциялар мен ойындар кезінде құрастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет