Қазақстан тарихы бойынша түсіндірме жазба


Қазақстан тарихының әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі екенін нақты мысалдармен дәлелдеңіз



бет51/93
Дата17.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#25739
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   93
2. Қазақстан тарихының әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі екенін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.

Қазақстан тарихы әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі екендігіне дау жоқ. Ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан қазақ жері,елі әлемдік тарихты жасаудың белсенді мүшесінің бірі болып келеді.Қазақ даласы көшпелілер көші-қоны үрдісінің ауқымды алаңына айналды. Нақ осы көшпелілер мыңжылдықтар бойы ұшы-қиыры жоқ аймақ арқылы өтті де, Қазақстан шығыс пен батысты байланыстыратын көпір рөлін атқарды. Орта ғасырлар дәуірінде Қазақстан аумағы арқылы дүниежүзілік сауда жолдары өтті. Осылайша қазақ даласы әлемге тараған христиан, ислам және будда діндерінің; еуропеидтық және монғолоидтық нәсілдердің; үндіеуропалық, түрік-монғол және финн-угор тілдерінің «тоғысу алаңына» айналды. Сайып келгенде Қазақстан бүкіл Еуразия құрлығының тағдырында маңызды рөл атқарды.Бүкіл адамзат тарихында көшпелілер қалалармен тығыз байланыс орнатып, өздері де сонда қоныстанды. Қалалар мен дала өмірі көшпелілер әлемінің өзіндік сипатын құрады. Өз кезегінде дала қалалар мен отырықшы мемлекеттердің маңызды бір бөлігі болады. Түрлі шаруашылық және мәдени үрдістердің өзара тығыз ықпалдастығы қазақ халқының қалыптасуына әсер етіп, оның өзіндік мәдениетінен көрініс тапты.Қазіргі уақытта тарих ғылымы кеңестік дəуірдегі таптық методология ның шеңберінен шығып, зерттеудің жаңа бағыттары анықталып, тарихтың ақтаңдақтар беттері қайта ғылыми негізде зерделенуде. Қазақ тарихы Түркі өркениетінің ажырамас бөлігі ретінде зерттеліп, дала тарихындағы көшпелілердің орны айқындала түсуде. Қазақстан мемлекеті Еуразиялық идеяның жалғастырушысына айналды. Бірнеше ғасырлар бойы тағдырдың тауқыметті қасіретінен көз ашпаған қазақ халқы өз тарихында тұңғыш рет өз тарихын өзі жасап қана қоймай, сол жаса ған деректерін тарих ғылымының талаптарына сай: жинау, жүйелеу, саралау, тасқа басып жариялау жəне деректанулық талдаудан өткізу арқылы өзінің объективті тарихын жазу мүмкіндігінеде ие болып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет