Қазақстан тарихы бойынша түсіндірме жазба


, 1995 жылдары қабылданған Қазақстан Республикасы Конституцияларының негізгі өзгерістеріне талдау жасаңыз



бет48/93
Дата17.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#25739
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   93
2. 1993, 1995 жылдары қабылданған Қазақстан Республикасы Конституцияларының негізгі өзгерістеріне талдау жасаңыз.

1993 жылғы Конституция. Коммунистік болашақтан бас тартып, өркениетті қоғам кұру, нарық қатынастарына өтуге байланысты өндіpic кұрал-жабдықтарына меншіктің көп түрлілігін енгізу, құқықтық мемлекет құрудың негіздерін қалау, көппартиялылық пен пiкip алуандығын қамтамасыз ете отырып, дүние жүзіндегі дамыған елдер қабылдаған демократиялық ұстанымдарды батыл енгізу, азаматтардың құқықтары, бостандықтары және еркіндіктерін кеңейте отырып, олардың мідеттерін де нақтылай түсу, т.б. қоғамдық дамудың өзекті мәселелері жаңа Конституцияда тұжырымдалуға тиіс болды. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мәртебесіне сай Конституциясы 1993 жылы каңтардың 28-күні қабылданды. Төрт бөлімнен тұратын Негізгі заң 21 тарау мен 131 бапты біріктірді. Конституция бойынша,"Қазақстан Республикасы - демократиялық, зайырлы және біртұтас мемлекет" деп жарияланды. Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін, бостандықтары мен құқықтарын аса қымбат қазына деп таныды. Халық- республикадағы мемлекеттің биліктің қайнар көзі болып табылады. Қазақстан халқының атынан билік жүргізуге тек Республика Жоғарғы Кеңесінің және Президентінің ғана құқығы бар. Конституция баптарының көпшілігі Отанымызда ұлтаралық жарасымдылықты сақтауға арналған. Конституцияның тұжырымдары бойынша, республика азаматтарына заңды жолмен ақпарат алу, еркін қоныс аудару, жиналыстарға, шерулерге, митингілерге қатынасу, ереуілге шығу, меншік иeci болу құқығы берілді.Конституция республика азаматтығына қатысты тұжырымдарды айқындап берді. Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адам басқа елдің азаматы болып алмайды. Heгізгі Заңның тұжырымдары бойынша, кезінде республика аумағынан лажсыз кеткен адамдар мен шет елдерде тұратын қазақ жұршылығының өкілдеріне тарихи отанына оралуға жол ашылды.Негізгі заңда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл- қазақ тілі екендігі,ал орыс тілі- ұлтаралық қатынас тіл деп анықталды.Сонымен бірге басқа тілдерді де қолдауға,олардың қолдану аясынан кеңіп,еркін дамуына кепілдік берілді. Конституцияның қабылдануының үлкен саяси-әлеуметтік маңызы болды. Қазақстан біртұтас, тәуелсіз, демократиялық мемлекет ретінде қайта жарияланды. Ұлттық, унитарлық мемлекеттің бұлжымастығы куатталды. Ол азаматтардың шын мәніндегі бостандықтары мен еркіндіктерін негіздей отырып, Қазақстанда көппартиялылық пен пiкіp алуандығы негізінде нағыз демократиялық және құқықтық мемлекет құрудың іргетасын қалап берді.

Экономикалық даму саласында негізгі заң өндіpic құрал-жабдықтарына мемлекеттік-монополистік меншікті жойып, меншіктің көп түрлігін енгізуді дәйектеуімен елдің социалистік даму жолынан бас тартып, нарық қатынастарына көшудің негіздерін жасап берді.Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы республика экономикасын, саяси-әлеуметтік дамуын, қауіпсіздігін, ішкі-сыртқы саясатын түгелдей қайта қарап, жаңаша кұруға апаратын өзге заңдардың қабылдануын қамтамасыз етті. Түптеп келгенде, бұл оқиғалар Қазақстанның қоғамдық-тарихи даму жолында большевиктер тұсында ұстанған бағыттарынан бас тартып, мүлдем жаңа арнаға түсуінің заңдастырылуы еді.1993 жылғы Конституция өтпелі кезеңнің ахуалын сипаттайтын кұжат ретінде, жүріп жатқан реформаларға байланысты міндеттерді, әлеуметтік-экономикалык және саяси мәселелерді шешуге бағытталды. Өтпелі кезеңнің мақсаты бұрынғы және жаңа конституциялық заңдылыққа, мемлекет пен оның органдары мен институттарына қатысты кейбір жағдайларын байланыстыру, үйлестіруі тиіс болды. Конституция қарама-қайшылықты жағдайда әзірленіп, қабылданды. Оның дайындалу үрдісіне түрлі саяси күштер әсер етуге тырысты. Дегенмен өзінің өтпелі дәуірге лайық сипаты мен жүзеге аспай қалған мүмкіндіктеріне қарамастан, бұл құжат екі жыл бойы республиканың Негізгі заңы ретіндегі өзінің тарихи міндетін атқарды. 1993 жылдың желтоқсан айында Жоғарғы Кеңестің ХІІ шақырылымы мерзімінен бұрын өз өкілеттілігін тоқтатты. Азаматтық талап негізімен Конституциялық сот 1994 жылдың 7-наурызында сайланған Жоғарғы Кеңесті заңсыз (кейбір учаскелерде сайлау тәртібінің бұзылуына байланысты) деп тапты. Осы оқиға жаңа Конституцияны өмірге әкелуге бірден-бір себепші болды.Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы.Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысымен 1995 жылы 30 тамызда өткен республикалық референдумда мемлекетіміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Онда мемлекетіміздің қазіргі таңдағы жағдайы, оның өркендеу үрдістері мен жер жүзінің жоғары елдерінің (соның ішінде, Францияның) конституциялық тәжірибесі ескерілді. Сонымен қатар 1993 жылғы Конституцияда орын алған кейбір қайшылықтар түзетіліп, бұлыңғыр және екі ұшты мәселелер нақтыланды. 1995 жылғы Конституцияның негізіне алдымен адам мен азаматтың құқықтары алынды.Конституция бойынша, Қазақстан Республикасы - демократиялық, унитарлы, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет. Басқару нысаны бойынша Қазақстан мемлекеті президенттік республика болып анықталды.Республиканың жаңа Конституциясында заң шығарушы, атқарушы және сот билігі жүйелерінің міндеттері мен олардың өзара қатынастары барынша нақтылы айқындалған. Конституция 98 бапты біріктіретін 9 бөлімнен тұрады. Олар: Жалпы ережелер; Адам және азамат; Президент; Парламент; Үкімет; Соттар және Сот төрелігі; Жергілікті басқару және өзін-өзі басқару; Қорытынды және өтпелі ережелер деп аталынады.1995 жылғы Конституция бойынша Қазақстан парламенті тұрақты жұмыс істейтін екі палатадан – Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенаттың құрамы әр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Қазақстан Республикасының астанасының әрқайсысынан сайланып келген екі адамнан, соған қосымша Парламент өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындаған жеті депутаттан құралады. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын 67 депутаттан тұрады.1995 жылы күзде республика парламентінің жаңа сайлауы өтті.1996 жылдың 30 қантарында Алматыда тұрақты жұмыс істейтін және екі палатадан-Сенат пен Мәжілістен тұратын Парламент өз жұмысын бастады. Мемлекеттік-құқықтық жүйені түбегейлі өзгерткен реформалар жүргізіліп, қазіргі мемлекетті басқару жүйесі қалыптасты. Мемлекеттік құрылым, еңбек ету құқығы –баршасы заңға бағындырылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет