Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи Рашиди» атты еңбегіндегі қазақ хандығының құрылуы туралы мағлұматтар
«Тарихи Рашиди»- «Рашидтің тарихы», оны жазған мырза Мұхаммед Хайдар бен Мұхаммед Хұсайын-куракан дулат. Бұдан әрі біз оны, қазіргі әдебиетте айтылып жүргендей, Мырза Мұхаммед Хайдар деп атаймыз. Оның бабалары доғлат тайпасының әмірлерінен тараған, Қашғарияның мұрагер иеленушілері мен әміршілері болған. Мырза Мұхаммед Хайдардың атасы- Мұхаммед Хайдар мырза 1480 жылға дейін Қашғарды биледі, бірақ оны өзінің жиені Әбубәкір одан қуып жіберді. Мырза Мұхаммед Хайдар 1499 жылы Ташкентте туған. Ал әкесі Мұхаммед Хусейн ХVғ. аяғы мен ХVІ ғ. басында Моғолстанның батыс бөлігін Сұлтан Саид ханның жақын адамдарының бірі болды. Оның анасы Хұб Нигар ханым Сұлтан Жүніс ханның кіші қызы еді. Әкесі өлтірілгеннен кейін Мырза Мұхаммед Хайдарға да қатер төнді. Туыстары оны Бұхараға, ал содан соң Бадахшанға жасырды. Одан соң Ауғанстанға, Кабулға, өзінің немере ағасы Бабырға барып, біраз уақыт соның сарайында болды. Ол Бабырмен бірге Орта Азиядағы жорықтарға қатысты, Әндіжанға Сұлтан Саид ханға қосылып, сонымен бірге өзінің ата-бабасының туған жері Қашғарияға оралды. Жорық Әбубәкірдің тасталқаны шыға жеңіліп, Қашғарияда жаңа мемлекет- Моғолстанның (Моғолияның) және жаңа әулеттің негізі қаланумен аяқталды. Сұлтан Саид ханның мемлекетінде Мырза Мұхаммед Хайдар сарайда және әскерде ірі қызметтер атқарды. Сұлтан Саид хан қайтыс болғаннан кейін Мырза Мұхаммед Хайдар Үндістандағы Камран мырзаға кетті. Өмірінің соңғы жалдарында Мырза Мұхаммед Хайдар Ұлы Моғолдар атынан өзі жаулап алған Кашмирді басқарды. Таудағы тайпалармен болған шайқастардың бірінде ол 1551 жылы өз садақшысының жебесінен қапыда қаза тапты. Өмірінің ақырына дейін ол өзінің ата-бабаларының туған жеріне қайтып оралу ниетін тастаған емес. Бұған «Тарихи Рашиди» жазуы дәлел болады.
«Ол кезде Дешті Қыпшақта Әбілқайыр хан билік етті. Ол Жошыдан тараған сұлтандарға көп әбігер келтірді. Жәнібек хан мен Керей хан одан Моғолстанға қашып кетті. Иса-Бұқа хан оларды ықыласпен қарсы алып, Шу мен Қозыбасы өңірін берді, ол Моғолстанның батыс жақ шетіндегі өңір еді. Олар сол жерде рақат өмір сүріп жатқан кезде Әбілқайыр хан өлгеннен кейін өзбек ұлысы бүліне бастады; (онда) көп ұрыс-керіс басталды. (Оның бодандығының) көпшілік бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті, сөйтіп олардың маңына (жиналған адамдар) саны екі жүз мың адамға жетті. Олар өзбек-қазақтар деп аталып кетті. Қазақ сұлтандары сегіз жүз жетпісінші жылдан билік ете бастады. Тоғыз жүз қырқыншы жылға дейін қазақтар Өзбекстанның көпшілік бөлігінде толық билеп- төстеді. Керей ханнан кейін Бұрындық хан болды. (Содан соң) Жәнібек ханның ұлы Қасым хан болды.; ол өз билігін Дешті Қыпшаққа таратты. Оның армиясында (лашқарында) миллионнан астам адам болды. Бұл жұртта Жошы ханнан кейін одан құдіретті (хан) болған емес. Одан кейін хан оның ұлы Мамаш болды. Содан соң оның (Қасым ханның) немересі Тахир хан болды. Осы Тахир ханның кезінде қазақтар көп тақсірет тартты. Одан кейін оның інісі Бұйдаш хан болды. Бірақ Бұйдаш ханның кезінде қазақтардан небары жиырма мың ғана қалған еді. Тоғыз жүз қырқыншы жылдан кейін ол (Бұйдаш хан) да өліп, қазақтар мүлдем жойылып кетті......
Қысқартып айтқанда, Иса Бұқа хан дәуірінен бастап Рашид ханның заманына дейін моғолдар мен қазақтар арасында достық және бейбіт (қатынастар) болды, бірақ оларды Рашид сұлтан күйретті...»
11. Мәтін бойынша қазақ халқының тарихы жөніндегі алғашқы деректерді жазып қалдырған түрік тарихшысы кім?
А) Қадырғали Жалайри
Достарыңызбен бөлісу: |