Байланысты: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)
121-бап. Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері 1. Еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесе жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жасалған нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер, - үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Дәл сол іс-әрекеттер: а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаса; б) өлтіремін деп қорқытумен ұштасқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасаса; в) жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соқтырса г) бірнеше рет жасалса, - бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар: а) абайсызда жәбірленушінің қайтыс болуына әкеп соқтырса; б) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның АИТВ/ЖИТС-ын жұқтырып алуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырса; в) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;; г) төтенше жағдайларда немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалса; д) оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам кәмелетке толмаған балаға қатысты жасаса; е) қылмыстық топ жасаса, - өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар көрінеу жас балаға қатысты жасалса, - өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге, не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.