Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет93/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

197-бап. Алаяқтық
1. Алаяқтық, яғни бөтен мүлiктi ұрлау немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты алу, -
мүлкі тәркіленіп бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бiрнеше рет;
в) қызмет бабын пайдаланып;
г) ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен;
д) мемлекеттік сатып алу саласында жасалған алаяқтық -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз, мүлкi тәркiленiп төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Мынадай:
а) ірі мөлшерде;
б) мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, не лауазымды тұлға, не жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өз қызмет бабын пайдаланумен ұштасса, -
в) екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық -
мүлкi тәркiленiп үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, ал б) тармағында көзделген жағдайларда өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:
а) оларды қылмыстық топ жасаса;
б) олар аса iрi мөлшерде жасалса, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыруға немесе онсыз, мүлкi тәркiленiп бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет