Мақсаты:қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату.
Қолдану көрсетілімдері: ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.
Қарсы көрсетілімдері: ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауыруларында), талықсу (коллапс), шок.
Асқынулар: жергілікті жердің салқындауы.
Дайындаңыз: мұзды мұйықты, мұз кесектерін, сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, осы емшараны өткізуге оның рұқсатын алыңыз.
Мұзды мұйықтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақтап уатылған мұз кесектерімен толтырыңыз.
Мұзды мұйықты жатық түрінде қойып, мұзды мұйықтың ауасын шығарып, тығынын бұрап бекітіңіз.
Мұзды мұйықты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.
Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеңіз. Антисептиктікті қолдану арқылы қолды өңдеу: қолды сабынмен және сумен жуыңыз ( 8-тармаққа сәйкес) және тері антисептигімен дезинфекциялаңыз. Қолғапты киіңіз.