Жалпы пайда тауарды (жұмысты, қызметті) сатудан түскен түсім мен сатылған өнімнің толық өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Таза пайда (бөлінбейтін пайда) кәсіпорын иелігінде қалатын пайда, ол төтенше шығыс пен табыстың сальдосын ескере отырып анықталады.
Еңбек ұжымы еңбекақыны көтеруге және пайданы арттыруға ынталы, өйткені бәсеке жағдайында пайда тек күн көру көзі ғана емес, сондай-ақ өндірісті кеңейту, сәйкесінше кәсіпорын жұмыскерлерінің әл-ауқатын, олардың өмірлік деңгейін арттыру болып саналады. Демек, жалпы табыс пен пайда көлемі кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінен алынатын әсер мөлшерін сипаттайды.
Нарықтық қатынастар жағдайында, кәсіпорын егерде максималды пайда табуға тырыспаса да, өз тауары мен көрсетілетін қызметті өткізу нарығындағы үлесін мықты ұстап тұруға және бәсеке жағдайында оның өндірісін серпінді дамытуды қамтамасыз ететін пайда алуына тырысуы қажет. Нәтижесінде бұл пайданың қалыптасу көзі мен оны тиімді пайдалану әдістерін іздестіруіне көмектеседі.
Нарықтық қатынастар жағдайында әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, пайда алудың негізгі үш көзі бар:
Біріншісі – кәсіпорын қандай да бір өнімді өндіру немесе өнімнің қайталанбауы жағынан монопольды болуы есебінен қалыптасатын көздер. Бұл көзді салыстырмалы түрде жоғарғы деңгейде ұстап тұру өнімді үнемі жаңартуды талап етеді. Мұнда қарсы әрекет ететін мемлекеттің монополияға қарсы күресі мен басқа кәсіпорын тұрғысынан бәсекенің өсуін ескерген жөн.
Екіншіден – негізгі қайнар көз өндіріс пен кәсіпкерлік қызметпен тікелей байланысты. Іс жүзінде ол барлық кәсіпорынға тиеселі. Мұны пайдалану тиімділігі нарық конюнктурасы мен өндірістің дамуын, үнемі өзгеріп отыратын конъюнктураға бейімдеуіне байланысты. Осының бәрі сәйкес маркетингтік зерттеу жүргізу керектігін анықтайды. Осындай жағдайда пайда көлемі:
біріншіден, кәсіпорынның өнімді шығару бойынша (тұрақты және жоғары сұранысқа ие өнімдерді таңдау) өндірістік бағытын дұрыс таңдауына;
екіншіден, өз тауары мен көрсетілетін қызметін сату үшін (баға, жабдықтау мерзімі, сатып алушыларға қызмет көрсету, сатудан кейінгі қызмет көрсету) бәсекелістік жағдай тудыру;
үшіншіден, өндіріс көлеміне (өндіріс көлемі неғұрлым көп болса, пайда көлемі де соғұрлым артады);
төртіншіден, өндіріс шығынын төмендету құрылымына байланысты.
Үшіншіден – кәсіпорынның инновациялық қызметінен туындайтын қайнар көз. Оны пайдалану шығарылатын өнімді үнемі жаңартуды, оның бәсекеқабілеттілікті қамтамасыз етуін, сату көлемін арттыру мен пайда көлемін көбейтуді көздейді.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің соңғы нәтижелік көрсеткіші болып баланстық пайда саналады. Баланстық пайда дегеніміз – бұл кәсіпорынның өнімді сатудан түскен және оның өндірісі мен сатуымен байланыссыз табыстан (шығыннан) түскен пайда (шығын) сомасы. Өнімді сатудегеніміз – тек натуралды-заттай формадағы өндірістік тауарларды сату ғана емес, сондай-ақ жұмысты атқару мен қызмет көрсету де жатады. Баланстық пайда соңғы қаржылық нәтиже ретінде кәсіпорынның барлық шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебі мен баланс баптарын бағалау негізінде анықталады. «Баланстық пайда» терминін пайдалану кәсіпорын жұмысының соңғы қаржылық нәтижесі тоқсан, жыл қорытындысы бойынша құрылатын баланста көрсетіледі.
Баланстық пайда үш іріленген элементтен тұрады:
өнімді сатудан, атқарылған жұмыстан, көрсетілген қызметтен түскен пайда (шығын);
кәсіпорынның негізгі қорын, оларды өндірістен шығарудан және басқа да мүліктерді сатудан түскен пайда (шығын);