Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Макарон өнімдерінің жіктелуі. Макарон өнімдері



Pdf көрінісі
бет187/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

5.2 Макарон өнімдерінің жіктелуі. Макарон өнімдері 
өндірісінің негізгі сатылары
Макарон өнімдерін дайындау үшін арнайы қатты бидайдан (ду-
рум) тартылған жоғары, бірінші жəне екінші сұрыпты бидай ұндары, 
шынылығы жұмсақ бидайдан алынған жоғары немесе бірінші 
сұрыпты ұн, кей жағдайларда желімшесінің саны мен сапасы 
МЕМСТ 12306 талабын қанағаттандыратын болса наубайханалық 
ұн да қолданылады.
Сонымен қатар макарон өнімдеріне əртүрлі қосымша затр 
ретінде: жұмыртқа өнімдері, сүт жəне соя өнімдері, томат өнімдері, 
сəбіздің кептірілген ұнтағы жəне т.б өнімдер қосылады.
Макарон өнімдерінің сорты қолданылған ұнның сұрыбына жəне 
қосылған қоспаның түріне сай топтарға бөлінеді: 
- қатты бидайдың (дурум) жоғары, бірінші жəне екінші сұрыбынан 
дайындалатын - А тобындағы макарон өнімдері;
- шынылығы жұмсақ бидайдан алынатын жоғары жəне бірінші 
сұрыпты ұннан дайындалатын – Б тобындағы макарон өнімдері;
- наубайханалық жоғары жəне бірінші сұрыпты бидай ұнынан 
дайындалатын - В тобындағы макарон өнімдері.
Сортымен қатар макарон өнімдері түріне қарай да жіктеледі. 
Пішіндеу тəсіліне қарай макарон өнімдері кесілген, престелген 
жəне штампталған деп бөлінеді.
Пішініне қарай түтікше, жіпшік, таспалы жəне əшекейлі деп төрт 
типке бөлінеді.
Барлық макарон өнімдерінің типі ұзын (200 мм кем емес 
ұзындықтағы макарон өнімдері) жəне қысқа (ұзындығы 150 мм көп 
емес макарон өнімдері) деп бөлінеді.
Түтікше макарон өнімдері пішіні жəне кесілуіне қарай ма-
карондар, қысқа түтік кеспе жəне құс қауырсындары болып бөлінеді 
(5.1-сурет).
Көлденең кесіндісінің өлшемі бойынша: сабан тəрізді – 4,0 мм 
жəне 4,0 мм-ге дейін; кəдімгі – 4,1 мм-ден 7,0 мм-ге дейін; əуесқой – 
7,1 мм жəне одан жоғары.
Түтікше макарон өнімдері қабырғасының қалыңдығы – 2,0 мм 
жəне 2,0 мм-ге дейін болады.
Жіпшік түріндегі макарон өнімдері вермишель типінде көлденең 
кесіндісінің өлшемі бойынша: өрмекші – 0,8 мм жəне 0,8 мм-ге 
дейін; кəдімгі – 0,9-1,5 мм; əуесқой – 1,6-3,5 мм болып бөлінеді.


308
Таспалы өнімдерге жататын лапша типіндегі макарондар ені бой-
ынша жіңіше – 7,0 мм жəне 7,0 мм-ге дейін; үлкен – 7,1-25,0 мм 
болып бөлінеді.
Əшекейлі өнімдердің престелген (тегіс жəне көлемді) жəне 
штампталған (тегіс жəне көлемді) түрлері болады.
Осы шығарылатын макарон өнімдерінің барлығы берілген стан-
дарт бойынша жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет