Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет67/84
Дата13.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#49730
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   84
Байланысты:
umk kasipor n ekonomikas 2021-2022

Практикалық сабақ 5.
Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны
Төмендегі тапсырмаларды дәріс сабақтарында берілген теориялық білімдер негізінде анықтау керек.
1-тапсырма. Өнімнің өзіндік құнының құрылымын (калькуляция) есептеу үшін шығын баптарын білу керек.
1ц астықтың өзіндік құны

Шығын баптары

Өнімнің өзіндік құны, тг

Құрылымы, %

Тұқым

162




Еңбек ақы

70




Электр энергия

120




Жанар жағар май

245




Тыңайтқыш

63




Тасымалдау шығыны

235




Басқа да шығындар

158




Барлығы







Өзіндік құн құрылымы бойынша қорытынды жасаңыз және қандай шығын түрлері жоғары үлес салмаққа ие, оларды төмендетудің жолдарын атап көрсетіңіз.
2-тапсырма. Кестеде кәсіпорын бойынша шығындардың өзгеру тенденциясы көрсетілген. Кестенің толтырылмаған жерлерін есептеп көрсетіңіз және қорытынды жасаңыз.

Өнім көлемі

Шығындар

Орташа шығындар

тұрақты

айнымалы

жалпы

шекті

тұрақты

айнымалы

жалпы

0
1
2
3
4
5

100
100
100
100
100
100

0
75
110
130
160
210


















Практикалық сабақ 6.
Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі
Төмендегі тапсырмаларды экономикалық тиімділікті анықтау көрсеткіштерінің есептеу әдістемесін қолдана отырып шығарыңыздар.
1-тапсырма. Астықтың егістік ауданы 400 га, өнімділігі 13 ц/га, тауарлы өнімнің деңгейі 75 пайыз, 1 тонна астықтың өзіндік құны 10200 тг, ал сату бағасы 15400 тг. Анықтау керек:
а) жалпы өнім көлемі, т
б) тауарлы өнім көлемі, т
в) өнім бірлігінен алынған пайданы, тг
г) жалпы алынған пайданы, мың тг
д) рентабельділі деңгейі, %
2-тапсырма. Кәсіпорында тауардың нарықтық бағасы 6000 теңге, тауарлық өнім көлемі - 40 дана, өнім бірлігінің толық өзіндік құны 4500 теңге, оның ішінде еңбек ақы-2000 теңге.
Анықтау керек:
а) өнімнің рентабельділік деңгейі, %
б) өнім бірлігінен алынатын пайданы, тг.
в) кәсіпорынның пайдасын, мың тг.
3-тапсырма. Кәсіпорында өнімді сатудан түскен 110млн. тг., өнімнің толық өзіндік құны 90 млн тг.., сату көлемі 12000 тн., кәсіпорынның пайдасын және өнім бірлігіне пайданы, рентабельділік деңгейін анықтаңыз.
4-тапсырма. Кестеде есепті шығару арналған алғашқы мәліметтер берілген:



Өнім түрі

Сатылған өнім көлемі, ц

Толық өзіндік құн, мың тг.

Сатудан түскен түсім, мың тг.

Пайда (+), зиян (-), мың тг.

1.

А

175402

54630




+27910

2.

Б

14520




20580

-6200

3.

В

910




10410

+4760

Анықтау керек:
1) өнім бірлігінің өзіндік құнын, теңге (барлық өнім түрлері бойынша);
2) өнім бірілігінің бағсын, теңге (барлық өнім түрлері бойынша);
3) 1 ц-ге келетін пайданы;
4) өнім түрлері бойынша және тұтас кәсіпорын бойынша рентабельділік деңгейін;
5- тапсырма. Берілген кестені толтырыңыздар:



Өнім түрі

Саны, ц

Толық өзіндік құн, мың тг.

Өнім бірлігінің өзін-дік құны тг.

Түсім, мың тг.

Сату баға-сы, тг.

Толық пайда, мың т.

Өнім бірлі-гіне пайда, тг.

Рен-табель-ділік деңгейі, %

А

145050




780

120450













Б

12300

24500

2780




5640










В










5780

9870




-270

-5,2

Бар-лығы

x

81420

x

131800

x

48700

x

x

6 Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар


1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде

    1. Дискуссия тақырыбы : <<Қазақстан республикасында кәсіпорындардың барлық түрлерінің қызметі мен принциптері >>


Дискуссияның мақсаты:
1. Шаруашылықтың ұйымдық-құқықтық нысандарының қызметі мен прин-циптерінің ерекшеліктерін, қазіргі нарықтық жағдайда өмір сүру деңгейін анықтау
2.Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ерекшеліктері мен қызмет ету құқығы мен міндеттерін білу
3. Банкрот түсінігін ашу, оған әсер ететін факторларды айқындау, алдын-ала болдырмау жолдарын қарастыру.
4 Кәсіпорынды банкрот деп хабарлау үдерісін, яғни берешек кәсіпорынға қатысты қолданылатын шараларды (бақылау, басқару, келісім және т.б.) үйрету

                1. Дискуссияны жүргізу тәртібі:

Топ кәсіпорынның ұйымдық- құқықтық нысандарына сәйкес бірнеше топшаға бөлінеді. Әрбір топша алдын-ала бір өз кәсіпорнының қызметі туралы ақпарат жинап келеді (доклад ретінде). Олар экономикалық ұйымдастыру ерекшеліктерін, мақсаттарын, арқаратын қызметтерін,зерттеу обьектісін және негізгі бағыттарын қарастыру керек.
Ойының процессінде студенттер қандай кәсіпорын қызметінің қазіргі кездегі экономикаға көзқарастары сай келетінін дәлелдеуі керек.
Сабақтың аяғында оқытушы қай топша осы тапсырманы дұрыс орындап шыққанын анықтайды.
Бақылау түрлерi:
1.Категория бойынша сұрау.
2.Ауызша сұрау
Категорияларға анықтама .
Студенттер төмендегі негізгі экономикалық категорияларға анықтама беру керек:
Банкрот Кәсіпкерлік
Меншік Ресурс
Коммандит Құрылтайшы
Жарғылық капитал Серіктестік
Акция Дивиденд
Концерн Холдингтік компания
Консорциум
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім). Алматы, 1995ж 27-42бет
2. ҚР-ның АҚ туралы заңы-Алматы:ЮРИСТ, 2004ж
3.Жолдасбаева Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы /Алматы: Экономика, 2002ж.5-10б
4.Волкова О.И. Экономика предприятия. 2-е изд. пере раб. и доп. Москва: ИНФРА-М,2000г. 24 –25, 497-510бет
5.Мейірбеков А.Қ. Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы. Алматы. Оқулық, 2003ж, 11-15 бет
6.ГорфинкельВ.Я. и др. Экономика предприятия. 2-е изд. ,перераб.и доп М: ЮНИТИ, 2001г. 18-19, 633-636бет


2-тақырып. Кәсіпорынның негізгі капиталы
1.Лизинг –негізгі қорды жаңарту нысаны ретінде
2.Өндірістік және қаржылық лизинг
3.Кәсіпорынды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету дің бір түрі ретіндег лизингтің артықшылықтарын айқындау, оның Қазақстан да қолдану аясын зерттеу.
Бақылау түрлері:
Слайд түрінде дайындау
Ауызша сұрау
Әдебиеттер:
1.Волкова О.И. Экономика предприятия. 2-е изд. пере раб.и доп. Москва:ИНФРА-М, 2000г. 260-278бет
2.ГорфинкельВ.Я.и др. Экономика предприятия. 2-е изд. ,перераб.и доп М: ЮНИТИ, 2001г. 509-518 бет
Есептер шығару:
1. Негізгі қорлардың құны жыл басында – 17 млн тг, келіп түскен қорлар құны – 8 млн тг, шығып кеткен негізгі қорлар құны – 4 млн тг. Жыл аяғында негізгі қорлар құны, орташа жылдық негізгі қорлар құнын анықтаңыз.
2. Қормен қамтамасыз етілу 15700 тг/га, ауыл шаруашылық ауданы 210 га, жұмысшылар саны – 21 адам болса, қормен қаруландыру көрсеткіші қалай есептеледі?
3 Негізгі қордың жыл басындағы құны 15 млн тг, сатып алынған НҚ құны 7 млн тг, ал істен шыққаны 11млн тг. Негізгі қорлардың өсім коэффициентін, жаңарту және өндірістен шығу коэффициенттерін табыңыз.
4. Негізгі өндірістік қорлар құны жыл басында 850 мың тг., жыл бойы істен шыққаны 45 мың тг., ал сатып алынғаны 125 мың тг. Кәсіпорында 1230 мың тг-ге өнім шығарылды, Негізгі қорларды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштерін анықтаңыз.
5. НӨҚ құнын анықтаңыз, егер қор қайтарымы 0,44, жалпы өнім 2,2 млн тг.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет