Қазақстан тарихының кезеңделуін сипаттаңыз. Қазақстан аумағындағы тас дәуіріне сипаттама беріңіз


Е. Пугачев көтерілісіне қазақтардың қатысуына (1773-1775 жж.), С. Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісіне (1783-1797 жж.) сипаттама беріңіз



бет15/35
Дата17.05.2023
өлшемі149,05 Kb.
#94080
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
Байланысты:
Қазақстан тарихы ДСК

26. Е. Пугачев көтерілісіне қазақтардың қатысуына (1773-1775 жж.), С. Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісіне (1783-1797 жж.) сипаттама беріңіз.
Е.Пугачев басқарған 1773-1775 жылдардағы орыс шаруалар соғысына Еділ мен Жайық бойындағы башқұрт, татар, Орта жəне Кіші жүз қазақтары қатысты. Қазақтардың қарсылығын туғызған жағдайлар: 1) Патша үкіметінің Каспий теңізінің солтүстік-батысындағы шұрайлы жерлерді орыс помещиктеріне бөліп беруі; 2) Петербург билеушілерінің осы аймақты жазалаушы топтармен ойрандатуы; 3) Жайық бойында патша үкіметінің бекіністерді көптеп салуы.1773 жылғы 20 қыркүйекте Е. Пугачев Нұралыға арнайы үндеу жолдады. Жер мен суды қазақтарға қайтаруға уəде беріп, қазақтарды өзіне тарту мақсатын ұстанды. Кіші жүздің ірі ақсүйектері – Ералы, Досалы, Айшуақ сұлтандар, Нұралы хан көтерілісті қолдады. 1773 жылы қарашаның 17-нен 18-не қараған түнінде Нұралының өкілі Зəбір молда Усиха өзені маңында Пугачевке жолықты. Алайда Жайық бекінісін қоршаудағы Пугачевтің сəтсіздігі Нұралы ханның көмек беруге асықпауына себеп болды. II Екатерина Нұралы ханға арнайы грамота жіберіп, Пугачевті өзіне жақындатпауын талап етті. Пугачев күштерінің Орынбор əскери шебіне жақындауы, осы өңірде көшіп-қонып жүрген қазақтарды рухтандырды. Досалы сұлтан өзінің ұлы Сейдалы басқарған топты көмекке жіберді. Қазақ жігіттері Жайық бекінісін қоршауға табан тіресе қатысты. Кулагин бекінісін алуда басты күш қазақтардан құралған топ болды. Орынборды қоршауға 200-ге жуық қазақ қатысты. 773 жылдың қарашасында Пугачевтің манифесіне арқа сүйеген қазақтар Жайықтың оң жағасына өтіп, малдарын жайды. 1783-1797 жылдары болған көтерілістің басты қозғаушы күші шаруалар, старшындар, билер, ру басшылары болды. Көтеріліс аумағы Еділ жағалауынан Арал теңізіне дейінгі жерлерді қамтыды. Көтерілістің басты мақсаты патша үкіметінің отарлауына шек қою, Орал казак əскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Нұралы хан мен сыбайластарының озбырлығына шек қою болды. Көтеріліс басшысы – байбақты руының старшыны, батыр жəне шешен Сырым Датұлы.1783 жылдың күзінде батырдың Орал казак əскерімен ашық түрде арпалыс жолына түсуі басталды. Патша өкіметімен бірлескен Нұралы ханның көтерілісті қолдаған руларға қарсылығы оның Сырыммен ара қатынасын суытты. 1785 жылғы 17 ақпанда көтерілісті басу үшін аттандырылған генерал-майор Смирновтың тобында 300-ге жуық Орынбор қазағы, 2000-нан астам башқұрт, бірнеше зеңбірек болды. Кіші жүздің далалық аймақтарына тереңдей ене алмаған жазалаушылар қазақ ауылдарын шабуылдап, 70-ке жуық қазақты тұтқынға əкетті. 1785 жылғы наурызда көтірілісшілерге қарсы 1000-нан астам казак тобымен старшина Колпаков жəне Пономарев аттанды. Жем өзені бойында шоғырланған көтерілісшілер саны 7 мыңға жетті. Сырым тобы Сахарная бекінісіне шабуылдағанда сұлтан Айшуақтың баласы Атақ шайқаста қаза тапты. Сұлтан Айшуақтың өзі Орал қаласында тұтқындалды. Жазалаушылардың Нұралы ханның туыстарына қол көтеруі көтеріліс сипатын өзгертті. 1785 жылғы жазда болған Кіші жүз старшындарының съезі Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдады. Орынбор өлкесінің губернаторы барон О.A.Игельстром Кіші жүзде хандық билікті жоюға негізделген жоба ұсынды. 1786 жылы Орынборда Шекаралық комиссия құрылды. 1787 жылы Кіші жүзде патшаның əкімшілік билігінің төменгі сатылары ұйымдастырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет