272
ылғалдылықта, қышқылдығы 9-13 град (ұнның сұрыбына бай-
ланысты), көтерілу күші 35 мин болатындай етіп дайындайды.
Қамырды илеу кезінде сұйық ашымалдың 25-35% (қамырдың жалпы
массасының) қосады.
Дайын ашымалдың ылғалдығы 80-85%, қышқылдығы 9-12 град,
көтерілу күші 30 мин болу керек.
Ленинградтық ашытқы микрофлора штамында
сұйық ашымал дайындау
Көп жылдық жұмыстардың нəтижесінде Ленинградтық штам-
дарды қолданып қою жəне сұйық ашымалда қара бидай нанын
дайындаудың унифицирленген технологиялық нұсқауы жасалған.
Нұсқаудың құрамына қара бидай (қарапайым жəне кебексіз ұннан)
наны жəне қара бидай-бидай (қарапайым жəне кебексіз қара бидай
жəне қарапайым жəне ІІ сұрыпты бидай ұнынан) наны үшін қамыр
дайындаудың өсіру жəне өндірістік циклінің барлық сатыларының
рецептурасы жəне технологиялық параметрлері берілген. Қамыр
дайындаудың төрт əдісі толық берілген:
1. Қайнатпасыз қою ашымалда;
2. Қайнатпасыз сұйық ашымалда;
3. Қантталған қайнатпа қосылған сұйық ашымалда;
4. Қайнатпасыз дайындалатын сұйық ашымалда, оған ашытпа
дайындалады, ашытпада қамыр дайындалады.
Қара бидай-бидай нанын дайындау үшін ашымал тек қара бидай
ұнынан дайындалады.
Қара бидай жəне қара бидай-бидай наны үшін қолданылатын
ашымалға өсіру циклінде гомо- жəне гетероферментативті СҚБ жəне
ашытқылардың таза көбейтінділері қосылады.
Барлық төрт əдісте де өсіру циклі үш сатыда ашымал дайындау-
дан тұрады, соңғы сатысында өндірістік ашымал дайындалады.
Қамыр дайындаудың өндірістік циклі 1,2 жəне 3-екі фаза (ашымал-
қамыр), ал 4-үш фазадан (ашымал-ашытпа-қамыр) тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: