348
салынған сорттары механикаландырылған жəне білемдер калиб-
рлеу тəсілдері бойынша шығарылады.
Карамель батондарын карамельді жаймалайтын, (домалақтайтын),
ал бұламаларды бұрама созғыш-калибрлегіш машиналарда жасайды.
Карамельді жаймалау машинасы болат науадан, оның ішінде
орнатылған, бір бағытта ширатыла айналып тұратын ұршық
тəрізді біліктер орнатылған. Олар конус түрінде орналасқан.
Машинаның ортасына салма толған түтікше орнатылған. Осы
түтікшенің астында жылыту құбырлары немесе электрлі жылыту
аспаптары орналасқан.
Температурасы 75-80
о
С-тағы 20кг-нан карамель массасы
тақтайшаларының бір бетін өсімдік майымен майлайды да, май
жағылған жағымен, толтырғыш түтікшенің астына салады да, соған
орайды. Біліктер айналғанда карамель тақтайшасы ширатылған
конусқа айналып, осы кезде салманың тиісті бөлігі ширатылған ка-
рамель бұраужіптің (батонның) ортасына келіп түседі.
Ширатылған карамель бұрама жаймалайтын машинадан созғыш-
калибрлегіш машинаға барып түседі.
Оның созатын органы ретінде үш ролик орнатылған. Оның сыр-
тында ойығы бар. Онда шығыршық шеңбердің жартысы түрінде
шығады. Оның екінші жартысы (жұбы) оған тиіп айналады. Міне,
осы екеуінің арасында бұрама пайда болады. Бірінші роликтің үстінде
тікендері бар, сол арқылы ширатылған карамель батонды бұраманы
суырып тартады, ал қалғандарының арасындағы қуысы тарлау.
Сондықтан карамель бұрама жіңішкере түседі. Басқа роликтердің
беті қырланған. Созғыш-калибрлегіш машинадан шыққан карамель
бұрама тиісті пішін беретін қалыпқа түседі.
Достарыңызбен бөлісу: