Modal verbs. (Модаль етістіктер).
Can, may, must тікелей ie-әрекеттің өзін білдірмей, тұйық рай Формасындағы келесі негізгі етістік арқылы берілген іс-әрекеттің болу мүмкіндігін, қажеттігін білдіреді :
Can –модаль етістігі белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілікті, шама келуді білдіреді :
I can do it today. Мен мұны бүгін істей алам.
He can play chess. Ол шахмат ойнай біледі.
May-модаль етістігі әлде бір іс-әрекеттің рұқсат етілуін білдіреді: You may smoke here.
Бұл жерде сізге шылым шегуіңізге болады. May I come in ? Кіруіме болама?
Must - модаль етістігі белгілі бір іс-әрекеттің керектігін, міндеттілігін білдіреді :
You must read this book.
Сіз мына кітапті оқуыңыз керек.
Модаль етістіктерінің тұйық рай формасы жоқ. Олардан кейін келетін тұйық райдағы негізгі етістік to демеулігінсіз қолданылады.
Жіктеу кезінде модаль етістіктерінің жиіктік жолғаулары болмайды.
Болымсыз сөйлемде not демеулігі модаль етістіктерден кейін келеді. Can етістігінің болымсыз түрі not демеулігімен біріккен түрде қолданылады : cannot.
Сұраулы сөйлемдерде модаль етістіктері бастауыштық алдынан келеді. Модаль етістіктерінің осы шақта жіктелуі.
Достарыңызбен бөлісу: |