Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Сұйық ашытпадан қамыр илеудің аппаратуралық сызбасы



Pdf көрінісі
бет152/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Сұйық ашытпадан қамыр илеудің аппаратуралық сызбасы
Ашытпа жəне қамыр үздікті немесе үздіксіз əдіспен дайындалуы 
мүмкін. 
Сұйық ашытпаны жəне қамырды үздікті дайындау (4.4
-сурет) 
былай іске асырылады: сұйық ашытпаны илеу Х3-М-300 үздікті 
жүргізіледі, ал ашу Р3-ХЧД күбісінде немесе басқа да ыдыста ашыты-
лады. Ыдыстарды босату кезеңі сұйық ашытпаның ашу ұзақтығына 
сəйкес келеді. Бір ыдыстағы сұйық ашытпаның үлесі жəне оны 
ашытатын ыдыстың саны, тиеу, түсіру (ырғағы) ритмі пештің 
өнімділігіне, оның жұмыс істеу режиміне жəне ассортименттің 
түріне қарай бекітіледі. Ы дыстағы немесе күбідегі дайын ашытпа 
аралық бакке түсіп, И8-ХТА-12/4 ашытпа мөлшерлегіш арқылы 
үздікті жұмыс істейтін қамыр илеу машинасына (Ш2-ХТ2-И немесе 
басқа да) қамыр илеуге жіберіледі. Осы жерге сусымалы заттарды 
мөлшерлегіштен (Ш2-ХД2-А) ұн жəне сұйық компоненттер (Ш2-
ХД2-Б) түседі.


259
Ашытпа дайындау əдісі үздікті болып, ал қамыр илеу үздіксіз бо-
латын да əдістер кездеседі.
Сұйық ашытпаны үздіксіз илеу үшін Х3-М-300 қайнатқыш маши-
насы қолданылады. 
Ашу үдерісіндегі сұйық ашытпа тығыздығының төмендеу 
есебінен бір күбіден екінші күбіге құйылады. Соңғы күбіден ашыған 
ашытпа мөлшерлегіш арқылы И8-ХТА-12/1 қамыр илегіш машина-
сына қамыр илеуге жіберіледі.
Мұнда Ш2-ХДМ мөлшерлегіш станциясы арқылы рецептурада 
қарастырылған сұйық шикізаттар өндірістік бункерден ұн түседі.
Иленген қамыр ашу үшін үздіксіз И8-ХТА-12/6 қамыр ашыта-
тын астаушаға немесе басқа ыдысқа беріліп, 30-60 мин ашытылып, 
бөлшектеуге түседі. 
Сұйық ашытпаны үздікті, ал қамырын үздіксіз дайындау 
алдындағы əдіске ұқсас, ал қамырын дайындау үздіксіз, ашыған 
ашытпаны аралық бактен И8-ХТА-12/4 мөлшерлегіш арқылы 
үздіксіз жұмыс істейтін И8-ХТА-12/1 қамыр илеу машинасына 
жібереді, мұнда өндірістік бункерден ұн, Ш2-ХДМ мөлшерлегіш 
4.4-сурет. Бидай ұнынан сұйық ашытпа жəне қамырды үздікті дайындаудың 
аппаратуралық сызбасы:
1 – Ш2-ХД2-Б сұйық компоненттерді мөлшерлегіш; 2 – Х3-М-300 
қайнатқыш машинасы; 3 – Ш2-ХД2-А сусымалы заттарды мөлшерлегіш; 
4 – И8-ХТА-12/3 ашытпа итергіш; 5 – Р3-ХЧД күбісі; 6 – аралық бак; 7 – 
И8-ХТА-12/4 ашытпа мөлшерлегіш; 8 – Ш2-ХТ2-И қамыр илегіш машина
9 – Ш2-ХББ қамыр ашытатын конвейер


260
станциясынан сұйық компоненттер түсіп қамыр иленеді. Иленген 
қамыр И8-ХТА-12/6 қамыр ашыту астаушасына түсіп, онда 30-
60 мин ашытылады да, бөлшектеуге жіберіледі. 
Қамырды сұйық ашытпада дайындаудың қоюмен салыстырғанда, 
бірқатар артықшылықтары бар. Сұйық жартылай фабрикат-
тар тасымалдауға жəне мөлшерлеуге ыңғайлы, оларды дайын-
дау үдерістері оңай реттеледі, жұмысты тоқтатуға мəжбүр болған 
жағдайларда оларды консервілеп қоюға болады. Сұйық ашытпа-
да қышқылдық баяу өседі. Сұйық ашытпада ашытқы клеткалары 
белсендірек болады, сонымен қатар ашу кезіндегі жоғалатын құрғақ 
заты 0,4-0,6%-ға қою ашытпамен салыстырғанда төмен болып 
келеді. 
Сұйық ашытпа көбінесе, қарапайым жəне екінші сұрыпты бидай 
ұндарынан, кейде бірінші сұрыпты ұннан да нан дайындау кезінде 
кеңінен қолданылады. Қопсытқыш ретінде сұйық ашытқы, кейде 
престелген немесе олардың қоспасы қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет