Қамырды өте қою ашытпада дайындау
Қамыр дайындаудың бұл əдісі де алдыңғы əдіс сияқты екі: ашыт-
па жəне қамыр сатысынан тұрады.
Бұл əдіс бойынша дайындаудың негізгі ерекшеліктері мынада:
ашытпа жалпы қамыр дайындауға кететін ұнның 60-70%-дан, 41-
45% ылғалдылықта дайындалады; қамыр илеу кезінде қосымша
механикалық өңдеуден өтеді; қамырдың ашу ұзақтығы 20-40 мин
болады.
Қамырды қою ашытпада дайындау үздікті немесе үздіксіз тəсілде
дайындалады. Ашытпаны үздікті тəсілде бункерлі қамыр дайындау
агрегатында, сонымен қатар басқа да агрегаттарда жəне стандарт-
ты емес үздіксіз жұмыс істейтін жабдықтарда жүргізіледі. Бункерлі
агрегаттарды шамалы немесе суық климаттағы аудандарда қолданған
дұрыс. Өте қою ашытпада И8-ХТА-6 қамыр дайындау агрегатында
үздіксіз қамыр дайындаудың аппаратуралық сызбасы 4.3-суретте
келтірілген.
Агрегат сұйық жəне сусымалы шикізаттарды мөлшерлегіштен,
ашытпа жəне қамыр илеу үшін екі қамыр илегіш машинадан, ашыт-
па ашытуға арналған алтысекциялы бункерден жəне қамырды ашы-
ту үшін керекті астаушадан тұрады.
Ашытпа 41-45% ылғалдылықта қамыр дайындауға кететін
барлық ұнның 60-70%-нан, судан жəне ашытқы ерітіндісінен
8-10 мин аралықта И8-ХТА-12/1 қамыр илегіш машинасында (1)
иленеді.
256
Өте қою ашытпаның бастапқы температурасы 23-27
о
С, ашу
ұзақтығы 180-270 мин. Ашытпаның дайын болғандығы оның
қышқылдығы жəне көлемі, органолептикалық көрсеткіші арқылы
анықталады. Ашытпаның соңғы қышқылдығы ұнның сұрыбына
қарай жоғ/с – 2,5-3,5 град, б/с – 3,0-4,0 град, е/с – 4,0-5,0 град болып,
көлемі 1,5-2,0 есеге үлкейеді.
Ашытпаның соңғы температурасы бастапқымен салыстырғанда,
5-7
о
С-қа жоғарылап кетеді, сондықтан да жаз мезгілінде ашыт-
па илеу үшін бастапқы температура 24
о
С, ал соңғы температу-
ра 30-32
о
С болатындай етіп салқын су қолданылады. Қамырды
ашытпадан, судан, 40-30% ұннан жəне рецептурада қарастырылған
қосымша шикізаттардан машинада (1) 8-12 мин илейді. Қамырдың
ашу ұзақтығы 20-40 мин, температурасы 28-33
о
С болады. Қамырдың
ылғалдылығы дайын нанның ылғалдығынан +(0,5-1)% көп емес,
соңғы қышқылдығы +0,5%-дан көп емес болуы керек.
Ашыту ұзақтығы қысқартылған өте қою ашытпада жоғары жəне
бірінші сұрып ұнынан домалақ нандар, сонымен қатар бөлішке
өнімдері дайындалады.
4.3-сурет. Өте қою ашытпада бидай ұнынан үздіксіз қамыр дайындаудың
аппаратуралық сызбасы:
1 – И8-ХТА-12/1 қамыр илегіш машина; 2,4 – Ш2-ХДМ мөлшерлегіш
станция; 3 – И8-ХТА-12/2 ашытпа ашытуға арналған бункер; 5 – қамыр
бөлгіш машина; 6 – И8-ХТА-12/5 қамыр итергіш; 7 – И8-ХТА-12/4 ашытпа
мөлшерлігіш; 8 – И8-ХТА-12/3 ашытпа итергіш
257
Достарыңызбен бөлісу: |