Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет89/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

188-бап. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру
1. Өкiметтi күштеп басып алуға, өкiметтi күштеп ұстауға, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге немесе конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұтастығын және оның аумағының бiрлiгiн күштеп бұзуға жария түрде үндеу, сондай-ақ осындай мазмұндағы материалдарды осы мақсатта әзірлеу немесе тарату -
бiр мыңнан бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникация желілерін пайдаланып жасалған немесе адамдар тобы, алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобы жасаған дәл сол әрекеттер -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған әрекет, -
мүлкі тәркіленіп сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
189-бап. Экстремистік топ құру, басшылық ету немесе оның қызметіне қатысу
1. Экстремистік топ құру, сол сияқты оған басшылық ету -
мүлкі тәркіленіп сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Экстремистік топтың әрекетіне немесе оның жасаған қылмыстарына қатысу -
мүлкі тәркіленіп алты жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзiнiң қызмет бабын, не қоғамдық бiрлестiктегі басқарушылықты пайдаланып жасаған әрекеті,-
бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, мүлкін тәркілеп он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Экстремистік топтың әрекетіне қатысуды ерікті тоқтатқан адам, егер оның iс-әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет