Е = П100/К = (Б-ӨҚ) 100/К мұндағы Е – жұмсалған капиталға шаққандағы пайда мөлшері,%;
П – жылдық пайда, теңге;
К – пайда алуды қамтамасыз ететін күрделі қаржылар, теңге;
Б –өнім өндірісінің жылдық көлемі, теңге;
ӨҚ – бір жылда шығарылған өнімнің толық өзіндік құны, теңге.
Жұмсалған капиталдан ең көп пайда алу кәсіпорынның ұзақ мерзімді даму болашағын қамтамасыз ететін нарықтық іс-әрекетінің маңызды экономикалық нәтижесі болып табылады. Пайда мен бір мезгілді шығындардың ара қатынасы өндірістің тиімділігін шын мәнінде арттырудың бастапқы негізі болып табылады. Бірақ нарық заңдарына сәйкес өндіріс тиімділігін еңбек өнімділігімен бірдей деп қарастыруға болмайды.
Ақырында экономикалық тиімділігін еңбек өнімділігінің өсу арқасында көруге болады. Демек, еңбек өнімділігінің деңгейі өндірістің экономикалық тиімділігінің өлшемі болып табылады. Еңбек өнімділігі жоғары болған сайын өндіріс шығындары төмен, ал еңбек шығындарының экономикалық тиімділігі жоғары болады.
Кәсіпорынның іс-әрекетінің неғұрлым үнемді бағытын таңдап алу үшін, салыстырмалы тиімділік көрсеткіштерінің жүйесі қолданылады. Салыстырмалы тиімділік көрсеткіштеріне – үлестік күрделі қаржы, өнімнің өзіндік құны, күрделі қаржы қайтарымдылығы, табыс пен шығындардың арақатынастары жатады.
Үлестік күрделі қаржылар іске қосылатын өндірістік қуаттың бірлігіне есептелген немесе дайын өнімнің өсіміне есептелген күрделі қаржылардың көлемін сипаттайды. Инвестицияландыру варианттары бойынша алынған үлестік күрделі қаржылар азайту критерийлары арқылы өзара салыстырылады.
Тиімділік жалпы және салыстырмалы болып бөлінеді. Жалпы тиімділік – шығындарды атқару арқылы пайда болған әсердің жалпы көлемін көрсетеді және оны инвестициялардың әрбір объектілері бойынша есептеуге болады. Салыстырмалы тиімділік белгілі бір өндірістік және шаруашылық есептерді шешуде, екі немесе бірнеше шешім вариантарының ішінен біреуін таңдап алуда есептелінеді. Ол бір варианттың басқа вариантпен салыстырғандағы экономикалық қолайлығын көрсетеді.
Жалпы тиімділіктің көрсеткіштері мынадай категориялар бойынша топталады:
өндірістік іс-әрекеттің тиімділігін көрсететін көрсеткіштер, кәсіпорынның пайдалылығын және оның активтерді қолдау мүмкіншіліктерін өлшейді;
өтімділік көрсеткіштері, кәсіпорындардың қысқа мерзімді міндеттемелерді орындау мүмкіншіліктерін, айналым қорларын басқаруын сипаттайтын көрсеткіштер;
қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері, кәсіпорынның активтерін қаржыландыруда қолданылатын капиталдың құрылымын құру әдістеріне байланысты болған тәуекелділік деңгейін анықтайтын көрсеткіштер.
Өндірістік іс-әрекеттің тиімділігінің көрсеткіштері. Бұл топ көрсеткіштері ағымды негізгі өндірістік іс-әрекеттің нәтижелері мен тиімділігін сипаттайды. Бұлардың көмегімен кәсіпорынның іскерлік белсенділігін бағалауға болады. Ол үшін қаралып отырған кәсіпорынның қызметтік іс-әрекетін басқа да кәсіпорындармен салыстыру қажет. Мұндағы сапалық критерийге кіретіндер: өнімнің көлемі, кәсіпорынның кеңдігі, экспортқа шығарылатын өнімнің көлемі, кәсіпорын беделі (репутация) және т.б.
Сандық бағалау екі бағытта жүргізіледі:
негізгі көрсеткіштер бойынша жоспардың орындалу деңгейі;
кәсіпорын ресурстарын қолданудың тиімділік деңгейі.
Шаруашылық іс-әрекеттің тиімділігін көптеген абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштер арқылы бағалауға болады. Солардың ішіндегі маңыздысы – пайда көрсеткіші болып есептелінеді. Пайда әрбір кәсіпорынның іс-әрекетінің негізгі критерийі және ақырғы мақсаты болып табылады.
Тиімділіктің салыстырмалы көрсеткіштері:
активтердің айналымдылығы (салу көлемі / активтердің орташа жылдық құны х 100 пайыз) кәсіпорынның тауарлары бар активтердің негізінде шығарылып, сатылу мүмкіншіліктерін сипаттайды;
негізгі капиталдың айналымдылығы (сату көлемі / негізгі капитал), негізгі капиталға кіргізілген қаражаттардың қолданылу тиімділігін көрсетеді;
айналым қаражаттарының айналым коэффициенті (сату көлемі / айналым капиталы), айналым саны неғұрлым көбірек болса, соғұрлым фирманың коммерциялық іс-әрекеті жылдамырақ және ағымды операцияларды жүргізуге қаражат мөлшері де аз кетеді;
материалдық-өндірістік запастардың айналым коэффициенті (сату көлемі / материалдық-өндірістік запастар), материалдық-өндірістік запастардың жылдық айналым санын көрсетеді.
Өтімділік көрсеткіштері:
меншіктік айналым қаражаттарының көлемі немесе таза айналым капиталы (меншікті капитал-ұзақмерзімді активтер). Кәсіпорынның меншік капиталының ағымды активтерді жабу көздері болып табылатын бөлшегін сипаттайды. Бұл көрсеткіш коммерциялық іс-әрекеттермен шұғылданатын кәсіпорындар үшін аса маңызды болып келеді. Меншіктік айналым қаражаттарын көбейтудің ең негізгі және тұрақты көзі – пайда.
тез өтімділік коэффициенті – АҚ+ДҚ / Ағ мінд. Бұл коэффициент жабу коэффициенті сияқты есептеледі, бірақ ағымды активтердің аз-маз бөлшектерімен есептелінеді, есептеуден – өндіріс запастары алынып тасталады.
абсолюттік өтімділік коэффициенті (ақша қаражаттары / ағымды міндеттемелер). Кәсіпорын өтімділігінің ең тұрақты критерийі, қысқа мерзімді қарыз міндеттемелерінің қай бөлігі қажет болған жағдайда, тез арада өтеле алатынын көрсетеді.
запастарды жабудағы меншіктік айналым қаражаттарының үлесі (меншіктік айналым қаражаттары / запастар мен шығындар), запастардың меншіктік айналым қаражаттарымен жабылатын бөлігін көрсетеді.
Өндірісті дамыту және жетілдірудің негізгі бағыттары бойынша топтастыру шығындар мен ресурстарды пайдаланудың нәтижелілігін көрсетеді және келесі факторларды қамтиды:
өндірістің дамуын мемлекеттік реттеу жүйесі;
ғылыми-техникалық серпілістікті жеделдету және ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске кеңінен енгізу;
өндірістің салалық құрылымының тиімділігі;
шоғырландыру, мамандандыру, бірлесу және үйлестірудің негізінде өндірістің салалық және аймақтық ұйымдастырылуын жақсарту;
өндірістік кадрлардың мәдени-техникалық және мамандық деңгейін арттыру және т.б.
Қазіргі кезеңде өндірістің дамуын тікелей және жанама түрінде реттеу, мемлекеттік кәсіпкерлік, бағаны реттеу, өндіріс шығындарының қалыптасуын реттеу, еңбекақыны реттеу, амортизациялық саясатты, несиелік реттеу, құрылымдық реттеу, белсенді әлеуметтік саясат және т.с.с. өндірістік тиімділіктің басты факторлары болып табылады.
Тиімділік факторларының іске асуына байланысты өндірісті басқарудың жеке бөлімдері бойынша қоғамдық еңбекті үнемдеуге көмектесетін, олар ішкі өндірістік, салалық және халық шаруашылықтық болып бөлінеді. Бұл топтың факторларына жататындар: кәсіпорын деңгейінде – ұйымдастыру-техникалық және әлеуметтік-экономикалық факторлар (ғылыми-техникалық серпілістікті жеделдету, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру); сала деңгейінде жоғарыда аталғандарға ерекше салалық факторлар қосылады (жаңа өндірістерді меңгеру, шоғырландыру, мамандандыру, бірлесу және үйлестіру және т.с.с.); халық шаруашылығының деңгейінде өндірістің дамуын мемлекеттік реттеу, өндірісті ұтымды орналастыру, халықаралық еңбек бөлісі және т.б. факторлар қосылады. Ішкі өндірістік факторлары шығындар мен ресурстарды пайдаланудың экономикалық тұрғыдан тиімді бағыттарын негіздеу кезінде кәсіпорындардың экономикалық және әлеуметтік дамуының кешенді жоспарларында тікелей көрініс алады.
Өндіріс тиімділігін арттырудың жолдары – бұл берілген бағыттарда өндіріс тиімділігінің өсуі жөніндегі нақты шаралар кешені. Өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі жолдары төмендегідей:
- еңбексыйымдылығын төмендету және еңбек өнімділігін арттыру;
- өнімнің материалсыйымдылығын төмендету және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану;
- өнімнің қорсыйымдылығын төмендету және кәсіпорындардың инвестициялық саясатын белсендендіру.
Өнім сапасын арттыру, жаңа техниканы, озат тәжірибені енгізу, техникалық қайта қарулану және қайта құру, жаңа шаруашылық тетікті енгізу кәсіпорындар жұмысының негізгі нәтижелеріне әсер ететін жағдайлардың барлығында еңбек ұжымдарының іс-әрекетін жоспарлау, бағалау және ынталандыру сияқты және оны экономикалық талдау барысында да осындай факторлардың есебінен алынған бүкіл нәтижені толық айқындау және ескеру қажет.
Кәсіпорындардың нарық жағдайларына бейімделуі қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігін жоспарлауы, есептеуі, талдауы және ынталандырудың теориялық және әдістемелік мәселелер кешенін жасаудың тұтас және тиімді шаруашылық тетікті жасаудың маңызды алғы шарты болып табылады.
Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні қоғамның мүдделеріне сай ең аз мүмкін болатын шығындармен барынша жоғары нәтижелерге жету ретінде экономистердің копшілігімен түсіндіріледі. Сондықтан ондірістің экономикалық тиімділігін анықтау өндірістің нәтижесін, осы нәтижені қамтамасыз ететін нақты және алдыңғы уақыттағы еңбектің тұтас шығындарымен салыстыруға негізделуі қажет.
Өндіріс тиімділігін аныктау үшін оның өлшемін, яғни мәнін ашып көрсететін бағалаудың басты бслгісін анықтаудан басталады. Өндірістің экономикалық тиімділік өлшемінің мағынасы кәсіпорынның алдына қойылған даму мақсаттарына сәйкес алынатын нәтижелерді барынша көбейту немесе жұмсалған шығындарды мүмкіншілігіне қарай аз жұмсау қажеттілігінен шығады. Мүндай мақсаттар ретінде өмір сүруді жэне тұракты өсуді камтамасыз ету, құрылымдықты қайта кұру, әлеуметтік стратегия және т.с.с. түрлері болуы мүмкін. Осы мақсаттардың алуан түрлілігіне қарамастан ең жоғары экономикалық нәтижелерге жету, ұзақ мерзімді даму болашағын ескере отырып, пайданың мол келемін табуға ұмтылу максаттары үстем болып табылады.