429
екі қайтара шығарып центрифугада айналдырады. Құмшекерді
кептіруге жəне салқындатуға жібереді.
Утфельдің қойыртпақтары барлық қант емес заттарды жəне пайда
болған инвертті қантты құрайды. Ерітіндінің түсі аса қоңырқайланып
кетпес үшін оны тарқатады. Ол үшін утфельдің І кристаллданған
кездегі қойыртпағының 80% алып, ІІІ кристаллданған кездегі
қанттың клеровкасымен араластырады да технологиялық схеманың
басталуы кезіндегі клеровканы дефекациялауға қайтарады, ал
қалған бөлігін утфельдің ІІ қайнатылуына жұмсайды. Утфельдің
ІІ қайнатылуын құрамындағы құрғақ заттарының мөлшері 92,5%
болғанша жүргізеді, одан кейін центрифугада айналдырып, ІІ
кристаллданған қант пен қойыртпақты алады. Қанттың ІІ кристалл-
дануын клерлейді жəне сульфиттеуге жібереді, ал қойыртпақтардан
құрамындағы құрғақ заттарының мөлшері 94% жеткенше утфельдің
ІІІ қайнатылуын жүргізеді. Утфельдің ІІІ қайнатылуын 60-72 сағ.
аралығында салқындата отырып, қосымша кристаллдандырумен
жүргізеді, кейіннен центрифугада айналдырып, ІІІ кристаллданған
қантты жəне қойыртпақты (меласса) бөліп алады. Осы ІІІ
кристаллданған қантты шайындылармен ерітеді де дефекациялауға
жібереді. Тазалық деңгейі 54%жоғары мелассаны утфельдің ІІІ
қайнатпасын жүргізу үшін қайта қайтарады, ал тазалық деңгейі 51-
54% аралығындағы мелассаны утфельдің ІІІ қайнатпасын қосымша
кристаллдандыру алдында жұмсарту (сұйылту) үшін пайдалана-
ды. Тазалық деңгейі 50% жəне одан да төмен дəрежедегі мелас-
саны сақтау орнына жібереді, кейіннен оны өзгедей өндірістерге
қолданады, мысалы қант қызылшасы мелассасын ашытқы өсіруде,
биотин қоры ретінде қоспа түрінде пайдаланады. Алынатын
қанттың құрамы 95-96% құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: