Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет61/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

115-бап. Қорқыту
Өлтiремiн деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтiремiн деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлiктi өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауiптi тәсiлмен қорқыту, бұл қорқытудың iске асатындығына қауiптенудiң жеткiлiктi негiздерiнiң бар екендiгi кезiнде, -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
116-бап. Адамның органдары мен тiнiн алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу
1. Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшiн тірі адамның органдары мен тiнiн алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу, сол сияқты тірі адамның органдары мен тiнiне қатысты заңсыз мәмiлелер жасау -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
а) кiнәлiге дәрменсiз күйде екендiгi көрiнеу белгілі адамға қатысты;
б) кәмелетке көрiнеу толмаған адамға қатысты;
в) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
г) адамдар тобымен, алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен;
д) бiрнеше рет;
е) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
ж) кiнәлiге жүктiлiк жағдайында екендiгi көрiнеу белгiлi әйелге қатысты;
з) алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен;
и) өзiнің қызметтiк жағдайын пайдаланып;
к) жәбiрленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып жасалғанда, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз, мүлкін тәркілеп немесе онсыз бес жылдан он жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда жәбiрленушiнің өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, не қылмыстық топ жасаған әрекеттер, -
он жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз, мүлкін тәркілеп немесе онсыз сегіз жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет