323
Оларды механикалық тетіктер жинап, кассетаға салады да, содан
соң қолмен немесе механикалық тəсілмен кеседі.
Кысқа кесілген макарондарды форма берілген орыннан кептіргіш
қондырғыға дейін пневмотасымалдағышты қолданып немесе өзінен
өзі сырғанап жететін қондырғылы тəсілдерді қолданып жеткізеді.
Шикі макарондар деп престен шыққан, кеппеген макарондарды
ай та ды. Олардың сапа көрсеткіштері мына талаптарға жауап беруі
керек:
- беті біркелкі тегіс, аздап күңгірттеу болып, ірі кедір-бұдыры бол-
май, ірі жарықтары, төбешіктері жоқ, қабыршақтанбаған болуы керек;
- түсі сары, сүйкімді, біркелкі, ақшыл сары немесе басқа түсті
дақтары, нүктелері болмау керек. Оларды бөліп өңдегенде сұрланып,
қоңырқай тартып немесе қараймайтын болуы керек;
- өзіне берілген пішінді жақсы ұстап, үгітілмей, мыжылмай, кес-
кенде, жаймалағанда үзілмей, түтікшелердің жігі ажырамайтын бо-
луы керек;
- кептіргенде, оның алғашқы кезеңінде жəне көбірек тұрып қалса
өте жұмсамай, кескен соң, қолмен сілкігенде жабыспай, кесекке ай-
налмайтын болуы керек;
- ұзындық өлшемдері, қалыңдығы стандартқа немесе техникалық
нормаларға сай болуы керек;
- макарондар т.б. сығымдалып істелген ілулі тұрған ұзын өнімдер
өзінің 1,5-2,0 м-ге дейінгі ұзындықта өзінің салмағын көтеріп,
айтарлықтай созылмай, үзілмей тұруы керек;
- шикі макарондардың сынығы шыны болып, онда ұн тəрізді ақ
бөліктері, көпіршіктері болмауы керек. Осы қойылған талаптарға
сай келетін макарондарды ылғалдылығы біркелкі иленген, темпера-
турасы бірқалыпты қамырдан, шнекті престе сығымдап жасағанда
ғана алуға болады. Ондай қамыр серпімді-созылғыш, пішін беру-
ге көнгіш, тығыз болып, одан ары қарай өңдегенде, кептіргенде өз
пішінін жақсы сақтайтын болады.
Достарыңызбен бөлісу: