Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Пайда көлеміне әсер ететін факторлар



бет55/84
Дата13.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#49730
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   84
Байланысты:
umk kasipor n ekonomikas 2021-2022

Пайда көлеміне әсер ететін факторлар. Кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыру үшін өндіріс пен сату көлемін арттыру, өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын төмендету, пайданың өсу резервтерін анықтау жатады. Пайданы арттыру резервтерін іздестірудің негізгі бағытын анықтау үшін оны алуға әсер ететін факторларды зерттеу қажет.
Сыртқы факторларға табиғат жағдайы, бағаны, тарифті, пайыздық ставкаларды, салық ставкаларын және жеңілдіктерді, айыппұл санкцияларын мемлекеттік реттеу және т.б. жатады. Бұл факторлар кәсіпорын қызметіне тәуелді емес, бірақ пайда көлеміне айтарлықтай әсерін тигізе алады.
Ішкі факторлар өндірістік және өндірістік емес болып жіктеледі. Өндірстік факторлар еңбек құралдары мен аспаптарының, еңбек және қаржы ресурстарының әрекет етуі мен пайдалануын сипаттайды. Олардың өзі екіге жіктеліп көрсетіледі: экстенсивті және интенсивті. Экстенсивтік фактор пайда алу процесіне сандық өзгерістер арқылы әрекет етеді: еңбек құралдары мен аспаптарының көлемі, қаржы ресурсы, жабдықтың жұмыс істеу уақыты, персонал саны, жұмыс уақытының қоры және т.б. Интенсивті фактор пайда алу процесіне «сапалық» өзгерістер арқылы әсер етеді: жабдықтың өнімділігін және оның сапасын арттыру, материалдық үдемелі түрлерін пайдалану мен оларды өңдейтін техноголияларды жетілдіру, айналым қорының айналымдылығын жылдамдату, персоналдың еңбек өнімділігі мен біліктіілгін арттыру, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру мен қаржы ресурстарын анағұрлым тиімді пайдалану және басқалары. Өндірістік емес факторға мәселен, өткізу-жабдықтау және табиғатты қорғау қызметі, еңбек пен тұрмыстың әлеуметтік жағдайы және т.б. жатады.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігі мен оның функциялануының экономикалық мақсаттылығы оның рентабельділігімен тікелей байланысты, яғни кәсіпкерлік фирманың өнімі мен ресурсының, капиталдың пайдалылығы мен табыстылығы бойынша қорытынды жасауға болады. Рентабельділік – кәсіпорынның табыстылық деңгейінің салыстырмалы көрсеткіші, ол кәсіпорынның жалпы жұмысының тиімділігін, қызметтің әртүрлі бағыттарының (өндірістік, коммерциялық, инвестициялық және т.б.) табыстылығын сипаттайды.
Пайдаға қарағанда рентабельділік шаруашылықтың соңғы нәтижесін анығырақ көрсетеді, өйткені ол әсердің қолдағы бар немесе тұтынылған ресурстарға қатынасын көрсетеді. Кәсіпорын қызметінің нәтижесін талдауда пайданың абсолютті сомасының көрсеткіші толық сипатталмайды, өйткені атқарылған жұмыс көлемі белгісіз болғандықтан, оның жақсы немесе жаман жұмыс істегені белгісіз болады. Рентабельділік деңгейімен сипатталатын пайда мен атқарылған жұмыс көлемінің қатынасы ғана есептегі жылғы кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін бағалауға, есептегі кезеңнің нәтижелерімен салыстыруға, сондай-ақ, талданып жатқан кәсіпорынның сол саладағы басқа кәсіпорындар арасындағы орнын анықтауға мүмкіндік береді. Рентабельділік көрсеткішін кәсіпорын қызметін талдауда, инвестициялық саясаттың құралы ретінде және баға құрылымында қолданады.
Жалпы рентабельділік – ресурстарды пайдалану дәрежесі мен шығынның орнын толтыру деңгейін сипаттайтын өндіріс тиімділігінің салыстырмалы көрсеткіші.
Рентабельділік коэффициентінің негізінде жұмсалған құжаттың немесе сатудан түскен түсімнің немесе кәсіпорын активінің пайдаға қатынасы (көбінесе рентабельділік көрсеткішін есептеуге таза пайданы қолданады) жатыр. Осылайша, рентабельділік коэффициенті компания қызметінің тиімділік дәрежесін көрсетеді.
Кәсіпорын рентабельділігін бағалау келесі көрсеткіштердің көмегімен жүргізіледі:

              1. Өнім рентабельділігі (Рөн) – өнімнің толық өзіндік құнының сол өнімді сатудан түскен пайдаға қатынасы ретінде анықталады. Рентабельділіктің осы көрсеткішін қолдану ішкі шаруашылық анатикалық есептеулерде, бұйымның жеке түрінің пайдалығын (шығынын) бақылауда, өндіріске өнімнің жаңа түрін енгізуде және өндірістен тиімсіз өнімдерді шығаруда анағұрлым оңтайлы. Өнім рентабельділігі мына формула бойынша анықталады:

Рөн = (Псат / Қт) * 100% (14.1)


Мұндағы, Псат – өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен пайда, тенге;


Қт – сатылған өнімнің толық өзіндік құны, тенге

Пайда өнімнің өзіндік құнымен қалай байланысты болса, сол өнімнің сатылу бағасымен де солай байланысты болады. Сондықтан, өнім рентабельділігі еркін немесе реттелген баға бойынша сатылған өнім құнының, яғни сатудан түскен түсімнің пайдаға қатынасы арқылы анықталады. Сондықтан рентабельділіктің келесі көрсеткіші сату рентабельділігі деп аталады.



  1. Сату (айналым) рентабельділігі – Рс:

Рсат = Псат / Т * 100% (14.2)


Мұндағы, Т – өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен түсім.


Аталмыш коэффициент әрбір сатылған өнімнің бірлігіне қанша пайдадан келетінін көрсетеді. Осы көрсеткіштің өсуі сатылған өнім өндірісіндегі тұрақты шығын жағдайындағы бағаның өсуін, немесе тұрақты баға жағдайындағы өндіріс шығынының төмендеуін анықтайды. Сәйкесінше сату рентабельділігінің төмендеуі, тұрақты баға жағдайындағы өнім өндірісінің шығынының өсуі туралы немесе қарастырылып жатқан кәсіпорынның сатылған өнімінің бағасының төмендегені туралы, яғни сол өнімге деген сұраныстың төмендегенін дәлелдейді.
Өнім рентабельділігі мен сату рентабельділігінің көрсеткіштері өзара байланысты және жалпы өнімді, сондай-ақ оның жеке түрлерінің өндірісі мен оны сатудағы ағымдық шығынының өзгеруін сипаттайды. Осыған байланысты өндірілетін өнімнің ассортиментін жоспарлауда өнімнің жеке түрінің рентабельділігі, жалпы өнім рентабельділігіне қаншалықты әсер ететінін ескереді. Сондықтан өндірілген өнімнің құрылымын жоғарғы немесе төменгі рентабельділіктегі өнімнің үлес салмағының өзгеруіне байланысты қалыптастыру қажет, яғни жалпы өндіріс тиімділігін арттыру және пайданы арттыруға қосымша мүмкіндіктер алу.

  1. Капитал рентабельділігінің көрсеткіштері:

а) меншікті капитал рентабельділігі (Рөк):

Рөк = (Пт / Кө) * 100% (14.3)


Мұндағы, Пт – таза пайда;
Кө – өзіндік капиталдың орташа көлемі.
Бұл көрсеткіш меншік капиталды тиімді пайдалануды сипаттайды және кәсіпорынның меншік капиталының бір данасына қанша пайдадан келетінін көрсетеді. Меншік капиталдың рентабельділік коэффициентінің мәнінің өзгеруі мәселен, биржада кәсіпорын акциясының баға белгілемінің өсуі немесе төмендеуімен байланысты болуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда акцияның есептік бағасы оның нарықтық бағасына үнемі сәйкес келе бермейтінін ескеру қажет. Сондықтан, меншік капиталының рентабельділік коэффициентінің мәнінің жоғарылығы кәсіпорынға инвестицияланған капитал қайтарымының жоғары екенін дәлелдей бермейді.

б) инвестициялық капиталдың рентабельділігі (Ри):


Ри = Пт / Кин * 100% (14.4)


Мұндағы Кин – инвестициялық капиталдың орташа көлемі.


Ол белгілі бір кезең ішіндегі меншікті капитал көлемінің орташа сомасы мен сол кезеңдегі ұзақ мерзімді займдар мен несиелер көлемінің орташа сомасына тең.
Аталмыш көрсеткіш ұзақ мерзімге салынған капиталды пайдалану тиімділін көрсетеді. Инвестициялық капиталдың көлемі бухгалтерлік баланстың мәліметтері бойынша меншікті қор мен ұзақ мерзімді пассивтер сомасы ретінде анықталады.
в) кәсіпорынның жалпы капиталының рентабельдігі (Ржк):

Ржк = Псат / Борт * 100% (14.5)


Мұндағы Борт – баланс-неттоның белгілі кезеңге орташа қорытындысы.


Аталмыш коэффициент кәсіпорынның барлық капиталын пайдалану тиімділігін көрсетеді, яғни коэффицент мәнінің өсуі кәсіпорын мүлкін пайдалану тиімділігінің артқанын көрсетеді және керісінше. Кәсіпорынның барлық капиталының рентабельділік мәнінің төмендеуі кәсіпорын өніміне деген сұраныстың төмендегенін немесе активтер жиынтығының асып кеткендігін дәлелдейді.

  1. Айналым активтерінің рентабельдігі (Райн):

Райн = (Псат / ААорт) * 100% (14.6)


Мұндағы ААорт – айналым активінің орташа көлемі, тенге.
Капитал мен активтердің орташа көлемі бухгалтерлік баланс мәліметтері бойынша кезеңнің басы мен аяғына қорытындының орташа арифметикалық көлемі ретінде анықталады.

  1. Негізгі қор мен басқа да айналыстан тыс активтердің рентабельдігі (Рт):

Рт = Псат / АТорт (14.7)


Мұндағы АТорт – негізгі қор мен басқа да айналыстан тыс активтердің кезең ішіндегі орташа көлемі.


Негізгі қор мен басқа айналымнан тыс активтердің рентабельдігі қор құнының бір данасына шаққандағы пайда көлемімен өлшенетін айналымнан тыс активтерді пайдалану тиімділігін анықтайды. Бұл коэффициент кәсіпорынның барлық капиталының рентабельділік коэффициентімен өзара байланысты. Барлық капиталдың рентабельділік коэффициенті төмендегенде негізгі қор мен басқа да айналымнан тыс активтердің рентабельділігінің өсуі, шектен тыс қордың жиналуы салдарынан жұмылдырылған қордың шектен тыс артуын, сол тауарға деген сұраныстың төмендеуі салдарынан қоймада дайын өнімнің шектен тыс көп болуы, дебиторлық қарыздың немесе ақша қорының шектен тыс өсуін сипаттайды.
Бірақ та жоғарыда аталған рентабельділік көрсеткіштердің ішінен практикалық қызметте барлығы емес тек негізгілері ғана қолданады (Кесте 14.1).
Жоғарыдағы көрсеткіштер серпінмен зерттеледі, яғни олардың өзгеру қарқыны бойынша кәсіпорын қызметінің шаруашылы қаншалықты тиімді жүргізіліп жатқанын анықтауға болады.
Рентабельділіктің кез-келген көрсеткішінің өсуі ортақ экономикалық құбылыс пен процеске тәуелді. Ең алдымен бұл нарықтық экономика жағдайындағы өндірісті басқару жүйесін жетілдірумен, кәсіпорынның өзара есебі мен есептік-төлем қатынасының жүйесін тұрақтандыру негізінде ресурсты пайдаланудың тиімділін арттырумен, айналым қорын индексациялау мен олардың қалыптасу көзін нақты анықтау.
Қазіргі жағдайда рентабельділік өсуінің негізгі факторы болып өнімнің өзіндік құнын төмендететін, сәйкесінше пайданы арттыратын ресурсты жинақтау бойынша кәсіпорын жұмысы саналады. Қазіргі уақытта өндірісті ресурсты үнемдеу есебінен дамыту, жаңа қазба орнын өңдеп және өндіріске жаңа ресурсты қатыстыруға қарағанда әлдеқайда арзан болып тұр. Өнімнің өзіндік құнын төмендету өндірістің пайдалылығы мен рентабельдігін арттырудың басты шарты болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет