Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет21/25
Дата14.10.2022
өлшемі0,83 Mb.
#42997
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандарты (бұдан әрі – МЖБС) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 
5-бабының 5-1) тармақшасына және 56-бабына сәйкес әзірленді және оқыту 
нәтижелеріне бағдарланған білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы 
көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне, орта білімнен кейінгі білімнің 
білім беру бағдарламалары бойынша оқыту мерзіміне қойылатын талаптарды 
айқындайды.
Осы МЖБС-ны меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына 
қарамастан орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске 
асыратын білім беру ұйымдары, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру 
бағдарламаларын әзірлеушілер қолданады.
2. МЖБС-да келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) базалық құзырет – білім алушының жеке, әлеуметтік және кәсіби 
қызметіне қажетті білім, білік және дағдылардың жиынтығы;
2) базалық модуль – білім алушының базалық құзыреттерін қалыптастыруға 
бағытталған білім беру бағдарламасының функционалдық аяқталған құрылымдық 
элементі;
3) білім алушының жеке компоненті – жобалау жұмысы арқылы біліктілікті 
меңгерудің практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталған білім беру 
бағдарламасының бөлігі;


Редакциялау күні
03.08.2022
Сақтау күні
11.08.2022
Дата редакции
03.08.2022
Дата скачивания
11.08.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
4) білім беру ұйымының таңдау компоненті – WorldSkills стандарттарын 
ескере отырып, өңірлік даму жоспарына, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес 
білім беру ұйымы анықтайтын модульдер тізбесі;
5) демонстрациялық емтихан – білім алушыға меңгерген кәсіби 
құзыреттіліктерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретін аралық және/немесе 
қорытынды аттестаттауды өткізу нысаны;
6) дипломдық жұмыс (жоба) – білім алушылардың орта білімнен кейінгі 
білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, оның ішінде жобалық тәсілдерді 
қолдана отырып жинақтауды білдіретін өзіндік бітіру жұмысы;
7) жеке оқу жоспары – меңгерілетін орта білімнен кейінгі білімнің білім 
беру бағдарламасы шегінде жеке білім беру қажеттіліктерін іске асыруға ықпал 
ететін білім алушының оқу жоспары;
8) жобалау жұмысы – педагогтің немесе тәлімгердің басшылығымен 
орындалатын білім алушының практикалық және/немесе шығармашылық 
жұмысы;
9) жұмыс оқу бағдарламасы – жұмыс оқу жоспарының нақты модулі үшін 
орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы әзірлейтін құжат;
10) жұмыс оқу жоспары – орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы әзірлейтін 
модульдерінің тізбесін, көлемдерін, оларды зерделеу дәйектілігін, сондай-ақ 
олардың игерілуін бақылау нысанын регламенттейтін құжат;
11) кәсіби құзырет – кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік 
беретін білім, білік және дағды, сондай-ақ жеке қасиеттер негізінде кәсіби 
міндеттер жиынтығын шешу қабілеті;
12) кәсіптік модуль – кәсіби құзыретті қалыптастыруға бағытталған білім 
беру бағдарламасының функционалдық аяқталған құрылымдық элементі;
13) консультация – білім беру бағдарламаcын меңгеру кезінде білім 
алушыларға көмек көрсетуді қамтамасыз ететін оқу сабақтарының нысаны;
14) кредит – біліктіліктегі оқыту нәтижелерінің жалпы салмағының немесе 
біліктіліктің жеке компонентінің сандық көрінісі;
15) кредиттік-модульдік жүйе – модульдік және кредиттік оқыту 
технологиясының бірлігіне негізделген оқу процесін ұйымдастыру моделі;


Редакциялау күні
03.08.2022
Сақтау күні
11.08.2022
Дата редакции
03.08.2022
Дата скачивания
11.08.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
16) міндетті компонент – білім алушылар міндетті түрде меңгеретін 
модульдерінің тізбесі;
17) факультативтік сабақ – міндетті оқытуға кірмейтін, таңдаған мамандық 
шеңберінде білім алушылардың білімін тереңдету, қызығушылықтарын, 
қабілеттерін дамыту мақсатында қосымша оқыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет