Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет113/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

3.25-сурет. Васильков нанөнімдері комбинатындағы АВҚ өндірісінің 
технологиялық сызбасы:
1, 4 – ВШС-араластырғыштары; 2 – ДДК ұнтақтағышы; 3, 14 – елеуіш ма-
шиналар; 5 – тасымалдауыш; 6,8 – ұнтақтағыштар; 7, 9 – нориялар; 10, 
12 – мөлшерлегіш алдындағы қораптар; 11, 13 – автоматты таразы; 15 – 
электрлі-магнитті сепаратор; 16, 17 – толықтырғышқа арналған мөлшерлегіш 
алдындағы қораптар; 18 – таразылы мөлшерлегіш; 19 – араластырғыш; 20 – 
қаптағыш аппарат.
14–298


210
Шаруашылықтағы дəнді дақылдардың мөлшеріне байланысты 
оларды жем қоспасына қосудың қолайлы пайыздарының əртүрлі 
қатынастарын ЭЕМ арқылы есептеуге болады. 
БҚЖҒЗИ (Бүкілодақтық құрама жем ғылыми-зерттеу институ-
ты) есептеп, дайындаған ақуызды-витаминді қосымша рецептері 
қоректілігі бойынша толыққұнды болып табылады жəне оны кең 
қолдануға болады.
Əсіресе, ақуызды-витаминді қосымша бордақылайтын шошқаға 
арналған өндірістерде кең қолданылады. Бұндай ақуызды-витаминді 
қосымшаның құрамына 22-24% күнжара мен шрот, 10-25% жемдік 
ашытқы, 8-20% еттісүйек жəне балық ұндары кіреді. Кейбір рецеп-
терде асбұршақ көп пайызды (35% дейін) құрайды.
Ұсынылған рецептерде шаруашылықта өсірілетін асбұршақты, 
арпаны, шөптік ұнды көп пайдалану қарастырылған.
Премикс ақуызды-витаминді қосымшаға құрама жемге қарағанда 
көп мөлшерде (4-7%) енгізіледі. Премиксті енгізу нормасы: құсқа – 
4%, шошқаға – 5%, ірі қараға – 5 -7%. Кейбір құрауыштардың жоғары 
ылғалдылығы ақуызды-витаминді қосымшаның жабысып қалуын, 
көгеруін тудырады. Ақуызды-витаминді қосымшаның қоректік зат-
тары жақсы сақталуы үшін қолайлы ылғалдылығы 6-8% болғанда 
байқалады.
Ақуызды-витаминді қосымшаның сапасына қойылатын талаптар 
3.4-кестеде берілген.
3.4-кесте. Ақуызды-витаминді қосымшаның сапасына қойылатын талаптар
Көрсеткіштер
Сипаттамасы мен нормасы
Ылғалдылығы: шашыранды, %
14 дейін
түйіршіктелген, %
14,5 дейін
Ірілігі: шашыранды, %:
Ø 5мм електегі қалдық
жіберілмейді
Ø 3мм електегі қалдық
10 аспауы керек
түйіршіктелген, %:
Ø 2мм електен өткені:
Ø 4,7-7,7мм түйіршіктер үшін
Ø 7,7мм көп түйіршіктерге
5 аспауы
10 аспауы
Үгілгіштігі: (көп емес), % 
Ø 4,7-7,7мм түйіршіктерге
10 
Ø 7,7мм көп түйіршіктерге
22 
Шикі протеин (кем емес), %
30


211
Шикі клетчатка (көп емес), % :
құсқа
7
шошқаға
9
басқа малға
-
Металды-магнитті қоспа:
өлшемі 2 мм дейінгі (көп емес), 1 кг 
АВҚ-да, мг
30
өлшемі 2 мм жоғары бөлшектері
Жіберілмейді
Құм (көп емес), %
1
Зиянкестермен зақымдануы (көп емес), 1 
кг АВҚ-дағы саны
5
Ескерту: 1. Белгіленген мөлшерден түйіршіктің диаметрі 1 мм 
жоғарылауы жіберіледі.
2. Ақуызды-витаминді қосымшаға мақта шроты енгізілгенде ірілігінің 
жоғарылауы жіберіледі:
Ø 3 мм електегі қалдық 15% аспауы керек.
Сақтау мерзімі: шашыранды – 2 ай, ал түйіршіктелген ақуызды-
витаминді қосымша
- 3 ай. Сақтау мерзімі өткеннен кейін ақуызды-
витаминді қосымшаны айына бір рет зарарлығын тексеріп тұру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет