281
бөліктерінің үстінде кепкен қабықтың пайда болып қалмауының ал-
дын алады.
Қамыр дайындамасының пісіруге дайын екендігін əдетте
көзмөлшермен пішініне, көлеміне жəне қамыр бөліктерінің
реологиялық қасиетіне қарай анықтайды. Қолмен ақырын қамыр
бөлігінің үстінен басып көргенде жетілдіру уақыты аз болған
жағдайда тез орнына келеді, ал жеткілікті уақыт тұрған кезде жай
орнына келеді, жетілдіру өтіп кетсе, саусақтың ізі кетпей қалады.
Жетілдіру жеткіліксіз немесе артық болса нанның сапасына кері
əсерін тигізеді.
Сонымен, соңғы жетілдіру камерасында ауа параметрлері (тем-
пература жəне салыстырмалы ылғалдылық) сапалы нан алу үшін,
жетілдіру үдерісі жақсы жүру үшін оптимал жағдайда болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: