Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет17/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

12-бап. Әкімшілік преюдиция
Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде көзделген жағдайларда үлкен қоғамдық қаупi жоқ қылмыстық құқық бұзушылық үшiн, егер әрекет дәл осындай әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде жасалған болса, қылмыстық жауаптылық туындайды.
13-бап. Қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуы
1. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң белгiлi бiр бабында немесе бабының бөлiгiнде көзделген екi немесе одан да көп әрекеттi жасау - қылмыстық құқық бұзушылықтардың бiрнеше рет жасалуы деп танылады.
2. Егер адам бұрын жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы үшін сотталған не заңда белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, қылмыстық құқық бұзушылық бірнеше рет жасалған деп танылмайды.
3. Жалғасатын қылмыстық құқық бұзушылық, яғни бiр ниетпен және бiр мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда бiр қылмыстық құқық бұзушылықты құрайтын бiрқатар бiрдей құқыққа қарсы әрекеттерден тұратын қылмыстық құқық бұзушылық бiрнеше мәрте жасалған қылмыс деп танылмайды.
4. Қылмыстық құқық бұзушылықтың әлденеше рет жасалуы осы Кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын мән-жай ретiнде көзделген жағдайларда адамның жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң қылмыстық құқық бұзушылықтарды бiрнеше мәрте жасағаны үшiн жазалауды көздейтiн бабының тиiстi бөлiгi бойынша сараланады.
14-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы
1. Осы Кодекстiң түрлi баптарында немесе баптарының бөлiктерiнде көзделгендей, тұлға солардың бiрде-бiреуi үшiн сотталмаған немесе заңмен белгiленген негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екi немесе одан да көп әрекеттердi жасауы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы деп танылады. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығында тұлға, егер осы әрекеттердiң белгiлерi осы Кодекстiң бiр бабының немесе бабының бiр бөлiгiнiң неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған болса, әрбiр жасалған әрекет үшiн осы Кодекстiң тиiстi бабы немесе бабының бөлiгi бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
2. Осы Кодекстiң екi немесе одан да көп баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың белгiлерi бар бiр iс-әрекет (әрекетсiздiк) те қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы деп танылады. Адам қылмыстардың мұндай жиынтығында, егер бiр әрекеттiң белгiлерi осы Кодекс бабының басқа әрекет үшiн неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған болса, әрбiр әрекет үшiн осы Кодекстің тиiстi баптары бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
3. Егер белгiлi бiр әрекет және нақ сол әрекет осы Кодекстiң тиiстi баптарының жалпы және арнаулы нормаларының белгiлерiне сәйкес келсе, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң арнаулы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет