261
бактериялар мен ашытқы бір мезетте көбейетін жартылай фабрикат-
тарды сұйық ашымал деп атайды (қысқартылғанда СБА).
Өндіріс циклінде дайын сұйық ашытқы немесе сұйық бидай
ашымалының бір бөлігі қамыр дайындау үшін бөлініп алынады да,
содан соң дəл сондай мөлшерде қайтадан қоректік орта қосылады.
Белгілі кезең өткен соң сұйық ашытқының немесе сұйық бидай
ашымалының дайын болу жағдайына қарай қамыр дайындау үшін
тағы бөліп алады да, керекті мөлшерде қоректік орта қосады.
Сұйық ашытқы дайындау циклінің басында қайнатпаның үлесіне
алдын ала көбейтілген термофильді сүтқышқылды бактерияның
көбейтінділері, сосын 28-30
о
С дейін салқындатылған ашыған
қайнатпаға алдын ала көбейтілген ашытқы өнімдері қосылады.
Сұйық бидай ашымалын дайындау кезінде циклдің басында
қоректік ортаның үлесіне термофильді емес сүтқышқылды бак-
териялар мен ашытқылардың алдын ала көбейтілген өнімдері бір
уақытта қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: